Қазақстанның «теңіз қақпасы» және тау-кен өндірісі өнеркәсібін дамыту: Маңғыстау облысы қалай дамыды

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев биылғы 18 қазанда Үкіметтің, «Nur Otan» партиясының және оның фракциясының мүшелерінің қатысуымен Парламент Мәжілісінде 2020 жылдың 1 наурызына дейін әрбір аудан, қала, облыс бойынша аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеуді аяқтауды тапсырды. Өз кезегінде, Елбасының стратегиялық бағдарын жалғастыра отырып, Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев өзінің биылғы 2 қыркүйектегі «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан халқына арнаған Жолдауында өңірлерді дамыту мәселесінде жергілікті билік органдары жұмысының тиімділігін арттыруға, бюджетаралық қатынастар жүйесін реформалауға, басқарылатын урбанизацияға және бірыңғай тұрғын үй саясатына көңіл бөлу керек екенін атады. Мемлекет басшысының тапсырмалары Маңғыстау облысында қалай іске асырылып жатқаны туралы PrimeMinister.kz материалынан оқыңыздар.

Маңғыстау облысы Қазақстанның оңтүстік-батысында орналасқан, солтүстік-шығысында Атырау және Ақтөбе облыстарымен, батысында теңіз бойынша Ресей Федерациясымен, Әзербайжанмен және Иранмен, оңтүстігінде Түрікменстанмен және шығысында Өзбекстанмен шектеседі. Маңғыстау облысының аумағы 165,6 мың кв км құрайды. Облыста 2 қала (Ақтау, Жаңаөзен), аудандық маңызы бар бір шағын қала, 5 аудан және 58 ауылдық елді мекен бар. Бұл өнеркәсіптік өңір, мұнда Қазақстан мұнайының 25% өндіріледі.

Облыстың ауданы 165,6 мың кв км құрайды. 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша халық саны 693,5 мың адамды құрады, оның ішінде қала халқы 272,6 мың адам (39,5%).

Осы жылдың 10 айындағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2 440,2 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2%-ға артқан. Тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі көлем – 2,194 млрд теңге, өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,1% артып, 139 млрд теңгені құрады.

Өңірдің нақты көлем индексі 2019 жылғы қаңтар-қазанда тау-кен өндірісі өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтердің 106,5%-ға өсуіне байланысты, сондай-ақ, ет өнімдерін өндірудің 139,3%-ға және сүт өнімдерін өндірудің 110,8%-ға өсуі есебінен 100,2% құрады.

Сонымен қатар, негізгі капиталға салынған инвестициялар 10 айда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,7%-ға өсіп, 445,2 млрд теңгені құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 134,7 млрд теңгені немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 81,7% құрады. Осы жылдың қаңтар-қазан айларында 961,3 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді.

2019 жылы әлеуметтік салаға 106,5 млрд теңге бөлінді, оның 78,3 млрд теңгесі білім беру саласына, 4,4 млрд теңгесі – денсаулық сақтауға.

Қазіргі уақытта қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті жолдардың үлесі 92% құрайды.

Республикалық және облыстық бюджеттерден жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салуға, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеуге және күтіп ұстауға, салуға 23,5 млрд теңге бөлінді, оның 2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 7,6 млрд теңгесі игерілді.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 15,4 млрд тг құрайды. Мал саны өсуде: ірі қара мал – 3,1%-ға (20,5 мың бас), түйе – 11,3%-ға (69 мың бас), жылқы – 1,1%-ға (75,9 мың бас). Құрылыс көлемі 1,2%-ға, көлік – 0,1%-ға өсті. Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы өндірісіндегі өсім тірі салмақта мал мен құсты союдың 1,5%-ға, шикі сиыр сүті сүтінің сауымы 1,1%-ға, алынған жұмыртқа санының 22,9%-ға өсуіне байланысты.

2019 жылға арналған Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында құны 1,9 млрд теңге болатын үш жобаны іске асыру жоспарланған, 166 жаңа жұмыс орны құрылады:

  • Мұнайлы ауданында құрама жем зауытын салу;
  • Түпқарағай ауданында құс фабрикасын салу; 
  • қант шикізатын өңдеу бойынша шағын зауыт салу және оны пайдалануға беру және соның негізінде құмшекер мен науат өндіру;

 

Биыл қаңтар-қазандағы білім беру және денсаулық сақтау жүйесінің дамуы

Қазіргі кезде өңірде 310 мектепке дейінгі білім беру мекемесі, 139 күндізгі жалпы білім беретін мектеп, 16 арнайы оқу мекемесі, 14 қосымша білім беру ұйымы және 27 колледж бар. 

Балабақшалардағы балалар саны 38830, ал 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 98% құрайды. 

Биыл 1678 орындық 23 жекеменшік балабақша пайдалануға берілоді, ал жыл соңына қарай 624 орындыө 7 балабақша пайдалануға берілетін болады. 

Жаңа оқу жылында мектептерге 148 981 оқушы алынды, оның ішінде бірінші сыныптарға 19 147 оқушы барды. 

Қазіргі кезде 15924 орындық 18 мектепке жобалық сметалар әзірлену үстінде. Келесі жылы үш мектептің құрылысы басталады. 

Мұғалімдер тапшылығын жою үшін жергілікті бюджеттен мұғалім мамандығы бойынша жоғары оқу орындарында оқыту үшін 61 шәкіртақыға қаражат бөлінеді. Жергілікті грант бойынша оқып жатқан мұғалімдердің алғашқы түлегі 2021 жылы шығады. Осылайша, қажеттілік толық өтеледі. 

Сонымен қатар, мұғалімдерді даярлайтын 5 мемлекеттік колледжде мемлекеттік тапсырыс орналастырылды. Мектеп мұғалімдерінің орташа жалақысы 150 мың теңгені құрайды. Биыл шілде айынан бастап мұғалімдер 20% үстеме ақы алады. 

Биыл оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды сатып алуға 2,063 млрд теңге қаражат бөлінді. 

Студенттердің жатақханаларға сұранысы 700 төсек-орынды құрайлы. Биыл 670 орынға 3 жатақхана пайдалануға берілді. 2020-2021 жылдары 600 орынға екі жатақхана ашу жоспарланған. Ол үшін жер телімдері бөлінді. 

Облыста білім беруді кезең-кезеңмен жаңғырту жүйесі жасалған: заманауи білім беру әдістері белсене енгізілуде және жалпы білім беру жүйесін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. 

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 3 аусымыды оқыту мәселесін шешу үшін өңірде орта білім беретін мектептердің құрылысы аяқталды. Облыстағы барлық білім бьеру ұйымдарында 18 мыңнан аса педагог жұмыс істейді, оның ішінде 12 мыңнана аса мұғалім жалпы білім беретін ұйымдарда және 4 мыңнан аса педагог – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, 1,5 мыңнан астамы – колледждерде. 

Облыстағы 143 жалпы білім беретін мектепте 12 мыңна аса компьютерлік техника бар. 

2019 жылы денсаулық сақтаудың жалпы бюджеті 32 428 245 мыі теңгені құрады. Оның ішінде республикалық бюджеттен — 29 652 824 мың теңге, жергілікті бюджеттен — 2 775 421 мың теңге. 2019 жылыдң 98 айында бюджет 99,3%-ға игерілді.

Медициналық-демографиялық жағдайдың негізгі көрсеткіштері тұрақты, оң динамика байқалып отыр. Мәселен, туу көрсеткіші — 29,5%, жалпы өлім-жітім— 4,4%, табиғи өсім — 25,2%.

Цифрлық жұмыс форматына көшу бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өңірде цифрландырудың енгізілу көрсеткіштері: 89 нысан интернет желісімен 100% қамтамасыз етілді. 2,5 мыңнан аса жұмыс орны компьютерлік техникамен 97%-ға жарақталған. 34 медицина ұйымы (оның ішінде 5 жекеменшік мекеме) медициналық ақпараттық жүймен 100% қамтылды. 29 медицина ұйымынан 18 (62%) қағазсыз құжат айналымына көшті. 

Облыстағы медицина ұйымдарында 30 цифрлық сауаттылық постары құрылды, емханаға барған 102 мыңнан аса адам негізгі дағдыларға үйретілді. 

Денсаулық сақтауды цифрландыру арқылы медицина қызметкерлерінің еңбек өнімділігін арттырып, тұрғындардың медицина қызметтеріне қанағаттану деңгейін көтеру жоспарланған, ол үшін: дәрігерлердің мен емделушілердің уақытын 50%-ға дейін үнемдеу, дәрігерге баруды 2 есе қысқарту, күту уақытын 2 есе қысқарту, алдын ала жазылу үлесінің 30%-ға артуы, жанды кезекке тұруды 30%-ға төмендету, сондай-ақ скринингтер жүргізу кезінде ауруларды анықтаудың артуы. 

 

Биыл 10 айда ШОБ нысандарының саны 6,5%-ға артты 

Бүгінде Маңғыстау облысында кәсіпкерліктің даму динамикасының оң нәтижелері бар. Алғашқы 7 айда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпорындардың саны 53 000 бірлікті құрады. Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 114 мың адамға жетті, ал олардың үлесі 37% құрады. Көрсеткіштердің өсуі елімізде іске асырылып жатқан «Бизнестің жол картасы- 2020», «Қарапайым заттар экономикасы», 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламаларының арқасында мүмкін болды. 

Дүниежүзілік банктің рейтингінің нәтижелері бойынша Маңғыстау облысы бизнес жүргізу жеңілдігі бойынша Алматыдан кейін екінші орында екенін атап өткен жөн. 

Биыл 10 айда жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 54 мың бірлікті құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға артық. 

Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 70,5 млн теңге сомасына 57 жобаға несиені жартылай кепілдендіру мақұлданды. 635 жаңа жұмыс орнын құрумен ждалпы несие сомасы 3,3 млрд теңгеге жаңа 104 жоба бойынша субсидиялар төленді. Сонымен қатар жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бағдарлама аясында 26 жаңа жұмыс орнын құрумен 21 млн теңге сомасына 9 грант берілді. 

2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасы аясында және «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ 1 қарашадағы жағдай бойынша жлапы сомасы 548,5 млн теңгеге 95 жаңа жұмыс орнын құрумен 47 шағын несие берілді. 

Тұрғындарға шағын несие беруді «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Аграрлық несие копорациясы» АҚ филиалы, «Атамекен» шағын қаржы ұйымы» ЖШС жүзеге асыратынын айта кеткен жөн. 

«Нұр Капитал» өңірлік бағдарламасы несиелерді жылдық 1% мөлшерлемемен беру арқылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға және дамытуға бағытталған. Бағдарлама іске қосылғаннан бері (2018 жылғы қараша) жалпы сомасы 2,2 млрд теңгеге 932 жаңа жұмыс орнын құрумен 113 жоба берілді. 

1 қазандағы жағдай бойынша барлық екінші деңгейлі банктер шағын бизнес субъектілеріне 27,4 млрд теңге көлемінде несие берді, бұл 2018 жылғы деңгейден 19,9%-ға артық. 

 

Каспий теңізінің түбінде Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы байланыстың талшықты-оптикалық желісін (ТОБЖ) салу 

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында елімізде қоғамның экономикалық қалыптасуының сапалы жаңа кезеңін дамытуға бағытталған бірқатар перспективалы жобалар іске асырылып жатыр. Биылғы 18-19 қарашада ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Әзербайжан Премьер-Министрі Али Асадовпен Каспий теңізінің түбінде екі ел арасындағы байланыстың талшықты-оптикалық желісін (ТОБЖ) салу бойынша «Trans Caspian Fiber Optic» (TCFO) салуды бастау салтанатты рәсіміне қатысты.

Жоба трансқұрлықтық бола отырып, Еуропа мен Азия арасындағы цифрлық телекоммуникациялық дәлізді құрады. Каспий теңізінің түбінде ұзындығы 380-400 шақырымға жуық болатын кабель тарту жұмыстарын «Транстелеком» АҚ, «KazTransCom» АҚ және «AzerTelecom» әзербайжан байланыс операторы жүзеге асырады. ТОБЖ 2021 жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі, ол кемінде 4-6 терабит/с сыйымдылықпен ақпараттарды жеткізуге мүмкіндік береді. 

TransCaspian Fiber Optic (TCFO) – Каспий теңізінің түбінде Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы байланыстың талшықты-оптикалық желісін салу бойынша ауқымды жоба. Бұл тығыз сауда-экономикаоыұ қатынастар тамырымен тарихи өткенмен байланысатын екі елдің әлеуетін дамытудың жаһандық бастамаларының бірі. 

Бұл бизнестің халықаралық инвестициялық белсенділігін ынталандыратын, өмірдің барлық салаларына әсер ететін жаһандық цифрлық трансформацияның арқасында мүмкін болды. Қазақстан мен Әзербайжан әлемдік қоғамдастықтың бөлігі бола отырып, екі ел экономикасының сәтті дамуы үшін қажетті осы процестерге қатысады. Бұған цифрлық технологиялармен жұмыс істейтін бизнесті дамытуды қарастыратын және экономиканың тұтастай трансформациялану процесін қолдайтын «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы ықпал етеді. 

Smart сity, IoT, Big Data, 5G секілді жаңа технологиялардың қарқынды дамуы байланыстың магистральдық желілерін дамытусыз мүмкін емес. Осы тұрғыдан TransCaspian Fiber Optic Еуропа мен Азия арасындағы транзиттің барлық қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыратын, екі ел үшін стратегиялық маңызды жобаға айналмақ. 

Орталық Азия, Қытай және Еуропа елдері арасындағы коммуникацияны дамыту бойынша халықаралық синергия — «Бір белдеу, бір жол» аясында — Транскаспий ТОБЖ құру екі елдің экономикасын дамытуда және бүкіл Каспий маңы аймағында бизнес белсенділікті ынталандыруда жаңа мүмкіндіктер ашады.

Айта кету керек, TransCaspian Fiber Optic (TCFO) Қазақстан мен Әзербайжанның барынша тығыз интеграциялануына үлкен мүмкіндіктер береді. Прогрессивті цифрлық технологиялардың болуы коммуникациялық мүмкіндіктермен тікелей байланысты, және Каспий теңізінің түбі бойынша салынған жаңа магистраль Орталық Азия аймағын Еуропамен байланыстыратын, цифрлық Жібек жолын дамытуда маңызды рқл атқарады. 

Асқар Мамин «Trans Caspian Fiber Optic» бірлескен жобасы деректерді берудің жылдамдығы жоғары және қорғалған инфрақұрылымын дамытудың жоғары деңгейіне шығуға, жетекші Еуропа-Азия магистралды бағыттарының қатарына кіруге және әлемдік деректер транзитінде лайықты орын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«AzerTelecom» ЖШҚ – Әзербайжанның ең жылдам мобильді интернетінің бірінші мобильді операторы және провайдері «Bakcell»-дің еншілес компаниясы болып табылатын, Әзербайжандағы телекоммуникациялық оператор байланысы. «AzerTelecom» кеңейтілген желі арқылы Әзербайжанды халықаралық интернет желісіне қосады. Компания жергілікті және шетелдік телекоммуникациялық компанияларға заманауи қызметтердің кең спектрін ұсынады. Қазіргі уақытта компания Әзербайжанды Аймақтық Цифрлық Орталыққа айналдыру үшін Azerbaijan Digital Hub бағдарламасын жүзеге асыруда.

«KazTransCom» АҚ телекоммуникациялар және ақпараттық технологиялар саласындағы кең ауқымды қызметтерді ұсынатын жетекші байланыс операторы. Қазіргі уақытта KazTransCom Қазақстанның ірі қалаларында дамыған филиалдар желісіне ие. Компанияның бірнеше мың шақырымдық заманауи және сенімді желілік инфрақұрылымы бар. KazTransCom компаниясының техникалық және материалдық базасы кез-келген күрделіліктегі телекоммуникациялық жобаларды іске асыруды қамтамасыз етуге қабілетті.

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Д. Тұяқовтың айтуынша, бұл жоба — тұтастай алғанда Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытуға жақсы демеу.

«Бүгін біз цифрлық “Жібек жолы” деп атауға болатын жобаны іске қостық. Каспий теңізінің түбіндегі бұл учаске бұған дейін Гонконгтан Франкфуртқа дейінгі бағытты байланыстыруға мүмкіндік берді. Бұл жоба жаңа мүмкіндіктер ашады. Бүгінгі таңда Қазақстанда өткізу қабілеті шамамен 4 терабайт және бұл жоба өткізу қабілетін 2-2,5 есе арттырады. Егер біз бұған дейін Қазақстан бойынша шамамен 15 млрд теңге кіріс тапсақ, онда бұл жоба транзиттен түсер кірісті 2-2,5 есеге арттырады», — деді вице-министр.

Д. Тұяқов сонымен қатар, бүгінде Қазақстанда кезінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев бастаған цифрландыру жобасы жүзеге асырылып жатқандығын, оның аясында бірқатар ірі перспективалық жобалар іске асырылып жатқанын атап өтті. Соның бірі — ауылдық елді мекендерге дейін талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту. 2020 жылдың соңына дейін барлық елді мекендерді байланыс желілерімен және 4G технологияларымен қамтамасыз ету жоспарланған.

 

Маңғыстау облысы — Қазақстанның индустриялық дамуының локомотиві 

Маңғыстау облысында тау-кен өндірісі өнеркәсібінде ірі және орта кәсіпорындар жұмыс істейді. Маңғыстау облысы халқының 20%-ға жуығы өнеркәсіп саласында жұмыс істейді. Өңірдің өңдеу өнеркәсібі химия өнеркәсібіне, машина жасауға, машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіруге, мұнай өңдеу өнімдерін өндіруге, басқа металл емес минералды өнімдер мен металлургия өнеркәсібіне негізделген.

Өңдеу өнеркәсібі тамақ өнімдері, тоқыма және тігін өнеркәсібі, резеңке және пластмасса бұйымдары, машина жасау, химия өнеркәсібі, басқа металл емес минералды өнімдер және басқа да салаларға негізделген. 

«Mangystau Oil Refining» ЖШС кәсіпорнының негізгі қызметі — көмірсутекті шикізатты қайта өңдеу. 2017 жылы көмірсутектішикізатты қайта өңдеу кешенінің бірінші кезеңі іске қосылды. Нақты өңдеу жылына 75-80 мың тоннаны құрайды. Биыл жобалық қуаты жылына 300 мың тонна болатын көмірсутекті шикізатты қайта өңдеудің екінші кезеңін іске қосу жоспарлануда. 2020 жылдың екінші жартысында жобалық қуаттылығы жылына 830 мың тонна болатын үшінші кезең жоспарланған. Бүгінгі таңда компания бензин, мазут, дизель отыны және пеш отынын шығарады.

Кәсіпорын өңірдегі зауыттың өнімін сататын жалғыз кәсіпорын, сол арқылы жанар-жағармай материалдарымен аймақтың қажеттіліктерін ішінара қамтамасыз етеді. Компанияның Қазақстанның «теңіз» қақпасына жақын орналасуы мазутты Каспий маңы мемлекеттеріне еркін сатуға мүмкіндік береді. Зауыт шығаратын пеш отыны «ҚазТеңізТрансФлот» АҚ танкерлері мен кемелерін бункерлеу үшін жеткізіледі. Бензин мен дизель отыны толықтай ішкі нарыққа жіберіледі. Сондай-ақ, кәсіпорында дайын өнімді аралық сақтау үшін жеке резервуарлар паркі және теміржол цистерналары түбіндегі шөгінділерден тазартылатын ғимарат бар. Сонымен қатар, Қазақстандағы жалғыз, теміржол цистерналарын сыртқы жағынан тазарту бойынша жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде. Кәсіпорынның мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған жеке жүк көліктері паркі бар.

Аймақта бәсекелестердің болмауы жобаны экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан жоғары тиімді етеді. Негізгі фактор — жанар-жағармай материалдарына деген үлкен және тұрақты сұраныс.

«ҚазАзот» АҚ — химия өнеркәсібі өнімдерінің ірі өндірушісі (Қазақстан Республикасындағы аммиак селитрасы өндірісінің 90%-дан астамы) және табиғи газды өндіру бойынша жер қойнауын пайдаланушы.

1992 жылға дейін зауыт тұрақты түрде минералды тыңайтқыштар шығаратын. 1992 жылдан 2010 жылға дейін зауыт өндірісті қайта қалпына келтіруге тырысқанымен, әртүрлі себептермен тоқтап қалды. 2010 жылдан бастап өндірісті кең ауқымды модернизациялау жұмыстары жүргізілді және келесі 5 жыл ішінде зауыт жобалық қуатына шықты. Қазіргі уақытта газ өндіру 900 млн текше метрді құрайды, аммиак өндірісі – 190 мың тонна, аммиак селитрасы өндірісі – 330 мың тонна. Барлық өнімдер Қазақстанда да, шет елдерге де жеткізіледі. Аграршылардың тұтынуы 41% құрайды, негізінен бұл Қазақстанның оңтүстігінде және солтүстігінде, республиканың өнеркәсіптік кәсіпорындары — өнімнің 28% және 31% экспортталады.

2010 жылдан бастап осы өндірістік қуаттылықтарға қол жеткізу үшін 70 млрд теңге инвестицияланды, оның ішінде зауытты жаңғырту үшін – 35 млрд тг.

Компания қолданыстағы және жаңа кен орындарын геологиялық барлауға инвестиция салуды жоспарлап отыр, өндірісті тұрақтандыру және дайын өнім шығаруды ұлғайту үшін бүкіл өндірісті модернизациялау бағдарламасы әзірленді және бекітілу сатысында. Сондай-ақ, Қосбұлақ кен орнында бұрғылау жұмыстары сәтті жүргізілген жағдайда, болашақта газды тереңінен өңдеу жаңа зауытының құрылысы мәселесі қарастырылады. Бүгінде зауытта 1 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Кәсіпорын экспортқа бағдарланған, өнімнің 80% ішкі нарыққа жеткізіледі, 20%-ы ЕО, ТМД және Азия елдеріне экспорттауға жіберіледі.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Индустрияландыру картасына енгізілген Maga— Bread нан-тоқаш зауыты 2014 жылғы желтоқсанда Ақтауда іске қосылды. Наубайхананың өндірістік цехы технологиялық жабдықтар өндірісі саласындағы әлемдік көшбасшылардың заманауи неміс жабдықтарымен жарақтандырылған. Нан пісіру процесі әзірлеуден дайын өнім шыққанға дейін автоматтандырылған және заманауи компьютерлік технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Нан пісіру кезінде конвейер түріндегі туннельдік термомайлы пештер қолданылады, олар жылу майының қыздырылуына байланысты пеште біркелкі температураны қамтамасыз етеді. Нан-тоқаш өнімдерін пісірудің барлық процесін үш маман бағдарламалық бақылау көмегімен бақылайды. Нан пісірудің жаңа заманауи технологиялық жабдықтары мен неміс технологиясын қолданудың арқасында компания жаңа сапалы деңгейге көтерілді. Қысқа мерзім ішінде шығарылатын өнім түрлері кеңейтілді, нан өнімдерін өндіру көлемі және сату көлемі ұлғайтылды. Қазіргі уақытта өнім түрлері 50-ден асады.

«Біздің алғашқы зауыт тәулігіне бір тонна, содан кейін 2 тонна өндірді. Ал 2011 жылдан бастап біз күніне 50 тоннадан нан шығара аламыз. Біздің пештер сағатына 2500 дана кірпіш нанын шығарады, ал егер зауыт бойынша алсақ, тәулігіне 50 тонна нан шығара аламыз», — деді «MAGA BREAD» ЖШС-нің директоры Айтжан Сауғабаев.

 

Ақтау және Құрық порттары: Қазақстанның «теңіз қақпалары» қалай дамуда

Облыста Қазақстанның «теңіз қақпалары» — аттас халықаралық транзиттік порты бар Ақтау қаласы орналасқан, бұл еліміздің транзиттік-көліктік әлеуетін дамытуда маңызды мәнге ие. Ақтау портының оңтүстігінде, Каспий теңізінің шығыс жағалауында автокөлік транзитіне жаңа мүмкіндіктер беретін Құрық мультимодальды паром кешені орналасқан. Жалпы, көлік инфрақұрылымының дамуы экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне мультипликативті әсер береді және жаңарған Жібек жолының сауда ағындарына жаңа серпін береді, осылайша ынтымақтастықты кеңейтеді және өңірдің экономикалық дамуына ықпал етеді.

Бүгінгі таңда Ақтау порты — Қазақстанның ірі хабы. Осы жерден біздің көрші мемлекеттердің порттары арқылы әлемнің кез келген нүктесіне жүк жіберуге болады. Порт — басты, құрғақ жүктерді, мұнай мен астықты толық тиеп жөнелтуді қамтамасыз ететін көп функциялы заманауи кешен. Темір жолдар мен автомобиль трассалары осында түйіседі. Жалпы, Ақтау порты өзінің техникалық параметрлері бойынша халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді. Порттың су айдыны қауіпсіз тұрақ, кемелерге жан-жақты қызмет көрсету және жүк операциялары үшін арнайы жабдықталған. Порттың өткізу қабілеті 16,5 млн тоннаны құрайды. Жоғары интеграцияланған экономика және халықаралық бағдарларды қайта бағдарлау жағдайында Ақтау порты транзиттік тасымалды дамытуға бағыт алды.

Теңіз инфрақұрылымын дамыту мен өңірдегі жүк айналымын ұлғайтудың негізгі басымдықтарының бірі Каспий бассейнінің порттары арасындағы контейнерлік тасымалдар көлемін арттыру және жүктердің жаңа түрлерін тарту. Қазіргі уақытта Қазақстан, Қытай, Оңтүстік-Шығыс және Орталық Азия, Түркия және Оңтүстік Еуропа елдері арасындағы жүк тасымалын қамтамасыз етуге бағытталған Транскаспий халықаралық көлік маршрутын (ТХКМ) дамытуға көп көңіл бөлінуде.

«Нұрлы жол» бағдарламасын және Қазақстанның транзиттік стратегиясын дамытудың нәтижесінде Ақтау портына айтарлықтай транзиттік жүктерді тартуға мүмкіндік беретін көлік бағыттары жасалды.

Ақтау порты — осы бағыттағы маңызды түйіндердің бірі. Маршруттың әлеуеті өте жоғары — жылына 300 мың контейнерге дейін. Сондықтан Қазақстанда Солтүстік теңіз терминалы мен Құрық порты қосымша құрылды. Ақтау порты да жаңа мамандандырылған техника сатып алу арқылы осы көлемдерге белсене дайындалуда. Бүгінгі таңда порттың сыйымдылығы жылына 40 мыңға дейін контейнерді қабылдауға және өңдеуге мүмкіндік береді, бірақ стратегиялық мақсаттары әлдеқайда жоғары — 75-100 мың контейнер.

Қазіргі уақытта Құрық портының паром кешені заманауи инфрақұрылым нысандарымен жабдықталған. Порттың жобалық қуаты жылына 6 млн тонна жүкті құрайды. Порттың одан әрі дамуы әмбебап айлақтың құрылысын және габаритті емес және басқа да жүктерді ауыстырып тиеу үшін кран орнатуды көздейді. Порт жұмыс істей бастағаннан бері 1128 кеме өңделді, жүктерді ауыстырып тиеу 3,7 млн тоннадан астам жүктерді құрайды. 2019 жылдың тоғыз айында 1 млн 62 мың тоннаға жуық түрлі жүк өңделді, оның 600 мың тоннасы импорт бағытында, 463 мың тоннасы экспорт бағытында.

Қазіргі уақытта Құрық портының паром кешені арқылы қазақстандық астық, көмір, мұнай өнімдері, тыңайтқыштар, химикаттар жіберіледі. Импортты азық-түлік, өнеркәсіптік жабдық, құрылыс материалдары және басқа да жүктер қамтиды. Порт арқылы транзитпен түрлі жабдықтар, электроника, тоқыма, химия саласының өнімдері, металл бұйымдары және тағы басқалары өтеді. Жалпы, порттың теміржол және автомобиль инфрақұрылымдары Құрық порты арқылы өтетін жүктердің барлық түрлерін Әзербайжан мен Грузия арқылы Түркияға және Шығыс Еуропа елдеріне экспорт/импорт үшін әрі қарай жіберу үшін қабылдауға және қызмет етуге толық дайын.

Теміржол терминалының өткізу қабілеті жылына 4,1 млн тоннаны, ал автомобиль терминалы жылына 1,9 млн тоннаны құрайды. Теміржол және автомобиль айлақтары бір уақытта 4 паромды немесе тәулігіне 8 паромды өңдеуді қамтамасыз етеді. Порттың жобалық қуаттылығынан жүктеме 27-30% құрайды.

Жалпы, порттың теміржол және автомобиль инфрақұрылымдары Құрық порты арқылы транзиттік және Түркиядан/Түркияға экспорттық-импорттық бағытта өтетін барлық жүктерді қабылдауға және шұғыл қызмет көрсетуге толық дайын.

Қазақстан үшін жеке паромдардың болмауы жүк тасымалы маршруттарының географиясын шектеуге әсер етеді, бұл шетелдік операторлардың – паром иелерінің мүмкіндіктері мен қалауына тәуелді етеді және сыртқы нарықтарға шығу мүмкіндіктерін тікелей шектеуге әкеледі.

Осыған байланысты, еліміздің көліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Каспийдегі паромдар қозғалысын дамытуға жаңа серпін беру үшін, бастапқы кезеңінде екі бірлік мөлшерінде Қазақстанның меншікті теміржол паромдарын салу, әрі қарай паромдардың санын төртке дейін көбейту мәселесі пысықталуда. Меншікті паромдардың болуы Каспий аймағындағы көлік паром тасымалдары нарығына толық құқылы серіктес ретінде кіруге, нарық конъюктурасына байланысты жүктерді тасымалдау маршруттарын дербес анықтауға және сыртқы халықаралық факторлардан тәуелсіз болуға мүмкіндік береді.

Өткен жылдан бастап Құрық паром кешені арқылы теміржол паромдарымен Әзірбайжанға Prima T8 жүк локомотивтері жіберілді. Бұл әлемдегі ең қуатты электровоздардың бірі, оларды Қазақстанда «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС шығарады. Жалпы алғанда, 2019 жылдың соңына дейін Бакуге Құрық порты арқылы шамамен 40 жүк локомотивін тасымалдау жоспарланған.

 

Көп функционалды қонақ үй кешенінің құрылысы

Облыста 40 туристік фирма жұмыс істейді, олардың 17-сі туроператор, қалғаны әуе және темір жол билеттерін сатумен айналысады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен «Ақтау қаласының курорттық аймағын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары» жасалды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының туристік индустриясын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына Каспий теңізі жағалауындағы теңіз курортының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту шаралары енгізілген.

Жыл сайынғы сыйымдылығы 750 000 адамды құрайтын Маңғыстау облысындағы жағажай туризмі Қазақстанның туристификация картасына енгізілген — республикалық деңгейдегі Топ-10 нысан. Ақтау қаласынан Құрық портына дейінгі учаскеде Каспий теңізінің жағасында теңіз курортының дамуы туризмнің перспективалы бағыты болып табылады.

Бюджет қаражаты есебінен электр, су, газбен жабдықтау және 4 жолақты қозғалысқа көшумен автомобиль жолын қайта құру бойынша жобалық-сметалық құжаттар жасалды. Ақтаудағы жылы жағажай аймағында инженерлік инфрақұрылым құрылысын аяқтау 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін күтілуде.

Ақтаудағы жылы жағажай аумағында Ақтау Резорт Хотел көп функционалды қонақ үй кешенін салу жұмыстары жүргізілуде.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу