Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен ұшып келу: ПТР-анықтаманың болуына қатысты қандай шектеу шаралары туралы білу керек

Бүгін көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов пен Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің санитарлық-карантиндік пункттер басшысы Дәрия Әзімбаева Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен келетін жолаушыларда ПТР-тест анықтамасының міндетті түрде болуы туралы айтып берді.

Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, 2020 жылдың 6 қазанынан бастап ПТР-анықтамаларға қатысты шектеу шаралары енгізілген сәттен Қазақстанға халықаралық рейстермен 44 834 жолаушы келген. Олардың 84%-ының ПТР-анықтамасы болған. 7 540 жолаушы анықтамасыз келді, ПТР-анализ тапсыру үшін олар екі күндік карантинге карантиндік стационарларға орналастырылған. Осы 7 540 адамның ішінде 39 оң жағдайда аурудың тасымалданғаны анықталды. 413 жолаушы мен 44 бортсерік ауруды жұқтырғандармен байланыста болған. Алайда, мониторинг нәтижелері ауруды жұқтырғандармен байланыста болған жолаушылар мен бортсеріктердің арасында COVID-19 анықталмағанын көрсетті. 

Нұр-Сұлтан, Алматы, Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау және Қарағанды қалаларында әуе жолаушылары екі күндік карантинге орналастырылады.

Сондай-ақ, С. Байғабылов ағымдағы жылдың 6 қазанынан бастап ВАК Қаулысының талаптарына сәйкес ПТР-анықтамасы болмаса, шетел азаматтарының әуе кемесінің бортына жіберілмейтінін хабарлады. Осы уақыт ішінде мерзімі өткен анықтамалары мен экспресс-тестілері бар шетелдіктер анықталды. Нәтижесінде 31 шетел азаматы еліне қайтарылды, олар Ресей Федерациясының, Украинаның, Белоруссияның, Түркияның, Ұлыбританияның және Германияның азаматтары.

Жалпы, 6 қазаннан бастап Қазақстанға 426 халықаралық рейс келді. 19 рейстен ПТР-тест нәтижесі оң болған жолаушылар анықталды.

Өткен аптада ПТР-анықтамалардың міндеттілігіне және Қазақстан азаматтары үшін ол болған жағдайда ұшып шығу әуежайында әуе кемесінің бортына кіруге рұқсат етуге қатысты қосымша шектеу талаптарын енгізу бойынша ақпараттық науқан өткізілді. Тиісінше, жақын және алыс шет елдерде жүрген біздің азаматтарымыз орындалуы тиіс осы талаптар туралы білуі үшін белгілі бір жұмыс жүргізілді.

Жуырда 96%-ының анықтамасы бар жолаушылар келді. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының карантиндік стационарына ешкім қабылданған жоқ, өйткені барлық 138 жолаушының теріс ПТР-анықтамасы болды. Қалған жолаушылар Алматыға келді, 42 жолаушы екі күндік карантинге орналастырылды. 

Коронавирус инфекциясына қатысты жағдайды, ауруды жұқтырғандармен байланыста болған жолаушылар мен бортсеріктердің арасында COVID-19 зертханалық әдіспен табылмағанын ескере отырып, 26 қазанда Ведомствоаралық комиссия тиісінше ұшатын әуежайында және әуе кемесінің бортына мінуге рұқсат беруде COVID-19-ға анықтамасының болуы туралы талаптың тек шетелдік азаматтарға қатысты қолданылатыны жөнінде шешім қабылдады. Тиісінше, Қазақстан азаматтары  шет елдерден ПТР-анықтамасынсыз Қазақстанға ұшып кетуге құқылы.

«Бірақ, сонымен бірге, біз шетелде жүрген азаматтарға барған елінде анализ тапсыруды ұсынамыз. Бүгінгі таңда жақын және алыс шетелдерде ПТР-анализ тапсыру ешқандай қиындық туғызбайды. Халықаралық әуежайларда, қонақ үйлерде және қалаларда анализ алу пункттері бар, нәтижесі тәулік ішінде шығарылады», — деді С. Байғабылов.

Айта кету керек, екі күндік стационарға орналастырылған барлық жолаушылардың демалыстан — Египеттен, Түркиядан және Біріккен Араб Әмірліктерінен ұшып келгенін айта кеткен жөн. Жұмыс сапарымен немесе оқу үшін келген азаматтардың анықтамалары бар.

27 қазаннан бастап анықтама алған сәтінен бастап 3 тәуліктен асып кеткен, ПТР-анықтамасы жоқ ұшып келген шетелдіктер келген еліне қайтарылады. Бортқа ПТР-анықтамасы жоқ шетелдіктерді қабылдаған әуе компаниялары әкімшілік жауапкершілікке тартылады, яғни оларға 1600 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып,  шетелдік азаматтардан оң нәтиже анықталған жағдайда оларды оқшаулау үшін Қазақстан әуежайларында арнайы үй-жайлар жоқ екенін хабарлады.

«Шетелдіктерге олар ұшатын әуежайдан анализ тапсыру қиын емес. Әуежайда ПТР-талдауын жүргізу үшін, бұл шетелдік азамат әуежайда нәтижесін көп уақыт  күтуі үшін үй-жайлар, ұйым немесе мекеме жоқ. Бұл неліктен мүмкін емес? Алдағы уақытта, егер COVID-19-ға оң нәтижесі анықталатын болса, ондай жолаушыны  жұқпалы аурулар стационарына жатқызу қажет болады, ал қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайларында іріктеу пункттері ашылған және сол азаматтар, оның ішінде ұшатын және ұшып келетін біздің азаматтарымыз өздері үшін анализ тапсырып, нәтижесін ала алады. Егер оң нәтиже анықталатын болса, онда ауруханаға жатқызу қажет, сондықтан ондай жағдай теріс нәтижесі туралы анықтамамен ұшып келуден гөрі көптеген сұрақтар туындатады», — деп түсіндірді С. Байғабылов.

Оның айтуынша, мониторинг қорытындысы бойынша ауруды жұқтырғандармен байланыста болған жолаушылар мен бортсеріктер арасында COVID-19 анықталған жоқ.

«Бүгінгі таңда экипаж мүшелері ПТР-зерттеулерден босатылған, өйткені олар ауысым алдында байланыссыз термометриядан өтеді. Егер дене қызуы көтерілген болса, онда олар ПТР-анализ тапсыруы үшін оқшауланады», — деп нақтылады ол.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу