Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Машина жасау саласындағы бір жұмыс орны іргелес салаларда 7-8 жұмыс орнын құруға жол ашады

Сенбі, 28 Наурыз 2020, 12:15:35

Машина жасау — экономиканы индустрияландырудың ажырамас бөлігі және мемлекеттің аса маңызды салаларының бірі. Аталған сала агроөнеркәсіптік кешен, энергетикалық және металлургиялық секторлар, көлік және басқа да негізгі салалар қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді, бұл көбінесе экономиканың материал сыйымдылығын, еңбек өнімділігін және еліміздің экономикалық қауіпсіздігін айқындайды. Индустриаландыру бағдарламасын іске асыру жылдары машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 3 есеге жуық артып, 1 трлн теңгеден асты. Саланың дамуы және одан әрі өсу келешегі туралы толығырақ Primeminister.kz шолу материалынан оқыңыздар. 

Машина жасау және экономиканың инновациялық күрделілігі

Индустрия 4.0 секілді жаңа технологиялық трендтер аясында барлық өнеркәсіп, атап айтқанда, машина жасау өндірісті автоматтандыру мен цифрландыру бойынша жоғары технологиялық шешімдерді қабылдау арқылы тиімділік пен өнімділікті арттыруға бағытталған.

Машина жасау саласы жалпы алғанда экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді және сол арқылы іргелес салаларды дамыту үшін көлемді кешенді тиімділік есебінен халықты жұмыспен қамтуды арттырады. Машина жасау саласының даму деңгейіне қоғамның инновациялық дамуының жалпы деңгейі де, соның нәтижесінде халықтың тұрмыс сапасы да байланысты.

Машина жасау салаларын дамытудың негізгі артықшылықтарының бірі — қуатты мультипликативті әсері. Мультипликативтік әсер экономиканың басқа салалары мен секторларында қосымша сұранысты және тиісінше жұмыс орындарын құру арқылы жалпы алғанда экономиканың өсуіне жеке саланың немесе сектордың ықпал ету дәрежесін көрсетеді. Машина жасау саласында бір жұмыс орнын дамыту ірлегес салаларда 7-8 жұмыс орнын құруға жол ашады.

Мәселен, машина жасау салаларына жататын машиналар мен жабдықтар, электр жабдықтарын, көлік құралдарын шығару экономиканың басқа салаларына мультипликативті әсер береді. 

Кез келген технологиялық процестің барлық кезеңдерін жеделдетуге ықпал ететін машина жасаудың өндірістік әлеуетін арттыру — бүгінгі таңда сұранысқа аса ие, стратегиялық маңызы бар, отандық экономиканы дамыту бағыттарының бірі. Машина жасауды тұрақты жетілдіру процесі инновациялық дамуды жандандырады.

Осылайша, машина жасау өнеркәсіптің күрделі әртараптандырылған сегменті бола тұра, жалпы алғанда экономиканың қалған салаларына да қолайлы әсер етеді, бәсекеге қабілеттіліктің өсуіне және экономиканың күрделенуіне, техникалық прогреске және халқымыздың тұрмыс сапасының жалпы жақсаруына ықпал етеді.

 

ИИДМБ және машина жасау

Қазақстанда машина жасау салалары Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясындағы негізгі бағыттар болып саналады. Осыған дейін, елімізді индустрияландырудың бірінші кезеңі аясында машина жасау мемлекеттік қолдау және өсімді ынталандыру бойынша басымдықтардың бірі болып белгіленді. Осы кезде 2010-2014 жылдарға арналған салалық даму бағдарламасы әрекет етіп тұрды.

Елімізді индустрияландырудың екінші кезеңін әзірлеу кезінде түрлі салалық бағдарламалар фрагменттеуді еңсеру үшін Бірыңғай мемлекеттік бағдарлама шеңберінде біріктірілді, сол арқылы индустриялық саясаттағы мақсаттарды айтарлықтай дәрежеде қайта қалыптастырды. Екінші бесжылдық қаржы секторындағы, адам ресурстарындағы, инфрақұрылымдағы, технологиялар мен инновациялардағы, интернационалдандырудың, шағын және орта кәсіпкерліктегі, өнеркәсіптік реттеудегі индустриялық дамудың жалпы жүйелік шараларын қарастырды. Бұдан өзге, өңдеуші өнеркәсіптің 14 секторында қолдауды көздейтін атаулы қолдау шаралары анықталды. Осыған байланысты барлық өңдеуші өнеркәсіпті дамыту жеке салалық бағдарламаларға бөлместен, бірыңғай бағдарлама мен шарттарға келтірілді.

Қазіргі таңда Қазақстан жаңа технологиялық шешімдерді және тұтастай алғанда экономиканы ғана емес, өңдеу өнеркәсібін де дамыту жөніндегі озық әлемдік тәжірибені енгізуге ден қойған.

2018 жылдың қорытындысы бойынша машина жасау өндірісінің көлемі алғаш рет 1089 млрд астам теңгені құрады, өндіріс өсімі – 14,1%. 2019 жылы 1370 млрд теңгеге өнім өндірілді, өндіріс өсімі 20,9% құрады.

Өндіріс көлемі мыналардың артуы есебінен қамтамасыз етілді:

  • автокөлік құралдары, трейлерлер мен ашық тіркемелер ‒ 62,5%-ға; 

  • басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар ‒ 22,2%-ға; 

  • электр жабдықтары ‒ 8,7%-ға

  • машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату ‒ 5,9%-ға

  • өзге де көлік құралдары, НКИ ‒ 2,1%-ға.

2000 жылдан бастап Қазақстанның машина жасау өндірісінің көлемі 24 есеге артты. 10-15 жыл ішінде сала жиынтықтаушы және қосалқы бөлшектер өндірісінен өнімнің соңғы түрлерін: тепловоздар, электровоздар, жолаушылар және жүк вагондары, жүк және жеңіл автомобильдер, автобустар, астық жинайтын комбайндар, сорғы жабдықтары, лифтілер және басқа да жоғары технологиялық өнімдер өндіруге көшті. Өнімнің жаңа түрлері пайда болды, атап айтсақ: локомотивтер, трансформаторлар, коммуникациялық жабдықтар, оптикалық бұйымдар, электрондық бөлшектер өндірісі, электр жарықтандыру жабдықтары өндірісі және т. б.

Бүгінде Қазақстанда автокөлік құралдарының барлық санаттары шығарылады. 

2019 жылы машиналар мен жабдықтар өндірісінің көлемі 20,9%-ға артты. Машина жасау саласында 2664 кәсіпорын, 64 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. 2019 жылы 7 жаңа жоба іске қосылды, 1080 жұмыс орны ашылды.

2019 жылы өсім 62,5%-ды құрады, 50 мыңнан астам көлік құралы шығарылды. Қазақстанда автомобиль және өзге де моторлы көлік құралдарын шығаратын 51 кәсіпорын жұмыс істейді.

Машина жасаудағы автомобиль өндірісінің үлесі 9 жыл ішінде 5%-дан 26%-ға дейін өсті. 2019 жылы 50 447 бірлік шығарылды.

Өткен жылы 13,2 млрд теңгеге 2 629 бірлік автокөлік техникасы экспортталды.

 

Машина жасауды дамытудың жол картасы 

Жол картасында отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету, сатып алудағы жергілікті қамту үлесін арттыру, техникалық реттеу шараларын жетілдіру, экономикалық ынталандыру тетіктерін енгізуді қамтитын қолдау шараларының топтамасы қарастырылған.

Машина жасауды дамытудың 2024 жылға дейінгі жол картасын іске асыру аясында келесі нысаналы индикаторларға қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар қарастырылған:

  1. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту

  2. Тиімділікті арттыру және қосылған құнды ұлғайту

  3. Импорт алмастырудың тиімді тетіктерін енгізу

  4. Жергілікті қамтуды дамытуды қолдау

  5. Экспортты ынталандыру

  6. Еңбек өнімділігін арттыру

  7. Салаға қосымша инвестициялар тарту

  8. Машина жасау саласында кәсіпкерлікті ынталандыру және ШОБ-ты дамыту

  9. Машина жасаудағы отандық ғылымды, ҒЗТКЖ, инжинирингті дамыту

  10. ҚР-да машина жасаудың негізгі секторлары үшін құрауыштардың жаһандық өндіруші-жеткізушілерін ұйымдастыру.

Машина жасау салаларының арасында өсімнің ең үлкен серпінін автомобиль жасау көрсетіп отыр. Электр техникалық, ауыл шаруашылығы, темір жол, тау-кен және мұнай-газ машинасын жасау секторларында өндіріс белсенді дамуда. 

Негізінен, машина жасаудың барлық аталған кіші салалары басымдыққа ие. Жалпы алғанда, электр техникалық, ауыл шаруашылығы машинасын жасауда жаңа өндірістер ашу, автоөнеркәсіпте автокомпоненттік база өндірісі және т. б. есебінен өндірістің ұлғаюы болжануда.

Елімізде мұнай-газ, тау-кен, ауыл шаруашылығы, электр техникалық машинасын жасау белсенді дамып келеді. 

Негізгі отандық электр жабдықтарын өндірушілер арасында мыналарды ерекшелеп атауға болады:

  • «Кентау трансформатор зауыты» ЖШС

  • «Қайнар-АКБ» ЖШС

  • «Алматы электр механикалық зауыты» ЖШС

  • «Қазэнергокабель» АҚ

  • «Келет» АҚ

  • «Өскемен конденсатор зауыты» АҚ

  • «Алматы желдеткіш зауыты» ЖШС

  • «Казцентрэлектропровод» ЖШС

  • «Сайман корпорациясы» ЖШС

  • «ZHERSU POWER» ЖШС

Электр техникалық машина жасауда сектордың ірі ойыншылары көлемінің артуы байқалады, «Қайнар-АКБ» ЖШС — өнімінің 50%-дан астамы экспорттық нарықтарға жеткізіледі. Министрлік өнімдерді Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Беларусь Республикасы және т. б. нарықтарына шығаруға көмек көрсетуде.

 

Соңғы жылдары қандай жұмыстар жүргізілді?

«Alageum Electric» АҚ 2018 жылы желтоқсан айында ИИД МБ аясында Қазақстанда Шымкент қаласында трансформаторлар шығаратын төртінші зауытты салды («Аsia Trafo» ЖШС), бұған дейін Орал қаласында («Орал трансформатор зауыты» ЖШС), Ақтау қаласында («Ақтау трансформатор зауыты» ЖШС), Кентау қаласында («Кентау трансформатор зауыты» ЖШС) өндіріс жолға қойылды. 

ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің тапсырмасы бойынша Энергетика министрлігімен бірлесіп 2019 жылы Қарашығанақ, Қашаған, Теңіз кен орындарында сатып алынатын мұнайгаз машина жасау өнімдерінің номенклатурасына талдау жасалды. Бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Осы жоспар аясында мұнайгаз секторы операторларымен мұнайгаз машина жасау кәсіпорындарының ұзақ мерзімді келісімшарттарды жасасуы бойынша жұмыс жүргізілуде. 

Тау-кен машина жасау кәсіпорындары сонымен қатар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ кәсіпорындарымен және басқа да жер қойнауын пайдаланушылармен ұзақмерзімді келісімшарттарды жасасу бойынша жұмыстар атқарып жатыр. 

Тау-кен өндірісі машина жасаудағы негізгі отандық компаниялар қатарында келесі кәсіпорындар бар: «КазБелАЗ» БК ЖШС, Қарағанды құю-машина жасау зауытының «Мэйкер» ЖШС, «Пархоменко атындағы ҚМЗ» ЖШС, «КарГорМаш» ЖШС, «Рудсервис К» ЖШС, «КИАМЗ Геомаш» ЖШС, «Құрылысмет» ЖШС, «Казахстанский экскаватор» ЖШС, «КазЦинкМаш» ЖШС, «МашЗавод №1» ЖШС, «Экскаватор» АҚ, «СП «Белкамит» АҚ, «ЗМО» ЖШС және т. б. 

2019 жылы ауыл шаруашылығы машина жасауда 41,2 млрд теңгеге өнім шығарылды, өсім 44% құрады. 

РФ өнеркәсіп және сауда министрлері мен ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі 2019 жылы 3 шілдеде Мәскеу қаласында РФ пен ҚР арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны дамыту саласындағы Бірлескен іс-қимыл бағдарламасын және Негізгі жобалар тізімін бекітті, оған «Aгромашхолдинг» АҚ және «Петербургский тракторный завод» АҚ пункттері енгізілді. 

2020 жылы өндіріс көлемін 106,2%-ға өсіру жоспарланған, отандық техника экспортқа шығарылады. Отандық машина жасау өнімдерінің экспорт көлемі артатын болады. Қазіргі кезде отандық өндірушілер мұнай бағасының төмендеуінен және коронавирус пандемиясынан туындаған нарықтағы қолайсыз ахуалға сараптама жасауда. Ресей рублінің құнсыздануы аясында отандық өнім экспорты қиындайды. 

Кооперация байланыстарын дамыту үшін 2019 жылы 2 сәуірде Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасында Бірлескен іс-қимыл бағдарламасы қабылданды. 

Онда «КАМАЗ» ЖАҚ, «Петербургский тракторный завод» АҚ, «АВТОВАЗ» ЖАҚ және «Хендэ Мотор Мануфактуринг Рус» ЖШҚ кәсіпорындарының қазақстандық кәсіпорындармен жүк автомобильдерінің жетекші жетектерінің басты берілісі редукторларын өндіретін зауыт құрылысы мен құю зауытын, ғылыми-зерттеу инжиниринг орталығын, К-700 тракторлары мен оның құрауыштарын шығару бойынша бірлескен жобаларды іске асыруда кооперациясы қарастырылған. 

2019 жылы 23 қазанда Қостанай трактор зауытында «Кировец» тракторының өндірісі іске қосылды. 

Алматы қаласында «Hyundai» маркалы жеңіл автомобиль шығару бойынша «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС жаңа зауытының құрылысы басталды, оның қуаттылығы бірінші кезеңінде жылына 30 000 бірлікті, ал екінші кезеңінде 45 000 бірлікті құрайды. 

Қазіргі кезде машина жасау саласында ҚХР-дың қатысуымен үш ірі жоба іске асырылуда: 

 

  1. СМС стратегиялық серіктесімен бірлесіп ірі торапты құрастыру (DKD/SKD) және ұсақ торапты құрастыру (CKD) әдістерімен JAC брендті жеңіл автомобиль өндірісі.

  2. СМС-тің «Группа компаний Аллюр» АҚ капиталына кіруі. 

  3. «Агромашхолдинг KZ» АҚ-ында Lovol трактор шығаруды ұйымдастыру» жобасы.

СМС – JAC Motors «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС алаңында шығарылатын автомобильдер желісін кеңейту және өндіріс кқлемін арттырудан басқа автоқұрауыштар өндірісін жолға қоюды жоспарлайды. 

Қытай серіктесітерімен ынтымақтастық аясында шина мен двигатель шығаратын зауытты іске қосу көзделген, бұл Қазақстанда автоқұрауыш базасының дамуына қуатты серпін береді. 

 

Қазақстанда машина жасаудың тұрақты өсуі үшін не қажет?

Мемлекеттік органдардың, даму институттарының, қоғамдық бірлестіктердің, қаржы ұйымдарының, жекеменшік және мемлекеттік меншік кәсіпорындарының іс-әрекеттерінің үйлесімі қажет. 

Негізгі өсу көздері инвестициялар тарту арқылы жұмыс істеп тұрған негізгі қорларды жаңғыртуға, сондай-ақ жаңа жобаларды іске асыруға бағдарлануы тиіс. 

Демек, негізгі қордарды жаңарту және жаңғырту үшін мемлекеттік те, жекеменшік те қаражат пен инвестициялар, жеңілдікпен берілетін несиелер есебінен саланы көлемді әрі көбірек қаржыландыру қажет. 

Кадр мәселесі өндірістегі басты әрі маңызды факторлардың бірі. Талдау барысында жұмыс істеп жүрген мамандардың жетіклікті көп екеніне қарамастан, сапалы кадрларға деген қажеттіліктің әлі де бар екені анықталды. Бұл бірінші кезекте жұмыс істеп тұрғна кәсіпорындардың дамуымен және жаңғыртылуымен, жаңа өндірістер мен жаңа технологиялық бағыттардың пайда болуымен, демографиялық өзгерістермен т. б. байланысты.

Қазақстанда машина жасаудың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторлары қатарында адам капиталын дамыту өте маңызды әрі проблемалы мәселелердің бірі. Қазіргі кезде салада дамудың күрделі кезеңі орын алды: дағдарыстан біртіндеп шығып, қазіргі нарық жағдайларында жұмыс істеуге бейімделе отырып, тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары айырылып қалған зияткерлік әлеуетін арттырды. 

Жалпы, Қазақстан экономикасының өсімі машина жасаудың озық өсімі арқылы жүруі тиіс, бұл өнеркәсіп кәсіпорындарында автоматтандыру мен механикаландыру дәрежесін көтеруге және республикадағы экономиканың барлық салаларында еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған тек заманға сай әрі біліктілігі жоғары кадрлар пулы жеткілікті болғанда ғана қол жеткізуге болады, мұндай кадрлар саланың және жалпы экономиканың ұзақмерзімді даму табыстылығының факторы болып саналады. 

Еңбек кадрларының біліктілігін арттыру қажет. Ресми статистикаға сәйкес, экономиканың еңбекақы төлеуде аса тартымды салалары қаржы секторы мен пайдалы қазбалар өндіру болып отыр. Бүгінде Қазақстанда машина жасауда біліктілігі жоғары кадрлардың жасы 40-45 жастан 65 жасқа дейінгі аралықта. 

Сонымен қатар, еңбек нарығын дамытуда өндіріс пен оқыту орталығының арасында тығыз білім беру үрдісін орнату қажет. Ел экономикасын жаңғырту үшін кадрлық ресурстарды дамытуда кәсіби оқыту мекемелерінің қажеттігі мәселесі бар. Соның нәтижесінде, көптеген оқу мекемелері өз жұмысын нақты сектор кәсіпорындарының жоспарына сәйкес үйлестірмейді, салдарынан аталған мәселе бойынша жұмыстарды күшейту қажеттігі туындайды. 

Мәселен, орта-арнайы және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін өнеркәсіп салаларының кәсіпорындарымен әлеуметтік әріптестіктің маңыздылығы бар. Өндіріс үшін талап етілетін оқыту бағдарламасын жоспарлау мен тығыз ынтымақтастық орнату еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен кәсіптер бойынша кәсіптік білім беру мен даярлаудың сапасын арттыруға жол ашады. 

Осы бағыттағы негізгі рөлдердің бірін бизнес әзірлеген және үнемі өзектілендіретін машина жасаудағы салалық біліктілік шеңбері мен кәсіби стандарттар болады. Оған білім беру стандарттары бейімделетін болады. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
16 Шілде 2020, 19:28
Ералы Тоғжанов елордадағы медицина мекемелерінде Президент тапсырмаларының іске асырылу барысын тексерді
14 Шілде 2020, 17:39
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
14 Шілде 2020, 15:59
ҚР Үкіметінің отырысы, 14.07.2020
14 Шілде 2020, 15:31
Қазақстан оқушылары үшін жаңа оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталады - ҚР БҒМ
14 Шілде 2020, 13:12
2020 жылы электрондық еңбек биржасы арқылы 281 мыңға жуық қазақстандық жұмысқа орналасты
14 Шілде 2020, 12:54
Індет кезінде Қазақстанда 22 млн астам электронды қызмет көрсетілді - ЦДИАӨМ
14 Шілде 2020, 12:46
Қазақстанда суармалы жерлер көлемін 2030 жылға дейін 3 млн га жеткізу жоспарланған
14 Шілде 2020, 12:17
Қазақстанда импорттаушы елдер нарығына егжей-тегжейлі шолумен «экспорттық гидтер» типтік жүйесін енгізу жоспарлануда — ҚР АШМ
14 Шілде 2020, 12:02
2020 жылғы І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 4,8%-ға өсті — ҚР ИИДМ
14 Шілде 2020, 11:33
2020 жылы инфляцияны 8-8,5% дәліз шегінде ұстап тұру үшін Ұлттық банк қолда бар құралдарды пайдаланады
14 Шілде 2020, 11:07
Іссапарлар мен өкілдік шығындарды қысқарту — Қаржы министрлігі мемлекеттік органдардың шығындарын қалай оңтайландырады
14 Шілде 2020, 10:59
Қазақстанда Үкімет пен Ұлттық Банктің экономикалық өсімді қалпына келтіру және халықты қолдау бойынша бірлескен жоспары қабылданады
14 Шілде 2020, 10:50
Биыл шілдеден бастап ай сайын 600 мыңнан аса қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету көзделген — ҚР ДСМ
14 Шілде 2020, 10:28
Үкімет шектеу шараларын а.ж. 2 тамызға дейін ұзартып, табысынан айырылуы бойынша 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді жүзеге асырады
13 Шілде 2020, 18:46
14 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
13 Шілде 2020, 18:28
Қазақстан Президенті пандемия құрбандарын үнсіз еске алу рәсіміне қатысты
13 Шілде 2020, 17:57
Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша бірқатар маңызды шешімдер қабылданды
13 Шілде 2020, 11:31
Асхат Оралов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
13 Шілде 2020, 11:15
Марат Қарабаев ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды
13 Шілде 2020, 11:07
Қанат Баитов ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
13 Шілде 2020, 10:30
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин COVID-19 індетінен көз жұмған қазақстандықтардың отбасыларына көңіл айтты
12 Шілде 2020, 11:41
Ерхат Есқалиев «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды
10 Шілде 2020, 21:35
Б. Шәріп «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы қызметінен босатылды
10 Шілде 2020, 20:32
Атырау облысына жұмыс сапары: Е. Тоғжанов аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға қатысты шұғыл жиын өткізді
10 Шілде 2020, 19:37
Қазақстан Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді
10 Шілде 2020, 15:07
Үкімет 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын шығарды
09 Шілде 2020, 20:45
Форвардтық сатып алу, егіс жағдайы және азық-түлік тауарларының қоры — Қазақстанның агроөнеркәсіп саласын дамыту
09 Шілде 2020, 16:13
COVID-19 бойынша жедел штаб өңірлердегі жағдайды бақылауда ұстауда
08 Шілде 2020, 19:25
Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары: экономика өсімін қалпына келтіру және ШОБ-ты қолдау
08 Шілде 2020, 18:30
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты
07 Шілде 2020, 18:40
Айгүл Шайымова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды
07 Шілде 2020, 18:35
Мәдина Жүнісбекова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:29
Нариман Мұқышев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:20
Пандемия жағдайында АХҚО қаржы нарықтарының даму көрсеткіштері қалай өзгерді
07 Шілде 2020, 12:10
Ақылы трассалардың пайда болуы, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау, жаңа технологияларды енгізу — Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С. Бармақовпен сұхбат
06 Шілде 2020, 20:15
Инвестиция тарту, ауқымды құрылыс жұмыстары және әлемде танылу — Қазақстанның бас қаласы қалай дамуда
05 Шілде 2020, 09:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №68
05 Шілде 2020, 09:37
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
04 Шілде 2020, 21:26
Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен қайта өрлеуі — түркі әлемінің рухани астанасы ретінде қалыптасудың жаңа кезеңі
03 Шілде 2020, 13:58
Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты
03 Шілде 2020, 09:16
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі
02 Шілде 2020, 16:42
Келісім жасасудың жаңа форматы және қашықтан білім беруге көшу — пандемия кезеңінде әлемдік экономиканы онлайн-талқылау қалай өтті
02 Шілде 2020, 12:07
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті 
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.