Инфрақұрылымды дамыту, цифрлық технологияларды енгізу және ШОБ-ты қолдау — Шымкент қаласының 2020 жылғы дамуына шолу

Шымкент — Қазақстанның республикалық маңызы бар үш қаласының бірі. Қазақстанның оңтүстігіндегі бұл қала — ірі өнеркәсіптік, сауда және мәдени орталық. Коронавирус пандемиясымен байланысты жалпы әлемдегі және Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды назарға ала отырып, Шымкентте 2020 жыл оң даму серпінімен өткенін атап өтуге болады.

Өткен жылдың алғашқы 9 айында Шымкенттің жалпы өңірлік өнім көлемі 1,5 трлн теңгені немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,8%-ды құрады. Жедел деректер бойынша тартылған инвестициялар көлемінің 40,9%-ға, құрылыстың 43,1%-ға өсуі байқалады, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 23,9%-ға ұлғайды, ауыл шаруашылығы көлемі 4,4%-ға артты.

 

Экономикалық белсенділікті қалпына келтіру шаралары

2020 жылы өңірде кәсіпкерлікті дамытуға 3,2 млрд теңге, ауыл шаруашылығын субсидиялауға 2,8 млрд теңге бөлінді.

Индустриялық даму бағдарламасы аясында өндірісті кеңейту және өнімді ұлғайту мақсатында 2020 жылы 37,7 млрд теңге сомасына 22 жоба іске қосылды, 1 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.

Сондай-ақ көрсетілген кезеңде тұрғын үй құрылысы екпінді қарқынмен жүргізілді. Осылайша, жыл қорытындысы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 23,9%-ға артып, 649 мың м2 құрады.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қалаға 278 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 40,9%-ға артық. Құрылыс жұмыстарының көлемі 43,1%-ға, ауыл шаруашылығында 4,4%-ға, бөлшек саудада 1,8%-ға ұлғайды.

Сонымен қатар санитарлық талаптарды сақтай отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі шаралар шеңберінде қалада жергілікті тауар өндірушілер мен шаруа қожалықтарының қатысуымен апта сайын азық-түлік жәрмеңкелері өткізілді. Мұндай жәрмеңкелерде тұтыну тауарлары нарықтық бағадан 10-15%-ға төмен бағамен сатылады.

Пандемия кезінде экономикалық өсімді қалпына келтіру үшін Шымкентте ҚР Үкіметінің кешенді жоспарына сәйкес дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары бекітілді.

Жоспарда 5 бағыт бойынша 29 іс-шара өткізу қарастырылған. Сондай-ақ онда бюджет шығыстарын оңтайландыру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, бағаның өсуіне жол бермеу жөніндегі шаралар көзделген.

Аймақтағы кәсіпкерліктің белсенділігін ынталандыру және қолдау үшін мемлекет қолдау шараларын едәуір күшейтті. Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржыландыру көлемі 2019 жылғы 2,4 млрд теңгеден 2020 жылы 3,2 млрд теңгеге дейін немесе 1,3 есе өсті.

Бұдан өзге, Мемлекет басшысының «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Жарлығына сәйкес бизнесті қолдау үшін салықтық ынталандырудың қосымша шаралары қабылданды. Бұл шаралар саудадан туристік бизнеске дейінгі экономиканың түрлі салаларын қамтиды. Атап айтқанда, ірі сауда объектілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар мен көрмелер, спорт объектілері, қоғамдық тамақтану объектілері, қонақ үйлер және туристік қызметтің басқа да объектілері. Сонымен қатар ҚР Үкіметінің Қаулысымен жалпы белгіленген режимде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің мүлік салығын, жеке табыс салығын, сондай-ақ экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторлары бойынша еңбекақы төлеу қорынан салықтарды төлеуден босату регламенттелген.

Осы босатумен байланысты шығыстардың нақты тәуекелдерін анықтау мақсатында жүргізілген талдау 2020 жылы қала бюджетінің тапшылығы 5,4 млрд теңгені құрағанын анықтады. Аталған шығындар ҚР Бюджеттік кодексіне сәйкес қалалық бюджеттен өтелді.

 

Бағаны тұрақтандыру шаралары

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру шаралары шеңберінде мынадай жұмыстар жүргізілді::

● сауда объектілеріне айналымға қарыз қаражаты берілді;

● тауар интервенциялары өткізілді;

● жылжымалы әлеуметтік сауда орындары ашылды;

● жергілікті тауар өндірушілерге жер телімдері бөлінді;

● шаруа қожалықтары мен жергілікті тауар өндірушілердің қатысуымен азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылды.

Қарыз қаражаты «Грамад» гипермаркеті — қарыз сомасы 800 млн тг, «Фиркан» сауда желісіне — 300 млн теңге, жылжымалы сауда орындарымен Hermes ЖШС — 15 млн теңге – сияқты ірі сауда объектілеріне берілді. Олардың барлығымен арнайы келісімшарттар жасалды, олардың негізінде қала тұрғындары 17 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын белгіленген бағамен сатып ала алды.

Бірінші сұрыпты ұннан жасалған нанның бағасын тұрақты ұстап тұру үшін TURAR ЖШС ұн өндірушісіне 505 млн теңге сомасында қарыз қаражаты бөлінді.

2020 жылы тауар интервенциясын жүргізуге тұрақтандыру қорынан 1,3 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа тауар өндірушілерден тікелей бірінші сұрыпты ұн, құмшекер, қарақұмық жармасы, күріш, макарон және күнбағыс майы сатып алынды. Осы тауарлардың барлығы Shymkent ӘКК» АҚ арқылы сауда нысандарына сатылды. Тауарларды сатудан түскен қаражат сауда объектілерінің айналым қаражатын толықтыруға толық жұмсалады.

Сонымен қатар қалада жылжымалы әлеуметтік сауда нүктелері жұмыс істейді.

Жалпы, азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн. 

 

Халықты әлеуметтік қолдау, «Birgemiz» және азаматтық бірлік

2020 жылдың басынан бері 24 126 ардагерге және аз қамтылған азаматтарға 1 422,9 млн теңге көлемінде ай сайынғы және біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.

32 929 отбасыға (161 975 адам) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 17,8 млрд теңге төленді.

Сонымен қатар аз қамтылған отбасылардан шыққан 28 778 бала кепілдендірілген әлеуметтік пакеттерге ие болды.

Сондай-ақ ТЖ кезінде табысынан айырылған азаматтар 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем алды. Бірінші кезеңде (2020 жылғы наурыз-мамыр) 285 551 азамат 19,9 млрд теңге алды (285,5 мың адам 1 айға, 183 мың адам 2 айға төлем алды). Екінші кезеңде (2020 жылғы шілде-тамыз) 143 519 азамат жалпы сомасы 6,1 млрд теңгеге әлеуметтік төлем алды.

Халықтың жекелеген санаттарына азық-түлік және тұрмыстық жинақ үшін екі айлық есептік көрсеткіш (5 556 теңге) мөлшерінде ақшалай көмек көрсетілді:

-төтенше жағдай кезінде (наурыз-мамыр) Шымкенттің 74 мыңнан астам тұрғыны 996 млн теңге көлемінде төлем алды;

- карантин кезеңінде (шілде-тамыз) 89 мыңнан астам азамат 958,3 млн теңге көлемінде төлем алды.

Сондай-ақ, «Birgemiz» қайырымдылық қоры осы күрделі кезеңде 2,1 млрд теңге — 41 630 адамға 50 мың теңгеден бөлді. Сонымен қатар қордан 20 мың отбасыға 1 миллион бір рет қолданылатын маска берілді.

Демеушілік қолдаудың арқасында Наурыз мерекесі қарсаңында 1800 отбасы азық-түлік жиынтықтарын алды, тағы 1600 отбасы Астана күніне орай осындай қолдауға ие болды.

 

Өнеркәсіп саласын дамыту

Өткен жылдың 12 айында өңірде өнеркәсіптік өнім өндірісі 2019 жылдан бастап 12,9%-ға 654,2 млрд теңгеге дейін өсті.

Эпидемиологиялық жағдай мен карантиндік шектеулерге қарамастан, өнеркәсіптік кәсіпорындар 2020 жылы үзіліссіз жұмыс істеді. Алайда, COVID-19 пандемиясының салдарынан экспорттың шектелуі және тұтыну нарығының тарылуы байқалды, бұл өз кезегінде өңдеу өнеркәсібіндегі тауарларға сұраныстың төмендеуіне әсер етті. Әсіресе, мұнай өңдеу өнімдерін, сусындарды өндіру, сондай-ақ жеңіл және химия өнеркәсібі кәсіпорындары зардап шекті.

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Шымкент қаласы бойынша өткен жылы 37,7 млрд теңге сомасына 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 22 инвестициялық жоба іске асырылды. Оның ішінде кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша 30,9 млрд теңге сомасына 20 жоба іске асырылып, 1074 жұмыс орны құрылды.

2020 жылы іске асырылған ірі жобалар:

- «Амир-А» ЖШС металлургиялық зауыты (Sin Yuan Steel). Өндірістік қуаты — жылына 500 000 тонна сұрыпты металл илегі. Компания Қазақстан Республикасы мен Орта Азиядағы осы өнімді ірі өндірушілердің бірі болып табылады. Жоба сомасы 18 млрд теңгені құрайды. 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды.

- «Авелар Солар Технолоджи» ЖШҚ. Қызмет бағыты — қуаты 20 МВт күн электр станцияларын салу. Жоба сомасы 6,242 млрд теңгені құрайды.

- «Рахат-Шымкент» ЖШС өндірістік алаңы. Өндірістік қуаттылығы 10 688 тонна дайын өнімді құрайтын қант және печенье өндіру желісі. Жоба сомасы 3,200 млрд теңге.

- «Shymkent Smelting» ЖШС. Қызмет бағыты — түсті металдар өндірісі бойынша технологиялық желі салу. Өндірістік қуаты — жылына 12 000 тонна. Жоба сомасы 1,950 млрд теңгені құрайды. 200 жаңа жұмыс орны құрылды.

- «Taza Onim» ЖШС өндірістік жылыжайы, ауданы 6 га. Өндірістік қуаты — жылына 2400 тонна қызанақ, 2400 тонна қияр. Жоба сомасы — 1,500 млрд теңге.

 

Шымкентте агро-индустриялық аймақтар іске қосылады

Қаланың ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы 62,6 мың га құрайды, оның ішінде 39,5 мың га — егістік жерлер. 2020 жылы 27,9 мың га немесе 70,6% игерілді, бұл 2019 жылға қарағанда 1,2 мың га артық.

Қосымша 11,7 га өнеркәсіптік үлгідегі жылыжайлар («Тазаөнім» ШҚ — 6 га, «Арман Агро» ШҚ — 3,7 га, «Колесников А.В» ШҚ — 2 га) және 15 га қарқынды алма бағы («Д-Сабыр» ЖК) жүзеге асырылды.

2020 жылы ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдауға 2847,7 млн теңге бөлінді (оның ішінде республикалық бюджеттен — 1 137,9 млн тг.). Қаражат 100% игерілді.

Нәтижесінде 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 36,1 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 4,9 млрд теңгеге өсті. Нақты көлем индексі 104,4%-ды құрады.

Ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі $138,8 млн құрады (қаңтар-қараша). 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 107,5%-ға немесе $9,7 млн-ға өсті. Жылдық жоспар 102,8%-ға орындалды.

Қаңтар-желтоқсан айларында бөлшек сауда көлемі 414,7 млрд теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,8%.

Бұдан басқа, қалада екі агро-индустриялық аймақты іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, көлік-логистикалық орталық маңында 136 га алаңда заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешендерін салуға жер бөлінді. Бірінші кезеңде қарастырылған жобалар бойынша 8 инвестор-құрылыс салушыға 12 жылға 30 га жер жалға берілді. Екінші кезеңде 60 га жерге өнеркәсіптік жылыжайлар салу бойынша тағы 20 жоба іске асырылатын болады.

«Қайнар бұлақ» тұрғын алабы ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша «Бозарық» тамақ өнеркәсібінің индустриялық аймағын құру жоспарлануда.

Мұнда мынадай жобаларды іске асыру болжанып отыр:

● қойылтылған азықтық қоспаларды өндіру кәсіпорнының құрылысы («TengriWorld» ЖШС»);

● сүт өнімдерін қайта өңдеу зауытының құрылысы («Балмұздақ» ЖШС»);

● шетелдік инвесторлармен бірлесіп сүт, ет, жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу және консервілеу жобаларын іске асыру жоспарлануда.

2020 жылы Шымкент қаласында жалпы сомасы 5,3 млрд теңгеге 10 инвестициялық жоба іске асырылды: «Д-САБЫР» ЖК, «Taza Onim», «Колесников А. В.» ШҚ, «Arman-AGRO» ШҚ, «Тассай Құс» ЖШС, «Шымкент құс» ЖШС, «Ахмедов Мураджан» ЖК, «Бәйтерек АГРО» ЖШС, «Рахат-Agro» ЖШС, «Баян Сұлу» ЖШС.

Осылайша, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына және тамақ өнімдері өндірісіне 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 7,6 млрд теңге сомасында инвестициялар тартылды, бұл алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда 3,3 млрд теңгеге артты.

 Шымкент — инвесторлар үшін тартымды қала

2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында қала экономикасына құйылған инвестициялық салым көлемі 276,6 млрд теңгені құрады. Салыстыру үшін 2019 жылы бұл көрсеткіш 40,1%-ға төмен болды.

Бұл өсім өнеркәсіпке, көлік пен логистикаға, денсаулық сақтау мен білім беруге, сондай-ақ жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар саласына инвестициялар тарту есебінен қамтамасыз етілді.

2020 жылдың қорытындысы бойынша 2020-2025 жылдар кезеңінде қала аумағында іске асырылатын, 1,4 трлн теңге сомасына 157 инвестициялық жобадан база құрылды.

Жалпы, шетелдік инвесторлардың қатысуымен 13,1 млрд теңге сомасына 5 жоба іске асырылды. Онда 350-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылды.

1. «Рахат-Шымкент» ЖШС — қант және печенье өндірісі (Корея);

2. «Lux Shoes» ЖШС — аяқ киімге арналған табан өндірісі (Түркия);

3. «DALSAN» ЖШС — гигиеналық өнімдер өндірісі (Түркия);

4. «Авелар Солар Технолоджи» ЖШҚ — қуаты 20 МВт КЭС құрылысы (Ресей);

5. «Shymkent Smelting» ЖШС — қара қорғасын өндірісі (ҚХР).

Жалпы, қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру және инвестицияларды тарту бойынша жұмыс үнемі жүргізілуде. Инвесторға барлық қажетті қызметтерді ұсыну үшін қалада «бір терезе» қағидаты бойынша әрекет ететін «Бизнеске арналған үкімет —Shymkent Invest» фронт кеңсесі жұмыс істейді.

Бұдан өзге, инвесторларды тарту мақсатында қалада ауданы 306 га жаңа «Жұлдыз» индустриялық аймағы құрылуда. Бірінші кезеңде 100 га (2020-2021 жж.), екінші кезеңде — 206 га (2021-2022 жж.) игеру жоспарлануда.

Сондай-ақ ауданы 427 га аумақта «Шымкент Сити» қала құрылысы үлгісіндегі жаңа алаң құру бойынша жұмыс жүзеге асырылуда. Осы жобаны іске асыру кезінде $1 млрд-тан астам көлемде жеке инвестициялар тарту күтілуде. Жоба шеңберінде қаланың 50 мың тұрғынын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.

 

Шағын және орта бизнесті белсенді қолдау

Шымкент қаласындағы ресми деректер бойынша 2020 жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 69 876 бірлікті құрады. 2019 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда өсім — 100,6%.

9 айда ШОБ саласында жұмыспен қамтылғандар саны 166 мың адамға жетті (2019 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда өсім – 12,4%). 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығаруы 669,1 млрд теңгені құрады.

2020 жылдың қорытындысы бойынша «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 441 млн теңге сомасына 494 жобаға көмек көрсетілді, оның ішінде:

1) банктік несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 1578,3 млн теңге сомасына 218 жобаға қолдау көрсетілді.

2) банк кредиттеріне ішінара кепілдік беру бойынша 572,8 млн теңге сомасына 209 жобаға қолдау көрсетілді.

3) мемлекеттік гранттар беру бойынша 289,9 млн теңге сомасына 67 жоба қолдау тапты.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында кәсіпкерлерден жалпы сомасы 88,7 млрд теңгеге 92 жоба бойынша ұсыныс түсті.

Оның ішінде 35,8 млрд теңге сомасына 56 жоба мақұлданды. Оның ішінде 32,1 млрд теңге сомасына 48 жоба бойынша субсидиялау шарты жасалды. Субсидиялау шарттарын жасасу сатысында қазір 3,7 млрд теңге сомасына 8 жоба бар.

Сонымен қатар екінші деңгейдегі банктерде 23 млрд теңге сомасына 18 жоба қарастырылуда, 29,9 млрд теңге сомасына тағы 18 жоба — бизнес-жоспарды әзірлеу, жаңа технологиялар мен жабдықтарды іздеу, құжаттарды түгендеу және құрылысқа жұмсалатын шығындарды есептеу сатысында тұр. 

 

Шымкентте тұрғын үй бағдарламалары қалай жүзеге асырылуда

2020 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 768 адам несие негізінде тұрғын үй алды. Оның ішінде 836 адам — тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар: мемлекеттік, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері — 438 адам, мүгедектер — 15, көп балалы отбасылар — 161, толық емес отбасылар — 150, мүгедек балалары бар отбасылар — 68, зейнеткерлер — 4 адам.

«Нұрлы жер» бағдарламасының келесі бағыттары бойынша:

  1. «7-20-25»: 1639 адам ЕДБ арқылы 19 632,2 млн теңге сомасына кредиттер ресімдеді.
  2. «2-10-20»: 285 отбасы ҚТҚЖБ арқылы 4 019,6 млн теңге сомасына несие ресімдеді (көп балалы отбасылар — 144 адам, толық емес отбасылар — 81, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар — 60). Айта кетейік, 2020 жылы қалада Нұрсат тұрғын үй алабында 2 көппәтерлі үй пайдалануға берілді. Жыл қорытындысы бойынша бұл үйлерде 243 пәтер сатылды (осы жылжымайтын мүлік объектілерін сатудан 2 487 млн теңге бюджетке түсті). Оның ішінде 50 пәтер 2-10-20 бағдарламасы бойынша бөлінді, тағы 21 пәтерді азаматтар несиеге алды.
  3. «5-20-25»: осы бағдарлама бойынша 2020 жылы 18 үй (1264 пәтер) пайдалануға берілді. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» осы үйлер бойынша конкурс өткізіп, 844 азамат арасында пәтер бөлді, оның ішінде 2020 жылдың қорытындысы бойынша 684 адам несие рәсімдеді. Бұл нысандарды сатудан бюджетке 7661,9 млн теңге түсті. Қалған пәтерлер бойынша несиелерді рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Шымкент қаласы бойынша 2020 жылы 18 жалдамалы үй (692 пәтер) пайдалануға берілді. Олар тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімінде кезекте тұрғандар арасында бөлінді:

● Ұлы Отан соғысының қатысушылары — 2 адам.;

● жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар — 48 адам.;

● көп балалы отбасылар — 450 адам;

● халықтың әлеуметтік әлсіз топтары — 192 адам.

Сондай-ақ, 2020 жылдың бірінші тоқсанында жоғарыда аталған бағдарлама аясында 904 адам (жұмыс істейтін жастар) сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

 

Жаңа жолдар, көпірлер, аялдамалар — қаланың инфрақұрылымы қалай жақсаруда

2020 жылы автожол саласын дамытуға 24,4 млрд теңге қарастырылды. 261 объект немесе 416,8 км жолдар мен көшелер құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылды.

Оның ішінде 224 нысан немесе 280,3 шақырым жол биыл пайдалануға берілді.

37 объект немесе 136,5 км жол — бұл іске асырылуы келесі жылдарға ауысатын объектілер.

Жоспарланған жобалар мен бюджет туралы толығырақ:

- 15 нысанның құрылысы — 3 768,3 млн теңге (44,5 км жол, 1 көпір, 2 жол өтпесі, 1 жаяу жүргінші өткелі);

- 10 нысанды қалпына келтіруге 3 647,6 млн теңге бөлінді (15,3 км жол, 3 көпір, 1 съезд);

- 6 нысанды күрделі жөндеу — 1 309,5 млн теңге (49,8 км жол, 2 көпір);

- 230 нысанның орташа жөндеуі — 13 179,6 млн теңге (307,2 км жол, 1 көпір);

- жолдарды күтіп ұстау — 770 млн теңге;

- қиыршық тас төсеу — 296 млн теңге;

- жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету — 711,4 млн теңге;

- аялдамаларды орнату — 534,3 млн теңге;

- 15 ЖСҚ әзірлеу және мемлекеттік сараптама — 88,7 млн теңге;

- жұмыстар мен материалдардың сапасын бақылау — 89,5 млн теңге.

 

Шымкентте жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламаларының арқасында жұмыссыздық деңгейі төмендеді

2020 жылы 31 999 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған болатын, іс жүзінде 33 737 жұмыс орны құрылды. Осылайша, жоспар 105,4%-ға орындалды. 33 737 жұмыс орнының 13533-і тұрақты, бұл 58,2%-ды құрайды. Жұмыспен қамту жол картасы аясында 239 жобада 8 753 жұмыс орны құрылды. Жұмыспен қамту органдары арқылы 2020 жылы 4 371 жұмыс орнын құру жоспарланған, іс жүзінде 4 491 жұмыс орны құрылды.

Шымкентте «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және мемлекеттік, салалық бағдарламалар аясында құрылған жаңа жұмыс орындары жұмыссыздық деңгейін айтарлықтай төмендетті.

Мәселен, «Енбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылы 25 390 адамды жұмыспен қамту шараларымен қамту жоспарланған. Іс жүзінде 34 847 адам қамтылды (137,2%).

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы 4 бағыт бойынша жүзеге асырылып жатқаны белгілі. 2020 жылы Шымкентте бірінші бағыт бойынша (бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету) 4 386 адам тартылды (жоспар — 3 196 адам, орындалғаны — 137,2%). Ал:

● техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 1196 адам жіберілді (жоспар — 1196);

● кәсіби мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстарға 3 190 азамат жіберілді (жоспар — 2000, орындалуы — 160%).

Екінші бағыт бойынша (жаппай кәсіпкерлікті дамыту) 6 712 адамды қамтамасыз ету жоспарланған, іс жүзінде 7 722 адам қамтылды (115%), оның ішінде:

● «Бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 2 820 адам жіберілді (жоспар – 1 850 адам, орындалғаны – 152,4%);

● 74 азаматқа шағын несие берілді (жоспар – 55, орындалғаны – 134,5%);

● 4 828 адам мемлекеттік гранттар алды (200 АЕК) (жоспар – 4 807 адам, орындалғаны – 100,4%).

Үшінші бағыт шеңберінде (халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту) 15 482 азаматқа жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарланған, іс жүзінде жұмыспен қамту шараларымен 22 739 адам (147%) қамтылды, атап айтқанда: 

● 14101 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды (124,6%);

● әлеуметтік жұмыс орындарына 356 азамат жіберілді (142%);

● жастар практикасына 2953 азамат жіберілді (198%);

● ақылы қоғамдық жұмыстарға 5329 азамат (220%) жіберілді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 5,2%, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8% құрады.

Шымкентте «Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020» аясында автомобиль жолдары саласында 10,3 млрд теңге қарастырылып, 109 жоба жүзеге асырылды (оның ішінде республикалық бюджеттен — 2,2 млрд теңге, ішкі қарыздар есебінен — 8,1 млрд теңге).

Бағдарлама аясында 2 844 жұмыс орнын құру жоспарланған, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 1445 орын.

Уақытша жұмыспен 2 852 адам, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 1 445 адам жұмысқа орналастырылды.

 

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша Шымкент қаласы бойынша 237 жоба нақтыланып, 44 663 млн теңге бөлінді. Құрылатын жұмыс орындарының саны 8 742 құрайды деп жоспарланған, оның ішінде азаматтар жұмыспен қамту орталығы арқылы 4371 орынға жұмысқа орналасады. Іс жүзінде 44,6 млрд теңгенің 44,2 млрд теңгесі (90%) игерілді, 8753 жұмыс орны құрылды (100,1%), оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 4491 (102,7%) жұмысқа орналастырылды.

Аяқталған жобалар саны — 239.

«Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыру қорытындысы бойынша 503 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

 

Цифрландыру жайлы және қауіпсіз өмірді қалай жасайды

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шымкентте цифрландырудың 5 негізгі бағыты іске асырылады: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік және 6 қосымша бағыт.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында:

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 3 жоба іске асырылды, атап айтқанда:

1. «Ақылды орам» жобасы.

2018 жылы «Нұрсат» тұрғын үй алабында орналасқан 5 көпқабатты тұрғын үйде «ақылды орам» пилоттық жобасы іске асырылды. Оның арқасында «e-SHANYRAQ» ақпараттық жүйесіне деректерді қашықтықтан жылу, ауыз су, электр жүйелеріне беретін цифрлық жалпыүйлік есептеу құралдарын орнатуға және қосуға мүмкіндік туды.

2. «Тұрғын үйлерге IoT элементтерін енгізу» жобасы.

Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, қала аумағында орналасқан 70 көпқабатты тұрғын үйде суды, жылуды және электр энергиясын қашықтықтан жіберетін үйге ортақ есептеу құралдары орнатылған.

3. «IoT элементтерін әлеуметтік ортаға енгізу» жобасы.

Қала аумағында орналасқан 127 әлеуметтік нысандарда (65 мектепте, 44 балабақшада, 18 емханада) деректерді қашықтықтан беретін коммуналдық қызметтерді (ауыз су, жылу және электр) есептеу құралдары орнатылды.

Осы цифрлық жобаларды іске асыру нәтижесінде шығындарды азайтып, көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік объектілерде коммуналдық қызметтерді тиімді пайдалануға, коммуналдық желілердегі апатты жағдайларға жедел ден қоюға және қалпына келтіруге, апаттың орнын нақты анықтауға, адамның қатысуынсыз тұтынылған қызметтер үшін көрсеткіштерді қашықтан алуға мүмкіндік туды.

Көлік саласында:

2020 жылы жеке инвестордың қаражаты есебінен «Электрондық билеттендіру» жобасы іске асырылды. Қоғамдық көлікте «Tolem» жүйесімен жабдықталған валидаторлар орнатылған.

Қазіргі уақытта 156 мыңнан астам «Tolem» картасы сатылды, 800 автобустың 450-і «Tolem» жүйесінің құрылғыларымен жабдықталған.

Электрондық билеттендіруді іске асыру шеңберінде GPS деректері Яндекс 2ГИС танымал мобильді қосымшаларына берілетін болады. Карта қала тұрғындарына онлайн режимінде қоғамдық көліктің қолжетімділігіне мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

Білім беру саласындағы:

Автоматтандырылған қызметтер:

1. «indigo24.kz» жүйесі арқылы балаларды балабақшаларға кезекке қою;

2. «indigo24.kz» жүйесі арқылы балабақшаға құжаттар мен балаларды жүйе арқылы қабылдау;

3. «school.shymkent.edu.kz» жүйесі арқылы мектеп жасындағы балаларды 1-сыныпқа қабылдау;

4. «college.snation.kz» платформасында техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы 8 мемлекеттік қызмет;

5. «Mindal» сайтында қосымша білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау;

6. Egov порталы (Е-әкімдік) арқылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көрсетілетін 8 мемлекеттік қызмет;

7. «HR-Process» сайтында педагогтерді жұмысқа қабылдау.

Интернетпен қамтамасыз етуге келетін болсақ, 2020 жылы Шымкентте 147 мектеп кеңжолақты Интернетке қосылды. Жаңа оқу жылында Интернет желісінің жылдамдығын 12 Мб/с-тан 34 Мб/с-қа дейін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұдан басқа, қашықтықтан білім беру жағдайында 224 329 оқушының 80 780-і (36%) компьютерлік техниканың тапшылығын анықтады. Оның ішінде 80 780 оқушы, 37 873 — компьютерлерге мұқтаж, 42 907 — әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар.

2020 жылы 47 330 (ДК – 31 160, МБ – 16 170) дана компьютерлік құрылғылар сатып алынды. Орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында барлығы 56 556 дана компьютерлік техника таратылды.

Денсаулық сақтау саласында:

Қазіргі уақытта 32 медициналық ұйымда (13 емхана, 19 аурухана) «Даму Мед» ақпараттық жүйесі енгізілді және жұмыс істейді.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының негізгі жобаларының ішінде Шымкентте іске асырылды:

1.«Жедел медициналық көмек қызметін жаңғырту-103» жобасы.

Жоба қала тұрғындарына жедел медициналық көмекті уақытылы және сапалы көрсетуді, үздіксіз шақыруды қамтамасыз ету үшін сall-орталық құруды, сондай-ақ жедел жәрдем станциясының ақпараттандыру және автоматтандыру жүйесін жаңғыртуды көздейді.

Бүгінгі таңда жоба бойынша жедел жәрдем қызметіне 100 бірлік арнайы автокөлік жеткізілді.

2. «Кешенді медициналық ақпараттық жүйені енгізу» жобасы.

Жоба медициналық мекемелерді кешенді медициналық ақпараттық жүйемен, компьютерлік техникамен және Интернет желісіне қолжетімділікпен жарақтандыруды көздейді.

Шымкент қаласының барлық 36 денсаулық сақтау мекемесі Интернет желісіне қосылған. Тегін медициналық көмек көрсететін 75 жекеменшік медициналық ұйымда медициналық ақпараттық жүйе енгізілген. Денсаулық сақтау мекемелерін компьютерлік жабдықтау 78% құрайды, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 220 компьютер сатып алынды.

Сонымен қатар, қаланың 33 мемлекеттік медициналық мекемесінде QR-код жүйесі іске қосылды. Жаңа технологиялардың арқасында тұрғындар дәрігерлер туралы мәліметтерді, олардың жұмыс кестесін, жұмыс тәжірибесін білуге және пациенттердің пікірлерін оқуға мүмкіндік алады.

Бұл бағдарлама уақытты үнемдеуге, құжаттармен қашықтан алмасуға, жұмысты автоматтандыруға көмектеседі.

Пилоттық жоба ретінде екі мекеме (№3 және №5 қалалық емханалар) 2021 жылдан бастап «Ақылды емхана» жүйесіне көшеді.

Қауіпсіздік саласында:

2020 жылғы жағдай бойынша Шымкент қаласындағы сыртқы бейнебақылау камераларының саны 479-ды құрайды. Олардың ішінде қозғалмайтын камералар — 81, жылжымалы камералар — 398, қала қиылыстарында — 179, қоғамдық орындарда — 151, аулаларда 149 камера орнатылған. Бұдан басқа, қаланың 21 қиылысында «Интегра-С» автоматты фиксациялаудың 212 зияткерлік камерасы жұмыс істейді.

Айта кету керек, барлық 479 бейнебақылау камералары мен 212 зияткерлік камералар Шымкент қаласы ПД ЖБО және ҚР ІІМ ахуалдық орталығына біріктірілген.

Сондай-ақ, қала әкімдігі мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 14 объектіде «Сергек» аппараттық кешенін орнатты, бұл барлығы 56 камераны құрайды.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда «Қазақттелеком» АҚ тарапынан 1 152 тұрғын үйдің кіреберісіне 2 472 камера орнатылды.

Туризм саласында:

Туризм басқармасы 5 интерактивті баған мен 2 табло сатып алды, соның арқасында қаланың әрбір тұрғыны немесе турист Шымкент туризмі туралы барлық қажетті ақпаратты ала алады.

Қаладағы интернет сапасы бойынша:

2020 жылы қалада ұялы байланыс пен интернеттің жылдамдығы төмен шағын аудандар мен тұрғын үй алаптарына талдау жүргізілді. 1 кезең үшін антенна-діңгек құрылғылары (колонкалар) орнатылған 11 жер анықталды. Соның ішінде «Алтынтөбе», «Көкбұлақ», «Северо-Западный» және «Достық» («Северная дача») тұрғын үй алаптарында базалық станциялар толығымен іске қосылды.

Сонымен қатар, «Асар», «Шымсити» және «Ақтас-2» шағын аудандарында базалық станциялар орнатылып, пайдалануға беру бойынша техникалық жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ, «Асар-2», «Тұран» және «Шымсити-2» шағын аудандарында колонналар орнатылып, базалық станциялар құрылатын болады.

Тиісті келісімдер «Айкөл» тұрғын алабында базалық станцияны орнату бойынша «Kcell» байланыс операторынан алынды.

Сонымен қатар, қала аумағын сапалы интернетпен қамтамасыз етудің 2-ші кезеңі үшін 27 тұрғын үй алабы мен шағын аудандарда мобильді базалық станциялар орнатылады. Тағы 16 тұрғын үй алабы оптикалық желі бойынша сапалы интернетпен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, «Халықтың цифрлық сауаттылығы деңгейін арттыру курстарын өткізу» жобасы шеңберінде 2020 жылы жоспарлы индикатор ретінде халықтың цифрлық сауаттылығы деңгейін 80%-ға дейін жеткізу айқындалған. Осы көрсеткішті орындау бойынша тиісті жұмыстар толығымен аяқталды. Нәтижесінде Шымкент қаласы бойынша 12 022 (жоспар бойынша 12 000) қала тұрғындары онлайн оқытудан өтіп, цифрлық сауаттылықты арттырды.

 

Шымкентте үш ауысымдық мектептер саны азайды

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

Шымкенттің білім беру мекемелерінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 100%, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 90,4% құрайды.

Мектепке дейінгі ұйымдар желісі 526 бірлікті құрайды — 79 мемлекеттік және 477 жекеменшік. Оларда 66 125 бала оқиды. Педагогикалық қызметкерлер саны — 5 819 адам.

Орта білім беру

Шымкентте орта білім беретін 184 мекеме бар — 151 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп және 33 жеке меншік мектеп. Контингенті — 226 679, оның ішінде күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерде 209 587 бала, жекеменшік мектептерде 13 342 бала оқиды. Сонымен қатар, Шымкентте 11 қосымша білім беру ұйымы бар, онда 20 061 бала оқиды. Педагогикалық қызметкерлер саны — 18 770 адам.

2020 жылы қалада 15 үш ауысымды мектеп бар, бұрын 19 мектеп болған, 2023 жылға қарай толық қайта ұйымдастыру жоспарлануда.

2020-2021 оқу жылында қашықтықтан білім беру жағдайында 80 780 оқушыда компьютер тапшылығы анықталды. Бүгінгі таңда 56 556 отбасы 80 780 оқушыны қамти отырып, уақытша пайдалануға арналған компьютерлік жабдық алды.

 

Қаладағы эпидемиологиялық жағдай бақылауда

Шымкентте 2020 жылғы 24 наурыз бен 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығында COVID-19 вирусының 5512 жағдайы тіркелген, оның 2 811-і симптоматикалық, 2 701-і асимптоматикалық. Сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 522,9 құрады. 5512 жағдайдың 29-ы тасымалданған, 4078-і жергілікті, 1405-і ауруды жұқтырғандармен байланыста болған адамдар.

2020 жылдың желтоқсан айындағы деректер бойынша барлығы 11 942 ауруды жұқтырғандармен байланыста болған адам анықталды, медициналық бақылауға алынды, карантиннен 9180 адам алынды\. 5299 адам сауығып шығарылды, 79 адам қайтыс болды.

2020 жылғы 1 тамыз бен 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығында COVID-19 белгілері бар пневмонияның 1305 жағдайы тіркелді. Науқастардың арасында 12 бала да бар.

Эпидемиологиялық жағдайдың ықтимал нашарлауына дайындалу үшін инфекциялық және карантиндік стационарларды өрістетудің 3 сценарийі әзірленді.

Тұрақты эпидемиологиялық жағдай және медициналық ұйымдардың жоспарлы жұмысы кезінде 1220 төсек орны ашылады.

Эпидемиологиялық жағдай маусымдық нашарлаған кезде инфекциялық стационарлардың төсек-орын қоры 4016 төсек-орынға дейін ұлғаяды.

Инфекцияның өршуі және эпидемиологиялық дағдарыс жағдайында төсек-орын қоры 5416 төсек-орынға дейін жетеді.

Бүгінгі күні ПТР-тестілеуді өткізу қуаты тәулігіне 3900 тестіні құрайды. 2020 жылдың 31 желтоқсанына 191 133 тест өткізілді, тәулігіне 761 тест өткізілген.

Шымкентте барлығы 14 157 медицина қызметкері коронавирус инфекциясының алдын алу және емдеу тактикасы бойынша оқытудан өтті.

Коронавирус инфекциясымен жұмыс істеуге тартылған 4 308 медицина қызметкеріне 5,5 млрд теңге төленді. Сондай-ақ, науқастанған 411 медицина қызметкеріне біржолғы әлеуметтік төлемдер жасалды. Қайтыс болған 21 дәрігердің отбасы мемлекеттен ақшалай өтемақы алды.

Пневмонияны диагностикалау үшін 3 компьютерлік томография аппараты сатып алынды, олар қазіргі уақытта қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында және №2 және №3 қалалық ауруханаларда орнатылған.

Қазіргі уақытта қала тұрғындары үшін барлығы 19 компьютерлік томография аппараты жұмыс істейді.

Денсаулық сақтау министрлігі 156 ӨЖЖ аппаратын жеткізуді жүзеге асырды, жақын арада осындай 126 аппаратты сатып алатын болады. ӨЖЖ аппараттарының жалпы санын 615-ке дейін жеткізу жоспарлануда.

Жабдықтар туралы айтатын болсақ, қазіргі уақытта 3 оттегі станциясын орнату жұмыстары аяқталды: екеуі — қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы базасында, тағы біреуі — №3 қалалық ауруханада. Сондай-ақ медициналық ұйымдарда 717 оттегі нүктесін қосу, сұйық оттегіге арналған 9 резервуарды орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Стационарлық көмек шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселесі шешілді.

Жалпы сомасы 7,21 млрд теңгеге дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жеткізуге келісімшарт жасалды.

Бірыңғай дистрибьютор 6,2 млрд теңгеге дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жеткізді.

Қазіргі уақытта медициналық ұйымдарда COVID-19-ға қарсы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың екі айлық қоры қалыптастырылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен COVID-19 -ға қарсы күреске қала бойынша 946,7 млн теңге бөлінді. Бірыңғай дистрибьютордан 220,6 млн теңгеге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сатып алынды.

Дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмау мақсатында қалалық әкімдік резервінен 5 түрлі дәрі-дәрмек сатып алуға 180 млн теңге көлемінде бюджет қаражаты бөлінді.

Дәріханалардағы бөлшек сауда бағаларының, дәрі-дәрмектер қорының сәйкестігіне мониторинг жүргізіледі. Қазір қала дәріханаларында COVID-19 емдеу үшін жалпы сомасы 1,7 млрд теңгеге дәрі-дәрмек қоры бар.

Сонымен қатар, бір реттік медициналық маскалардың қоры (6,3 млн дана) құрылды, қалада орналасқан екі өндірушінің өндірістік қуаты тәулігіне 200 000 масканы құрайды.

Тұрақтандыру қоры аясында бөлшек сауда үшін дәрі-дәрмек сатып алуға 659 млн теңге бөлінді.

Жалпы, қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша жұмыс жалғасуда.

 

ТКШ саласын жаңғырту

Шымкентте сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау және т. б. жүйелерді жаңғырту бойынша жұмыстар үнемі жүргізілуде.

Сумен жабдықтау бойынша: 

2020 жылы Шымкент қаласында 22 елді мекенде су құбыры желілерінің және 5 магистралдық су құбырының құрылысы жүргізілді. Аталған жұмыстарға бюджеттен 10,097 млрд теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен — 1,256 млрд теңге, жергілікті бюджеттен — 4,183 млрд теңге, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша — 4,659 млрд теңге.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша 17 елді мекенде орамішілік жүйелердің және екі магистралдық су құбырының құрылысы аяқталды. 34 мыңға жуық тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Қамту көрсеткіші 94,7%-дан 95,6%-ға дейін өсті.

Қалған 5 елді мекенде ішкіорамдық ауыз су жүйесін және 3 магистралды су құбырын салу 2021 жылы өтпелі болады.

Су бұру бойынша

Аталған кезеңнің 12 айында 12 елді мекенде орамішілік кәріз желілері мен үш магистралдық кәріз коллекторының құрылысы жүргізілуде. Аталған жұмыстарға бюджеттен 1,8 млрд теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен — 638,7 млн теңге, жергілікті бюджеттен — 724,2 млн теңге, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша — 485 млн теңге.

2020 жылдың қорытындысы бойынша 1 магистралдық кәріз коллекторының құрылысы аяқталды, ол өз кезегінде ЖСҚ әзірлеуге және оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан 12 мың тұрғыны бар 7 елді мекенді (3000 абонент) кәріз жүйесіне қосуға мүмкіндік береді. Қамту көрсеткіші — 49,1%.

Электрмен жабдықтау бойынша

2020 жылы 16 елді мекенде орамлішілік электр желілері мен 3 қосалқы станция құрылысы жүргізілді. Аталған жұмыстарға бюджеттен 7,7 млрд теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен — 6 млрд теңге, жергілікті бюджеттен — 1,7 млрд теңге.

2020 жылдың қорытындысы бойынша 13 елді мекенде орамішілік электр желілерінің құрылысы аяқталды, 23 мыңға жуық тұрғын сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етілді. Қамту көрсеткіші 93%-дан 95%-ға дейін өсті.

Қалған 3 елді мекенде ішкі электр желілері мен 3 қосалқы станциялардың құрылысы 2021 жылға өтпелі болады.

Газбен жабдықтау бойынша

2020 жылы 5 елді мекенде (2021 жылға ауыспалы) «Асар-2», «Достық», «Азат», «Алтынтөбе», «Бадам» (195 орам) және 4 магистралдық газ құбыры құрылысы бойынша жұмыстар басталды. Аталған жұмыстарға бюджеттен 7,4 млрд теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен — 1,2 млрд теңге, жергілікті бюджеттен — 6,2 млрд теңге.

2020 жылдың қорытындысы бойынша 1 объектіде (Тұран ш/а магистралдық газ құбырында) құрылыс жұмыстары аяқталды (1-ші кезек).

Жылумен жабдықтау бойынша

2020 жылы магистралдық және орамішілік құбырларға күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілді, жылу құбырларының тозу деңгейі 43%-дан 38%-ға дейін төмендеді.

2020 жылы жылумен жабдықтау саласында 5-тен 2 сорғы станциясын қайта жаңарту, тағы үш станцияны, 10,4 км жаңа жылу желілерін күрделі жөндеу, 3,07 км жылу желілерін қайта жаңарту, 0,36 км жылу желілерін күрделі жөндеу жүргізілуде. Аталған жұмыстарға бюджеттен 5,9 млрд теңге бөлінді.

2020 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 5 сорғы станциясының 2-ін реконструкциялау, үшеуін күрделі жөндеу, 6,8 км жаңа жылу желілерін реконструкциялау, 3,07 км жылу желілерін реконструкциялау, 0,36 км жылу желілерін күрделі жөндеу бойынша жұмыстар аяқталды.

Екі нысанның (3,6 км) құрылысы 2021 жылы өтпелі болады.

2020 жылдың жылыту маусымы қала аумағында 15 қазанда басталды. Бүгінгі күні қаланың 1 896 тұрғын үйі мен 479 бюджеттік мекемесі үздіксіз температуралық және гидравликалық режимге сәйкес жылу энергиясын алады.

Шымкент қаласының көмірге қажеттілігі 80,7 мың тоннаны құрайды, оның ішінде 5,9 мың тонна бюджеттік мекемелердің шағын қазандықтарына жеткізілді, сондай-ақ «Қуатжылуорталық-3» МКК-ның екі қазандыққа қажеттілігі қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта шымкенттіктер 73,7 мың тонна көмірмен қамтамасыз етілген. Бұдан басқа қоймаларда 30 мың тонна көмір қоры бар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу