Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Электр желілерінің тозуы мен апаттылығын төмендету —  алдағы жылыту маусымында басымдыққа ие

Сәрсенбі, 12 Тамыз 2020, 13:54:02

Жаз мезгілінің аяқталуына аз уақыт қалды, онымен бірге жылыту маусымына дайындық мәселесі өзекті бола бастайды. Қазақстанда жылу желілерін жөндеу жұмыстары көктемде басталды. Отын-энергетикалық кешен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала нысандарын 2020-2021 жылдардың жылыту маусымына дайындау барысы туралы, сондай-ақ өңірлерде жылыту кезеңіне орай не істелгені және қандай жұмыстар аяқталғаны туралы материалдан оқыңыздар.

Бүгінгі таңда энергетикалық кәсіпорындар алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Энергетика министрлігінде хабарлағандай, 2020 жылы 8 энергоблок, 59 қазандық, 44 турбинаны жөндеу жоспарланған. Осы жылғы 10 тамыздағы жағдайға сәйкес 4 энергоблокта (барлық энергоблоктардың 50%-ы), 22 қазандықта (барлық қазандықтардың 37%-ы) және 13 турбинада (барлық турбиналардың 29%-ы) тиісті жұмыстар аяқталды. Жөндеудің әртүрлі кезеңдерінде 2 энергоблокта, 26 қазандықта және 20 турбинада жұмыстар атқарылып жатыр.

ҚР Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілерін 2020-2021 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындау үшін жалпы ұзындығы 25 828 км электр беру желілерін, сондай-ақ 429 бірлік жоғары вольтты қосалқы станцияларды жөндеу көзделген. Бүгінгі күні 14 500 км электр беру желілері мен 327 қосалқы станция жөнделді, бұл жылдық жоспардың 56%-ын (желілер бойынша) және 74%-ын (қосалқы станциялар бойынша) құрайды.

Жалпы алғанда, жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Энергия көздері қоймаларында отын қоры 4,5 млн тонна көмір мен 107 мың тонна мазутты құрайды, бұл жалпы нормативтерге сәйкес келеді.

Биылғы 23 маусымда өткен Үкімет отырысында энергетика министрі Нұрлан Ноғаев 2020-2021 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңді сәтті өткізу үшін бірқатар міндеттерді орындау қажеттігін атап өтті, олар:

  1. электр станцияларында, электр желілерінде барлық жөндеу жұмыстарын орындау;

  2. энергия көздері қоймаларында отынның нормативтік жинақталуын қамтамасыз ету;

  3. отын жеткізушілері алдындағы берешекті төмендету;

  4. коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың жеткізушілер алдындағы дебиторлық берешегін және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың кредиторлық берешегін төмендету жөнінде шаралар қабылдау;

  5. елді мекендердің білім беру, денсаулық сақтау, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін, әлеуметтік және мәдени объектілерін дайындау бойынша барлық іс-шараларды орындау;

  6. коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың берешектерін азайту бойынша шаралар қабылдау;

  7. Әділет, Энергетика, Ұлттық экономика министрліктері мен «Атамекен» ҰКП-ға мүдделі тараптармен бірлесіп, энергия кәсіпорындары жылу беру кезеңіне дайындық паспортын алмаған жағдайда салынатын айыппұл мөлшерін ұлғайту мәселесін пысықтауы тиіс.

Өз кезегінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әкімдіктерге барлық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала объектілерін және тұрғын үйлерді алдағы жылыту маусымына дайындау үшін Жұмыс жоспарын жіберді. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және өңірлер бөлінісінде ай сайынғы халық үшін көмір өнімінің қажеттілік жоспары қалыптастырылды.

Жалпы, ҚР ИИДМ алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқанын және көмір тапшылығы күтілмейтінін атап өтті.

Сұраныс артатын кезеңде (қыркүйек-қараша) дүрлікпеге жол бермеу мақсатында әкімдіктермен бірлесіп, халық үшін көмірді алдын ала сатып алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Биыл оқу жылы басталғанға дейін шамамен 10 мың білім беру нысанын дайындау жоспарланған. Денсаулық сақтау нысандары мен тұрғын үйлерді жылу беру маусымына дайындауға ерекше назар аударылады. 6 мың денсаулық сақтау нысаны мен 47 мың тұрғын үйді дайындау жоспарланған. Халықты жылумен және сумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін 10 мыңнан астам бірлік автономды қазандықтарды, шамамен 5 мың км жылумен жабдықтау желілерін және 13 мың сумен жабдықтау желілерін дайындау қажет.

Сондай-ақ автономды қазандықтарды көмірмен және мазутпен қамтамасыз ету қажет. «ҚТЖ» ҰК» АҚ көмір разрезінен өңірлердің темір жол тұйықтарына дейін вагондарды уақытылы жеткізуді және көмірді тасымалдауды қамтамасыз етеді. Көмір дайындау бойынша мониторинг ҚР ИИДМ тұрақты бақылауына алынған.

 

Солтүстік өңірлер

Павлодар қаласының әкімдігі биылғы жылға «Сарыарқа» қосалқы станциясының құрылысына қаражат бөлді. Жыл соңына дейін бұл жоба аяқталып, пайдалануға беріледі.

Жылыту кезеңіне дайындық мақсатында «Павлодар электржелілік тарату компаниясы» АҚ электржелілік компаниясы 2020 жылға жалпы ұзындығы 2188,6 км электр беру желілерін, сондай-ақ 49 бірлік жоғары вольтты қосалқы станцияны күрделі жөндеуді жоспарлаған. Биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 1 329 км электр беру желісі мен 40 қосалқы станция жөнделді, бұл жылдық жоспардың 61%-ын (желілер бойынша) және 81%-ын (қосалқы станциялар бойынша) құрайды.

Сонымен қатар мына жұмыстар орындалады:

  • «Ермаковская» 110/10 кВ ҚС реконструкциялау. Жоспарланған жұмыстар: пайдалануға берумен II кезекті монтаждау. Жұмыстар кестеге сәйкес 2020 жылдың II жартыжылдығынан басталды. 01.08.2020 ж. жағдай бойынша орындалған көлемдер 7%-ды құрайды. Реконструкциялау кезеңі — 2020 жылғы шілде-қараша;

  • «Қалқаман» 220/35/10 кВ ҚС реконструкциялау. Жоспарланған жұмыстар: МВ-35 кВ ЭВ-35 кВ ауыстыру (3 ұяшық). Жұмыстар кестеге сәйкес 2020 жылдың II жартыжылдығынан басталды. 01.08.2020 ж. жағдай бойынша орындалған көлемдер 21%-ды құрайды. Реконструкциялау кезеңі — 2020 жылғы шілде-қараша;

  • Павлодар қ. КЛ-10 кВ құрылысы, жұмыс басталды, Ворушин көшесі ауданында «Южная городская» ҚС-дан облтубдиспансерге дейін құрылыс жұмыстары жүргізілді. Кабель желілерінің ұзындығы — 17,83 км, орындалғаны — 1,76 км. Құрылыс кезеңі — 2020 жылғы шілде-қазан;

  • Павлодар қ. ВЛ 10кВ реконструкциялау, жалаң сымды өзін көтеруші оқшауланған сымға (ӨОС) ауыстыру, атап айтқанда Архангельская, Щедрин көшелері ауданындағы Шығыс-қалалық Ф-10,37 ҚС 110/10 кВ қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. ВЛ ұзындығы 6,92 км құрайды, 5,17 км орындалды. Реконструкциялау кезеңі — 2020 жылғы шілде-қазан;

  • жалаң сымды өзін көтеруші оқшауланған сымға ауыстыра отырып, ВЛ — 0,4 кВ реконструкциялау. Қайта жаңарту жұмыстары Павлодар облысы шегінде орындалуда. Шарбақты ауданында — 2,71 км, Ақтоғай ауданында — 3,44 км, Май ауданында — 1,62 км орындалды. ВЛ ұзындығы 68,06 км құрайды, 7,77 км орындалды. Реконструкциялау кезеңі — 2020 жылғы шілде-қазан айлары;

  • Павлодар қ. ТП-282 реконструкциялау, Торайғыров көшесі мен Н. Назарбаев көшесінің қиылысындағы «ПТС» ЖШС-нің №2/3 жылу сорғысы құрылысы аясында қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы жұмыс көлемінің 80%-ы орындалды. Реконструкциялау кезеңі — 2020 жылғы маусым-тамыз.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі осы жылға 3 электр беру желісі мен 2 жоғары вольтты қосалқы станция құрылысына қаражат бөлді.

2020 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Семей қаласындағы әрекет етіп тұрған 1-ЖЭО жаңғырту жұмыстары аяқталды. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Новая» ҚС-110/10 кВ құрылысы» жобасы аяқталып, 2500 абонентті (шамамен 6,3 мың адам) қамтуға мүмкіндік берген 1 электр беру желісі пайдалануға берілді.

Жыл соңына дейін 6 жоба аяқталып, пайдалануға беріледі, соның нәтижесінде тағы 5 416 абонент (13 мың адам) электр энергиясымен қамтамасыз етіледі. Қалған жобалар 2021 жылы аяқталады.

Бұдан өзге Өскемен қаласының аумағына жаңа шағын аудандардың қосылуына байланысты бірқатар шағын аудандарда кернеуі 10/0, 4 кВ электр беру желілерін салу жоспарланған. Құрылыс аяқталғаннан кейін жоғарыда аталған шағын аудандардың 16 546 абоненті электр энергиясымен қамтамасыз етіледі.

«Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикалық компаниясы» АҚ электржелілік компаниясы күзгі-қысқы кезеңге дайындық мақсатында 2020 жылға жалпы ұзындығы 1429,06 км электр беру желілерін, сондай-ақ 255 бірлік жоғары вольтты қосалқы станцияны күрделі жөндеуді жоспарлады. 2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 929,52 км электр беру желілері мен 176,6 қосалқы станция жөнделді, бұл жылдық жоспардың 65,04%-ын (желілер бойынша) және 69,25%-ын (қосалқы станциялар бойынша) құрайды.

Сондай-ақ жалпы ұзындығы 106 км электр беру желілерін реконструкциялау және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 37,6 км электр беру желілері орындалды, бұл 41,11%-ды құрайды.

Қостанай облысында биылғы жылға 5 электр беру желісі мен 1 қосалқы станция құрылысы бойынша электрмен жабдықтаудың 2 жобасын іске асыруға қаражат бөлінді.

Жыл соңына дейін 2 жоба аяқталып, пайдалануға беріледі, соның нәтижесінде 9,6 мың адам электр энергиясымен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар Қостанай қаласы халқының өсуіне, Қостанай қаласының аумағына жаңа Қонай шағын ауданының қосылуына байланысты кернеуі 35/10/0,4 кВ болатын электр беру желілерін және 35/10 кВ бір қосалқы станцияны салу жоспарланған. Құрылыс аяқталғаннан кейін жоғарыда аталған шағын аудандардың 9 600 абоненті электр энергиясымен қамтамасыз етіледі.

«Межрегионэнерготранзит» ЖШС, «ЭПК-forfait» ЖШС, «ЭПК-Atica» ЖШС, «Костанайюжэлектросервис» КМК, «КҮН ЭЛЕКТРОСЕТЬ» ЖШС, «Лисаковскгоркоммунэнерго» ПХО МКК, электр желілік компаниялары мен «ССТКӨБ» АҚ, «Рудныйсоколовстрой» АҚ желілер мен қосалқы станциялар цехы күзгі-қысқы кезеңге дайындықты қызу жүргізіп жатыр. 2020 жылы жалпы ұзындығы 996,648 км электр беру желілерін, сондай-ақ 484 бірлік жоғары вольтты қосалқы станцияларды күрделі жөндеу жоспарланған.

Биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 577,73 км электр беру желілері мен 297 қосалқы станция жөнделді, бұл жылдық жоспардың 58%-ын (желілер бойынша) және 61%-ын (қосалқы станциялар бойынша) құрайды.

Қарағанды облысында күзгі-қысқы кезеңге дайындық мақсатында «Қарағанды Жарық» ЖШС электржелілік компаниясы биыл жалпы ұзындығы 924,11 км электр беру желілерін, сондай-ақ 22 бірлік жоғары вольтты қосалқы станцияларды күрделі жөндеуді жоспарлап отыр.

Осы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 535,86 км электр беру желілері мен 15 қосалқы станция жөнделді, бұл 58% (желілер бойынша) және 68% (жылдық жоспардан кіші станциялар бойынша) құрайды.

Қазіргі уақытта «Саран» 220/110/35/10кВ ҚС 220кВ АТҚ, «Қарағанды-Жаңа қала» 110 кВ ӘЖ, 0,4-6-10 кВ электр желілерін қайта жаңарту және 29 дана ҚС-35-220 кВ жаңғырту, ұзындығы 243,9 км ӘЖ-35-110-220 кВ күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ақмола облысында биыл Целиноград және Бурабай аудандарында төрт электр беру желісінің құрылысына қаражат бөлінді. Жыл соңына дейін төрт жоба аяқталып, пайдалануға беріледі, соның нәтижесінде тағы 1 402 абонент (шамамен 4,7 мың адам) тұрақты және сапалы электрмен қамтамасыз етіледі.

«Ақмола РЭК» ЖШС электржелілік компаниясы 2020 жылға күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысында жалпы ұзындығы 2 615,7 км электр беру желілерін, сондай-ақ 636 бірлік жоғары вольтты қосалқы станцияны күрделі жөндеуді жоспарлады. Биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 1 392,88 км электр беру желілері мен 297 қосалқы станция жөнделді, бұл жылдық жоспардың 53,3%-ын (желілер бойынша) және 46,7%-ын (қосалқы станциялар бойынша) құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысында алдағы жылыту маусымына дайындық аясында «Солтүстік Қазақстан электржелілік тарату компаниясы» АҚ электржелілік компаниясы 2020 жылға ұзындығы 1 158,608 км электр беру желілерін, сондай-ақ 103 қосалқы станцияны күрделі жөндеуді жоспарлады.

2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 351,292 км жөндеу жұмыстары орындалды, бұл жылдық жоспардың 32,6%-ын, және 48 қосалқы станцияны құрайды, бұл жылдық жоспардың 35,5%-ын құрайды.

Нұр-Сұлтан қаласында «Астана-РЭК» АҚ жылыту маусымына дайындықты жалғастыруда. Жөндеу бағдарламасымен 220/110/10/0,4 кВ жоғары вольтты тарату және трансформаторлық қосалқы станцияларды, әуе желілерін күрделі жөндеу және техникалық қызмет көрсету қамтылған.

2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша электр жабдықтарын күрделі жөндеу 67%-ға орындалды. Электр жабдықтарына техникалық қызмет көрсету 66%-ға орындалды, оның ішінде 220/110 кВ әуе желілері бойынша жұмыстар толығымен аяқталды. Қосалқы станциялардың және кәсіпорынның басқа ғимараттарының құрылыс бөлігінде ағымдағы жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Бүгінгі таңда жөндеу бағдарламасы 60%-ға орындалды.

Жоғарыда көрсетілген барлық жұмыстар электр желілерінің апаттылығын және тозуын азайтуға, сондай-ақ тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

 

Батыс өңірлер

Еліміздің батыс аймақтарында күзгі-қысқы кезеңге дайындық белсенді түрде жүргізілуде. Мәселен, электржелілік компаниялар күрделі жөндеулер, электр беру желілерін, жоғары вольтты қосалқы станцияларды реконструкциялау және жаңғырту жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ кейбір облыстарда электр беру желілерін салуға республикалық бюджеттен қаражат бөлінді.

Күзгі-қысқы кезеңге дайындық мақсатында «Атырау Жарық» АҚ электржелілік компаниясы 2020 жылға жалпы ұзындығы 781,191 км электр беру желілерін, сондай-ақ 106 бірлік жоғары вольтты қосалқы станцияларды күрделі жөндеу жұмыстарын жоспарлаған болатын. Биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 467,251 км электр беру желілері мен 80 қосалқы станция жөнделді, бұл 60% (желілер бойынша) және 77% (жылдық жоспардан кіші станциялар бойынша) құрайды. Бұдан өзге Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы №69 «Ганюшкино» 110/35/10кВ ПС және Атырау қаласындағы №20 «Автоколонна» 35/6кВ ПС, сондай-ақ ұзындығы 2,5 км №13 ПС 1АЦ 35 кВ ӘЖ және №1 ПС реконструкциялау және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Мұнда техникалық жаңғырту барысында қуаты 4,73 МВА-дан 7,17 МВА-ға дейін немесе 52%-ға және желінің өткізу қабілеті 30%-ға ұлғайтылатын болады.

Жылыту маусымына дайындық шеңберінде Батыс Қазақстан облысында «Батыс Қазақстан РЭК» АҚ электржелілік компаниясы биылғы жылға жалпы ұзындығы 2 510,56 км электр беру желілерін, сондай-ақ 18 бірлік жоғары вольтты қосалқы станцияларды күрделі жөндеуді жоспарлап отыр.

Биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 880,08 км электр беру желілері мен 14 қосалқы станция жөнделді, бұл ПС бойынша 35%-ды (желілер бойынша) және 83%-ды құрайды.

Ақтөбе облысының әкімдігі биыл 6 электр беру желісінің құрылысына қаражат бөлді. Жыл соңына дейін 5 жоба аяқталып, пайдалануға беріледі, соның нәтижесінде тағы 4 312 абонент (шамамен 17,2 мың адам) электр энергиясымен қамтамасыз етіледі. Қалған жобалар 2021 жылы аяқталады.

Бұдан өзге Ақтөбе қаласы халқының өсуіне, Ақтөбе қаласының аумағына жаңа шағын аудандардың қосылуына байланысты бірқатар шағын аудандарда кернеуі 10/0,4 кВ электр беру желілерін салу жоспарланған (желінің жалпы ұзындығы 50,7 км құрайды,13 бірлік КТПН-10/0,4 кВ орнатылады). Құрылыс аяқталғаннан кейін жоғарыда аталған шағын аудандардың 2 277 абоненті электр энергиясымен қамтамасыз етіледі.

Күзгі-қысқы кезеңге дайындық мақсатында «Энергосистема» ЖШС электржелілік компаниясы осы жылы жалпы ұзындығы 681,93 км электр беру желілерін, сондай-ақ кернеуі әртүрлі санатты қосалқы станциялардың 19 бірлігін, күштік трансформаторлардың 111 бірлігін, сондай-ақ КТП және ТП 6-10/0,4 кВ — 70 бірлігін күрделі жөндеу жұмыстарын жоспарлауда.

Осы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 493,16 км электр беру желілері мен 22 қосалқы станция жөнделді, бұл жылдық жоспардың 72%-ын (желілер бойынша) және 116%-ын (қосалқы станциялар бойынша) құрайды.

Сондай-ақ 110кВ ӘЖ — 63,6 км, 35 кВ ӘЖ — 54,54 км, 0,4 кВ ӘЖ — 3,048 км, 10 кВ ӘЖ — 1,132 км, ПС — 5 дана, 2 дана РП және 4 дана КТПН реконструкциялау және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Маңғыстау облысында Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Ақтау қаласының жаңа және төменгі шағын аудандарын электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша жеті жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен қаражат бөлінді.

Оның ішінде 2020 жылы 6 жобаны пайдалануға беру, 1 жобаны (электрмен жабдықтау ХАБ-ы мен қосалқы станция құрылысы) 2022 жылы тапсыру жоспарлануда.

Сонымен қатар 2020 жылы республикалық бюджеттен Мұнайлы ауданы Батыр ауылының, Қарақия ауданы Құрық ауылының және Ақтау қаласы Шығыс-3 шағын ауданының жаңа жер учаскелерін электрмен жабдықтау желілерін салуға қаражат қарастырылған, оларды осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

«Маңғыстау өңірлік электржелілік компаниясы» ЖШС электржелілік компаниясы 2020 жылға күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында жалпы ұзындығы 545,196 км электр беру желілерін, сондай-ақ 14 бірлік жоғары вольтты қосалқы станцияларды күрделі жөндеуді жоспарлады.

Биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 406,8 км электр беру желілері мен 10 қосалқы станция жөнделді, бұл жылдық жоспардың 73%-ын (желілер бойынша) және 75%-ын (қосалқы станциялар бойынша) құрайды.

 

Оңтүстік өңірлер

Бірқатар оңтүстік өңірлерде әкімдіктер электр беру желілерін салуға, сондай-ақ қайта жаңартуға қаражат бөлді.

Бұдан өзге күзгі-қысқы кезеңге дайындық мақсатында электржелілік компаниялары күрделі жөндеу жұмыстарын, электр беру желілерін, жоғары вольтті қосалқы станцияларды қайта жаңарту және жаңғырту жұмыстарын жүргізуде.

Мәселен, Шымкент қаласының әкімдігі биылғы жылы 14 электр беру желісінің құрылысына қаражат бөлді. Осы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша 1 377 абонентті (шамамен 3,4 мың адам) қамтуға мүмкіндік берген 1 электр беру желісі аяқталып, пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 9 жоба аяқталып, пайдалануға беріледі, соның нәтижесінде тағы 3 874 абонент (17,6 мың адам) электр энергиясымен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар бүгінгі күні кернеуі 110 кВ Л-101, ұзындығы 8 км әуе электр беру желілерін реконструкциялау жұмыстары аяқталды, қалған жобалар 2021 жылы аяқталады.

Бұған қоса Шымкент қаласы халқының өсуіне, Шымкент қаласының аумағына жаңа шағын аудандардың қосылуына байланысты бірқатар шағын аудандарда кернеуі 10/0, 4 кВ электр беру желілерін салу жоспарланған. Құрылыс аяқталғаннан кейін жоғарыда аталған шағын аудандардың 3 187 абоненті электр энергиясымен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар күзгі-қысқы кезеңге дайындық мақсатында Шымкент қаласы бойынша «Оңтүстік Жарық транзит» ЖШС өңірлік электр желілік компаниясы 2020 жылға жалпы ұзындығы 69,133 км (ӘЖ — 110 кВ, 35 кВ, 6-10 кВ, 0,4 кВ) электр беру желілерін, сондай-ақ 6 бірлік жоғары вольтты қосалқы станцияларды және 69 жиынтық трансформаторлық пункттерді күрделі жөндеуді жоспарлады. Биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 43 686 км электр беру желілеріне жөндеу жүргізілді, бұл 63%-ды құрайды (электр беру желілері бойынша), ал қосалқы станциялар бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан өзге кернеуі 110 кВ Л-101 8 км электр беру желілерін реконструкциялау және жаңғырту жұмыстары аяқталды, сондай-ақ СИП — 62,133 км, ӘЖ — 0,4 кВ — 2,05 км, кабель желілері — 6-10 кВ — 2,65 км және 0,4 кВ — 1,612 км кабель желілерін қолдана отырып, ұзындығы 3, 085 км, ӘЖ-0,4 кВ 6-10 км ӘЖ — 6-10 кВ әуе электр беру желілерін реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан облысының әкімдігі 26 электрмен жабдықтау нысанының құрылысына қаражат бөлді. Осы жылдың 6 айында 5 электрмен жабдықтау нысаны аяқталып, пайдалануға берілді, бұл 2 814 абонентті (шамамен 11,8 мың адам) электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Жыл соңына дейін 11 жоба аяқталып, пайдалануға беріледі, соның нәтижесінде тағы 2 358 абонент (11,6 мың адам) электр энергиясымен қамтамасыз етіледі. Қалған жобалар 2021 жылы аяқталады.

Сондай-ақ Келес ауданында «Қызыләскер» қосалқы станциясының құрылысы жүргізілуде, ол облыстағы маңызды құрылыс нысандарының бірі. Құрылысты 2020 жылы аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған. Құрылыс аяқталғаннан кейін Мақтаарал, Сарыағаш, Келес және Жетісу аудандарының 717 тұрғыны сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етіледі.

Күзгі-қысқы кезеңге дайындық мақсатында Түркістан облысы бойынша «Оңтүстік Жарық транзит» ЖШС электр желілік компаниясы 2020 жылға жалпы ұзындығы 2 508,57 км электр берудің әуе желілерін, жалпы ұзындығы 2,01 км электр берудің кабельдік желілерін, сондай-ақ 67 бірлік жоғары вольтты қосалқы станцияларды және 1 129 КТП күрделі жөндеу жұмыстарын жоспарлады. Осы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жылдық жоспардың 69%-ы (желілер бойынша) және 62%-ы (қосалқы станциялар бойынша) орындалды.

Бұдан өзге жалпы ұзындығы 444,614 км электр берудің әуе желілерін реконструкциялау және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

2020 жылы Қызылорда облысының облыстық бюджетінен «Сабалақ» саяжай алабы бойынша электр беру желілерін салуға қаражат бөлінді, онда ССП электр сымдарына ӘЖ — 10 кВ — 3,8 км және ӘЖ-0,4 кВ — 17,69 км тіректері және КТПН 250-10/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станциялары — 6 дана орнатылады, бұл 26 заңды, 1 780 жеке тұтынушыларды (6000-ға жуық адам) сапалы әрі сенімді электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар күзгі-қысқы кезеңге дайындық мақсатында «Қызылорда электржелілік тарату компаниясы» АҚ электржелілік компаниясы 2020 жылға жалпы ұзындығы 952 км электр беру желілерін, сондай-ақ 78 қосалқы станцияны күрделі жөндеуді жоспарлады. Биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 774 км электр беру желілері мен 69 бірлік қосалқы станцияларға жөндеу жұмыстары жүргізілді, бұл жылдық жоспардың 86%-ын (желілер бойынша) және 86%-ын (қосалқы станциялар бойынша) құрайды. Сонымен қатар Еуропа қайта құру және даму банкімен кредиттік шарт аясында Жалағаш ауданының Аққыр, Жаңадария, Мәдениет, Аққұм, Жаңаталап, Бұқарбай батыр елді мекендерінде 10/0,4 кВ электр желілерін реконструкциялау және жаңғырту жоспарланған.

Қазіргі таңда Аққыр және Жаңадария елді мекендерінде жұмыстар аяқталды, Мәдениет және Аққұм елді мекендерінде жұмыстар орындалуда, Жаңаталап елді мекеніне материалдар сатып алынуда.

Күзгі-қысқы кезеңге дайындық мақсатында «Жамбыл электр желілері» ЖШС электржелілік компаниясы 2020 жылға жалпы ұзындығы 1 798,94 км барлық кернеу деңгейіндегі электр беру желілерін және жиынтық қуаты 238,091 мВА болатын 341 трансформаторлық қосалқы станциялардың жабдықтарын күрделі жөндеуді жоспарлады.

Осы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша ЭБЖ 110-0,4 кВ 951,4 км немесе жоспардың 53% және 194 трансформаторлық қосалқы станцияларға немесе жоспардың 57% күрделі жөндеу жүргізілді.

Сондай-ақ «Жамбыл электр желілері» ЖШС инвестициялық бағдарламасына сәйкес 2020 жылы 812 119 мың теңгені игеру көзделген.

«ЖЭС» ЖШС жыл сайын инвестициялық бағдарламаға тұрмыстық деңгейдегі Электр энергиясын бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізеді. Биыл аталған бағдарламаны аудан орталықтарында, атап айтқанда Қаратау қаласында енгізуге кірісу туралы шешім қабылданды. 4 мың абонентке көпфункционалды есептегіштерді орнату жоспарлануда, сондай-ақ жоғарыда аталған жұмыстар Тараз қаласында да жүргізілетін болады (есептегіштерді 5 142 абонентке орнату жоспарланған).

Осындай есепке алу жүйелерін енгізу қазіргі заманғы деңгейде энергия үнемдеудің өзекті мәселелерін іс жүзінде шешуге мүмкіндік береді.

Жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ энергия беруші ұйымы да жүргізуде. Мәселен, 2020 жылға жалпы ұзындығы 320,441 км электр беру желісін, 8 қосалқы станцияны, 6-10/0,4 кВ 110 трансформаторды, 99 РП және ТП күрделі жөндеу жоспарланған.

Осы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша мынадай жөндеу жұмыстары орындалды: ӘЖ және КЖ-0,4 кВ және одан жоғары жалпы ұзындығы 320,441 км-ден 108,742 км, бұл жылдық көлемнің 34%-ын құрайды.

2020 жылғы жөндеу жұмыстары бекітілген Жылдық жөндеу кестесіне сәйкес орындалады. Бұдан өзге жалпы ұзындығы 430, 166 км электр беру желісін, 55 қосалқы станцияны, 35 кВ 128 трансформаторды, 526 РП және 6-10/0,4 кВ ТП реконструкциялау және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

2020 жылы жалпы ұзындығы 1095,52 км электр беру желілерін, сондай-ақ 184 бірлік жоғары вольтты қосалқы станция мен «Талдықорған акционерлік көлік электр желісі компаниясы» АҚ (Алматы облысы) күрделі жөндеу жоспарланған.

Осы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 643,6 км электр беру желілері мен 115 қосалқы станция жөнделді, бұл жылдық жоспардың 69,6%-ын (желілер бойынша) және 68,3%-ын (қосалқы станциялар бойынша) құрайды.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 12:26
Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толықтыру жұмысы жүргізілуде — ҚР АШМ
15 Қыркүйек 2020, 10:27
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жыл соңына дейін 6%-дан аспайды — ҚР СИМ
15 Қыркүйек 2020, 10:07
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының тұрақтылығына қатаң бақылау орнатуды тапсырды
15 Қыркүйек 2020, 09:44
Биыл Қазақстанда Индустрияландыру картасы аясында құны 1 трлн теңге болатын 206 жоба іске қосылады
15 Қыркүйек 2020, 09:29
2020 жылдың 8 айында Индустрияландыру картасы бойынша 4,3 мың жаңа жұмыс орны құрылды — ҚР ИИДМ
14 Қыркүйек 2020, 19:23
Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев бірқатар кадрлық тағайындау жасады
14 Қыркүйек 2020, 18:42
Ведомствоаралық комиссия бизнес нысандарының жұмысын жеңілдету бойынша шешімдер қабылдады
14 Қыркүйек 2020, 11:55
Қазақстанда Индустрия 4.0 енгізу немесе «ақылды» зауыттар карантин мен әлемдік пандемия кезеңінде өз жұмыстарын қалай атқарды
14 Қыркүйек 2020, 11:12
15 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
14 Қыркүйек 2020, 10:51
ЕЭК Кеңесінің отырысында еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары қаралды
13 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №77
11 Қыркүйек 2020, 16:18
Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
11 Қыркүйек 2020, 13:07
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді таныстырды
10 Қыркүйек 2020, 23:02
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды
10 Қыркүйек 2020, 19:20
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды
10 Қыркүйек 2020, 18:59
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді
10 Қыркүйек 2020, 17:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 Қаулысы
10 Қыркүйек 2020, 17:06
Қашықтан білім беру, мектептердегі эпидемиологиялық ахуал, ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету — Қазақстанда оқу үдерісі қалай ұйымдастырылған
10 Қыркүйек 2020, 13:12
Қазақстанда электронды өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3 жылда 8,5 есе өседі
09 Қыркүйек 2020, 20:31
Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 17:36
Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 17:23
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 16:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі №560 Қаулысы
09 Қыркүйек 2020, 15:06
Роман Скляр жұмыс сапарымен Атырау облысына барды
09 Қыркүйек 2020, 12:50
ҚР Үкіметінің отырысы, 09.09.2020
09 Қыркүйек 2020, 11:59
Денсаулық сақтау министрлігі КВИ туралы: Қазақстанда емдеу мекемелерінде төсек-орындардың бос болмауы 6 есе төмендеді
09 Қыркүйек 2020, 11:31
2020 жылдың 8 айында азық-түлік өнімдері өндірісі 3,6%-ға артты — ҚР АШМ
09 Қыркүйек 2020, 11:21
Қазақстанның ішкі нарығы өзімізде өндірілген мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етілген — Н. Ноғаев
09 Қыркүйек 2020, 11:19
Қазақстанда контейнерлерді жалпы транзиттік тасымалдау көлемі 37%-ға артты — ИИДМ
09 Қыркүйек 2020, 11:02
Қабылданған шаралар еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандырды – ҚР Премьер-Министрі А. Мамин 
09 Қыркүйек 2020, 10:54
Биыл 8 айдың қорытындысы бойынша ҚР экономикасының негізгі салаларында оң динамика сақталып отыр  
09 Қыркүйек 2020, 10:53
Үкімет Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарды қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 10:25
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 604 қарыз берілді — Ұлттық банк
09 Қыркүйек 2020, 10:20
2020 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 5,5 трлн теңге кіріс түсті — Қаржы министрлігі
09 Қыркүйек 2020, 10:13
Құрылыс, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібіндегі өсім — Р. Дәленов 2020 жылдың 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері туралы баяндады
09 Қыркүйек 2020, 10:06
Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы 10 негізгі бағытты қамтиды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.