Мемлекеттік қолдау және баспананың қолжетімділігі: Қазақстандағы 2021 жылғы тұрғын үй құрылысының қорытындысы

Әлеуметтік әл-ауқат тұрғын үй мәселесімен тығыз байланысты және жақын болашақта тұрғын үй құрылысы Үкімет жұмысының басым бағытына айналуы тиіс. Сонымен қатар тұрғын үй құрылысы әлеуметтік мәселелерді шеше отырып, экономикалық өсу локомотивіне айналуы мүмкін. 2021 жылғы Қазақстандағы тұрғын үй құрылысының қорытындысы туралы толығырақ шолу материалынан оқыңыздар.

ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 мамырдан кешіктірмей жалдамалы тұрғын үйді субсидиялау бағдарламасын іске асыруды аяқтауды тапсырды. Ол бұл бағдарламаның бір жыл бұрын жұмыс істеп бастау керек болғанын атап өтті.

«Баяу атқарылып жатқан жұмыстың салдарынан жүз мыңдаған қазақстандық әлі күнге дейін бұл қолдау түрін ала алмай отыр. Шенеуніктер аз қамтылған азаматтар үшін тұрғын үй шығындарын азайту жөніндегі қарапайым және түсінікті бастамадан ірі құрылыс фирмаларын қолдау құралын құруға ұзақ уақыт тырысты. Соңғы рет қайталаймын: бұл әлеуметтік бастама. "Отбасы банкіне" және Цифрландыру министрлігіне субсидия берілетіндер, сондай-ақ жылжымайтын мүлікті жалға беретіндер тіркелетін платформа құру қажет», — деді сол кезде Мемлекет басшысы.

Президент азаматтардың әкімдіктер немесе құрылыс салушылар айтатын жерде емес, өздері қалаған жерде тұрғын үйді өз бетінше таңдау мүмкіндігі болуы тиіс екенін атап өтті.

«Мемлекеттен азаматтардың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарына жалдау ақысының 50 пайызы мөлшерінде субсидия төленетін болады. Ал отбасы бюджетінің босаған ақшасы азық-түлік, білім, медицина секілді қажеттіліктерге жұмсалады. Сондықтан осы жүйе бойынша өтінімдерді қабылдауды бастау керек. Мен осындай тапсырма беремін. Ұзаққа созбай, жұмысты жалғастыру қажет. 1 мамырдан кешіктірмей бұл жұмысты аяқтап, оның қалай орындалып жатқаны туралы баяндауды тапсырамын», — деді Қ. Тоқаев.

2018-2019 жылдары тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны айтарлықтай жоғары болды. Бұл 25 мың отбасының, оның ішінде 5,5 мың көп балалы аз қамтылған отбасы мен 3 мың жұмыс істейтін жастардың тұрғын үй мәселелерін шешуге мүмкіндік берді. «Тұрғын үйге қолжетімділік сатысы» енгізілді, ол әрбір қазақстандыққа өз табысына қарай қандай мемлекеттік қолдауға және қандай тұрғын үйге үміткер болуға болатынын айтып береді.

Айта кетейік, тәуелсіздік жылдары Қазақстанда 141 миллион шаршы метрге тұрғын үй салынды. Мемлекет елде тұрғын үйді дамытудың бірыңғай моделін әзірлеп жатыр, оның негізгі қағидасы — тұрғын үйге, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қол жетімділікті арттыру. Елімізде тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берген ипотекалық кредиттеудің жаңа бағдарламалары бастау алды.

Осылайша, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы тұрғын үй құрылысын қолдаудың жаңа тетіктерін біріктіреді. 2018 жылы «7-20-25» бағдарламасы іске қосылды, ол 5 жыл ішінде 650 мың отбасына немесе 2 млн-нан астам азаматқа жеке тұрғын үй сатып алуға көмектесуі тиіс. 2019 жылы 2% жеңілдік мөлшерлемесімен және 10% бастапқы жарнасымен «Бақытты отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды. «Нұрлы жер» бағдарламасы халықтың түрлі топтарының тұрғын үй мәселелерін кешенді шешуге бағытталған. Бағдарлама сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй салуды, кредиттік тұрғын үй салуды, жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды, жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыруды қамтиды.

2021 жылы «Нұрлы жер» аясында 20 290 адам қоныс тойын тойлады. Оның ішінде «Бақытты отбасы» бойынша 4 216, «Шаңырақ» бойынша 11 087 отбасы және «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша 4 987 қарыз берілді.

Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін 2021 жылы 3 839,7 млн теңгеге 3 713 тұрғын үй сертификаты берілді.

Сондай-ақ «Нұрлы жер» шеңберінде бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру бойынша ҚТК (Қазақстандық тұрғын үй компаниясы) желісі бойынша «жеке құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау» бойынша көрсеткіш көзделеді. 2021 жылы осы бағыт бойынша жалпы сомасы 27, 8 млрд теңгеге ЕДБ-ға тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін берілетін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға құрылыс салушылардың 17 өтінімі мақұлданды.

Сонымен қатар ҚТК «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алу арқылы «Отбасы банк» АҚ салымшылары үшін несиелік тұрғын үй құрылысын қаржыландырады. 2021 жылы 163, 7 млрд теңге сомасына жергілікті атқарушы органдардың облигациялары сатып алынды, 281,1 мың шаршы метр (4,5 мың пәтер) пайдалануға берілді. 

2021 жылдың қорытындысы бойынша Банк 82 252 қазақстандық отбасына қоныс тойын атап өтуге көмектесті. Тұрғын үй жағдайын жақсартуға 2021 жылы дәл осынша қарыз берілді.

Жалпы Банк 2021 жылы қазақстандық ипотеканың жалпы үлесінің 71%-ын берді. Бұл ретте ол NPL-дің ең төменгі деңгейін сақтап қалды (90 күннен астам мерзімі өткен қарыздар) және есепті кезеңде бұл көрсеткіш 0,06%-ды құрады, орташа банктік деңгейде — 3,3%.

ҚТК бөлігінде үлестік құрылыс, оның ішінде осы қажеттіліктер үшін зейнетақы жинақтарының белгілі бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі есебінен 2021 жылы алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда кепілдік беру көлемінің нәтижелеріне оң әсер етті (2021 жылы жалпы ауданы 1 994 мың м2, жалпы сомасы 372,6 млрд теңге тұрғын үй құрылысын аяқтауға 70 кепілдік беріліп, 21 183 қазақстандық отбасы пәтерлермен қамтамасыз етілді).

2021 жылы қазақстандықтардың жаңа қонысын атап өтуіне зейнетақының жеткіліктілік шегінен жоғары артығын пайдалану мүмкіндігі көмектесті. Банк біржолғы зейнетақы төлемдерін мақсатты пайдалану жөніндегі уәкілетті операторлардың бірі болып тағайындалған еді. Өткен жылы 372 021 қазақстандық өзінің тұрғын үй жағдайын жақсарта алды.

2021 жылғы 16 желтоқсаннан бастап БЗТ көмегімен Отбасы банкіндегі депозиттерді толықтыруға мүмкіндік туды. Салымдарды толықтырудың жаңа опциясынан басқа, БЗТ арқылы нысаналы мақсаты бар жер учаскесін — жеке тұрғын үй құрылысын немесе жеке қосалқы шаруашылықты бөлек сатып алу мүмкін болды.

Айта кету керек, ҚТК желісі бойынша берілген кепілдіктер жаңа салынып жатқан тұрғын үйге сұраныстың артқандығын көрсетеді, оған көптеген өңірде қолда бар тұрғын үй қоры айтарлықтай ескіруі әсер етті.

Тұтастай алғанда, тұрғын үй құрылысы нарығында жаңа ойыншылар тарапынан (бірыңғай оператор тұрақты негізде құрылыс салушыларға консультация жүргізеді), сондай-ақ бүгінгі күні үлестік құрылыс дамымаған өңірлерде кепілдік беру тетігіне айтарлықтай қызығушылық байқалады, бұл халық тарапынан сұраныстың бар екенін көрсетеді.

 

2021 жылдың қорытындысы бойынша «Бәйтерек» холдингі тұрғын үй құрылысы аясында бірқатар нәтижелерге қол жеткізді

Облигацияларды сатып алу тетігі арқылы кредиттік тұрғын үй салу бағыты бойынша әкімдік жалпы сомасы 163,7 млрд теңгеге немесе бекітілген жоспардың 100%-ын қорландыруды ұсынды. Қаражат әр 2 жыл сайын револьверлік негізде жылдық 4,25%-бен жеңілдікті шарттармен беріледі.

2022-2025 жылдары 4 млн шаршы метр кредиттік тұрғын үй құрылысының жалпы сомасы 869 млрд теңгеге ЖАО облигациялары кумулятивті түрде сатып алынады.

Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінің бағыты бойынша бүгінгі таңда 2021 жылы халыққа жалпы сомасы 1,1 трлн теңгеге 73 мың жеңілдікті қарыз берілді, оның ішінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 150 млрд теңге сомасына 13,6 мың қарыз берілді.

Көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін жылдық 2%-бен «Бақытты отбасы» жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы бойынша 2021 жылы 70 млрд теңге бөлінді, 45 млрд теңгеге 3 837 қарыз берілді, 10,2 млрд теңгеге 873 қарыз қосымша мақұлданды. Барлығы 2022-2025 жылдарға арналған «Бақытты отбасы» бойынша үй беру жоспары 240 млрд теңгені құрайды.

Үлестік тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша жалпы сомасы 362 млрд теңгеге, ауданы 2 млн шаршы метр тұрғын үйге 73 жоба кепілдендірілді. Бұл халықтың коммерциялық нарықта 21 мың пәтер сатып алуға салған салымдарын қорғауға мүмкіндік берді. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заң қолданысқа енгеннен бері жалпы ауданы 3,6 млн шаршы метр болатын 603,4 млрд теңгеге 143 кепілдік берілді. 2025 жылға дейін барлығы 500 млрд теңгеге жуық жобалар кепілдендіріледі.

Жеке құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау бағыты жоспары бойынша 20 млрд теңге, жалпы сомасы 27,8 млрд теңгеге жобалар мақұлданды. Құрылыс компаниялары үшін коммерциялық кредиттердің құны орта есеппен 50%-ға арзандады. 2025 жылға дейін жалпы сомасы 100 млрд теңге болатын жобаларға қолдау көрсетіледі.

Бұдан басқа, Қазақстандық тұрғын үй компаниясы «Қазреестр» үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жаңғырту бойынша жұмыс жүргізуде. Компанияның осы жүйесі жүйені дамытуды және жаңғыртуды, оның ішінде мемлекеттік деректер базасымен интеграциялау арқылы қамтамасыз етеді. Бұл үлестік қатысу шарттарын электрондық тіркеуді 3 күннен 2 сағатқа дейін қысқартуға және сұраныссыз құрылыс салушылар арасында тұрғын үйді нарықта "қосарланған" сатуды болдырмауға мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар Қазақстандық тұрғын үй компаниясы тұрғын үй құрылысының өзіндік құнын төмендету және қазақстандық өндірушілерді қолдау мақсатында құрылыс материалдарының маркетплейсін әзірледі. Бұл платформа құрылыс саласының қатысушыларына тауарлар, жұмыстар, қызметтер туралы ақпаратты орналастыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға мүмкіндік береді. Қазір отандық өндірушілерге коммерциялық ұсыныстар жіберу функциясы бар құрылыс материалдарына қажеттілік витринасы қалыптастырылды. Екінші кезеңде платформаның мәртебесін және ол арқылы материалдарды сатып алу тәртібін анықтағаннан кейін жеткізушілер мен құрылыс салушылар арасында онлайн шарттар жасасу функциясы әзірленетін болады. Маркетплейсті өнеркәсіптік пайдалануға енгізу 2022 жылғы 1-тоқсанда жүзеге асырылатын болады.

Тұрғын үй саясатын реформалау жөніндегі заң жобасы шеңберінде Отбасы банкінің базасында тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық құрылатын болады, ол тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алуды, қоюды және жүргізуді, сондай-ақ тұрғын үйге қолжетімділік сатысына сәйкес тұрғын үйді қою күні бойынша бөлуді орталықтандырып жүзеге асыратын болады. Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорларымен интеграцияланатын болады.

Бұдан басқа, Екінші деңгейдегі банктің мәртебесін ұлттық даму институты мәртебесіне ие банкке өзгерту жоспарлануда. Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін төлемнің бір бөлігін субсидиялау тетігін іске асыру бойынша Ұлттық жобада 2022 жылы ЖАО-да кезекте тұрғандардың 20 мыңы және 2025 жылдың соңына дейін кезекте тұрғандардың 185 мыңын қамту жоспарланып отыр.

Сондай-ақ «Отбасы банк» АҚ облыстардың әкімдерімен бірлесіп, банк құралдары аясында даму әлеуеті төмен моноқалалардың тұрғындары үшін бастапқы жарнасы 10%, сыйақы ставкасы 2-5% шегінде жеңілдетілген ипотека бағдарламасы әзірленетін болады. Өнімді құрудың жоспарланған мерзімі — 2022 жылдың 1-тоқсаны.

 

Құрылыс саласын цифрландыру бойынша қандай жұмыстар жүріп жатыр?

Цифрландыру бизнес-процестерді ашық, айқын етеді. Құрылыс объектілерін онлайн форматта модельдеуге мүмкіндік беретін, атап айтқанда ақпараттық модельдеу технологияларын (BIM-технологиялар) қолдану арқылы Ақпараттық модельдердің мемлекеттік банкі жүйесі енгізілуде,

Өз кезегінде «Е-Құрылыс» жүйесі онлайн режимде қазаншұңқыр қазудан бастап пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңдегі құрылыс процесін бақылауға мүмкіндік береді. Үлестік қатысу шарттарын есепке алу үшін «Қазреестр» енгізілді. Ол жосықсыз құрылыс салушылардан үлестік құрылыс бойынша тұрғын үй сатып алу тәуекелдерін барынша азайтады. Маркетплейс онлайн платформасында компаниялар құрылыс материалдарын өндірушілерден делдалсыз тікелей сатып ала алады.

«Е-Шаңырақ» платформасы тұрғындардың жеке көмекшісі бола отырып, өз үйін басқару бойынша барлық ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жалпы саланы цифрландыру бойынша қабылданып жатқан шаралар бюрократияны төмендетеді және құрылыстағы рәсімдерді жеңілдетеді.

Мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың инвестицияларының қатысуымен бірдей объектілердің құнын арттыруды болдырмау үшін мемлекеттік сараптама порталына онлайн-калькулятор енгізе отырып, құрылысқа жұмсалатын шығындардың шекті лимиттері белгіленді (epsd.kz).

Бірлі-жарым сметалық бағалар, сметалық бағалардың анықтамалары (прайс-листтердің орнына) әзірленіп жатыр. Бұл өңірлер бойынша бірдей объектілерді салу құнының ауытқуын, сондай-ақ жобалау және жобалау-сметалық құжаттаманы сараптау кезеңдерінде жобалардың сметалық құнының жоғарылауын болдырмайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары шағым түспесе, тексере алмайды және МСҚБ объектілерді пайдалануға қабылдауға қатыспайды. Құрылыс салушылардың немқұрайлылығы байқалады, объектілер кемшіліктермен қабылданады.

Мемлекеттік бақылауды күшейту үшін мынадай шұғыл шараларды қамтитын заң жобасы әзірленді:

  1. Аумақта құрылысты сапасыз жоспарлауды болдырмау мақсатында қала құрылысы сараптамасын енгізу; 

  2. Құрылыстың барлық кезеңінде объектілерге жоспарлы бақылауды енгізу және МСҚБ-ның объектілерді пайдалануға қабылдауға қатысуы; 

  3. Пайдаланылатын материалдар мен орындалған жұмыстардың сапасына зертханалық және техникалық тексеру жүргізу үшін тәуелсіз мемлекеттік зертханалық қызмет құру. 

Сонымен қатар ретсіз құрылыс салуды болдырмау және қала құрылысын жоспарлауды реттеу аясында халықаралық тәжірибені ескере отырып, халықтың жайлы тұруы үшін қалаларды кешенді салудың жаңа стандарттары енгізілуде. Стандарттар бірізділеніп, мыналардан тұратын болады:

  • қала аумақтарын кешенді дамыту принциптері;
  • қалалық аумақтарды дамыту стандарты;
  • қалалардың келбетін қалыптастыру стандарты;
  • бос аумақтарды игеру стандарты;
  • жобаларды әзірлеу және іске асыру бойынша басшылық.

Қазақстандық өндірушілер ішкі нарықтың бетон, цемент, қабырға материалдары сияқты базалық құрылыс материалдарына сұранысына толық көлемде жауап беріп отыр. Барлық жерде дерлік құрылыста және жөндеу кезінде тек қазақстандық гипс-қатырма мен құрғақ құрылыс қоспалары қолданылады. Алайда фиништің өңдеу сегментінің қосылған құны жоғары тауарлары импортқа тәуелді құрылыс материалдары болып қалды. Әдетте, бұл әрлеу материалдары, тұсқағаздар, линолеум, жылу оқшаулағыш материалдар, санфаянс және шыны бұйымдары.

Жаңа тұрғын үйді іске қосу көлемінің өсу қарқынын ескере отырып, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуатын арттыру және жаңа серпінді инвестициялық жобаларды іске асыру қажет, бұл саланың импортқа тәуелділігін төмендетуге ықпал етеді.

2021 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі кезеңде жалпы сомасы 1066 млрд теңгеге 165 жобаны іске асыру көзделіп отыр, 16,3 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылады. Өңірлер бойынша жаңа инвестициялық жобалардың басым бөлігін Ақмола, Түркістан, Алматы облыстарында және Нұр-сұлтан және Шымкент қалаларында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Құрылыс салушыларға ыңғайлы болуы үшін Digital Baiterek порталында құрылыс салушылардың кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға өтінімдер беру функциясы іске асырылды. Бұл функция 2022 жылы үлестік құрылысқа кепілдік беру бойынша құрылыс салушылар үшін де қолжетімді болады.

Сондай-ақ қазақстандық құрылыс материалдарын өндірушілерді қолдау және тұрғын үй құрылысында қазақстандық қамтуды арттыру мақсатында «ҚТК» АҚ «Нұрлы жер» ахуалдық орталығының базасында құрылыс материалдарының маркетплейсі онлайн-алаңын әзірлеуді жүргізеді.

Бұл платформа қазақстандық құрылыс материалдарын өндірушілерге өз өнімдері туралы ақпаратты орналастыруға, ал құрылыс компанияларына қажетті қазақстандық материалдарды делдалсыз ең тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.

Құрылыс компаниялары отандық құрылыс материалдарына тікелей қол жеткізе алады, өндірушілерді іздеуге шығын кетпейді, олармен келісімшарттар жасай алады, сондай-ақ логистикалық компаниялардан материалдарды жеткізуге ұсыныстар ала алады.

Бүгінгі таңда бірінші кезең аясында құрылыс компанияларының құрылыс материалдары бойынша қажеттіліктерінің онлайн-витринасы және электрондық коммерциялық ұсыныстарды жіберу функциясы бар отандық жеткізушілердің құрылыс материалдарының витринасы жасалды (www.material.kz). Платформа тестілік режимде іске қосылды және оның функционалдық және жүктемелік тестілеуі жүргізіліп жатыр. 

Екінші кезеңде платформаның мәртебесін және ол арқылы материалдарды сатып алу тәртібін анықтағаннан кейін жеткізушілер мен құрылыс салушылар арасында онлайн шарттар жасасу функциясы әзірленетін болады.

Жоғарыда көрсетілгендей, 2021 жылдың нәтижелері бойынша бірыңғай оператор Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау, Ақтөбе қалаларында және Алматы облысында жалпы сомасы 372,6 млрд теңгеге ЖТК құрылысының 70 жобасын кепілдендірді, шамамен 21 183 қазақстандық отбасы үшін жалпы ауданы 1 994 мың м2 болатын пәтерлер. 

 

Зейнетақыны алу кезінде жеткіліктілік шегінің артуына байланысты 2022 жылы тұрғын үй сатып алуға сұраныс төмендей ме?

2022 жылы тұрғын үй нарығын дамыту жалғасады, алайда өсу қарқыны 2021 жылғыдай болмайды.

Ипотекалық нарықтың дамуына сұраныс әсер етеді, бұл сұраныс Қазақстанда халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің жеткіліксіз деңгейіне, сондай-ақ соңғы 20 жылда бала туу мен некені тіркеудің өсуіне негізделген. Бұл екі көрсеткіш тұрғын үйге деген сұранысты тікелей қалыптастырады.

Бұл орайда тұрғын үй сатып алу мүмкіндігіне халықтың табысының болуы әсер етеді. Соңғы жылдары халықтың табысы да статистикалық мәліметтерге сәйкес өскеніне қарамастан, ұлттық валютаның девальвациясын, тұтыну, әсіресе импорттық тауарлар бағасын ескере отырып, халықтың көп бөлігі жеке жинақ есебінен пәтер сатып ала алмайды. Сондықтан ипотекалық кредит беру арқылы тұрғын үй сатып алу нақты мүмкіндік болып отыр.

Бұдан бөлек, Банк халықтың табысы төмен әлеуметтік осал топтарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды нарықтық бағадан төмен мөлшерлеме бойынша кредиттей отырып, оларды іске асыруды жалғастыруда. Бұл сегментте 2022 жылдың басында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 235 мың адам болды.

2021 жылы тұрғын үй сатып алуға зейнетақы қаражатын алу мүмкіндігін ескере отырып, нарықтың қызғаны сөзсіз. Мәселен, жыл бойы тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 2 есеге дерлік артып, өткен жылдармен салыстырғанда 609 мыңды құрады. Осыған байланысты 2022 жылы мәмілелер көрсеткіші төмен болуы мүмкін.

Сондай-ақ жеткіліктілік шектің өсуі және 2021 жылы халықтың негізгі бөлігінің зейнетақы қаражаты есебінен тұрғын үй сатып алуына байланысты өсу баяулауы мүмкін, алайда ипотекалық нарықтың дамуы бәсеңдемейді деп болжауға болады.

Нарықтың одан әрі дамуына әлемде болып жатқан оқиғалардың қашанға дейін созылатыны да әсер етуі мүмкін.

 

Қазіргі уақытта қанша отбасы баспанаға мұқтаж және 7-20-25 бағдарламасы азаматтардың қажеттіліктерін жаба ала ма?

Бүгінде тұрғын үй кезегінде 590 мың азамат тұр, оның 70 мыңы әлеуметтік осал топтарға кіреді, табысы 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен. Бұл көп балалы отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, жетім балалар, мүгедек балалары бар отбасылар.Осы мұқтаждарға жалға берілетін тұрғын үй құнының жартысын тағайындау ұсынылады.

Жалдау ақысы бойынша атаулы көмек қағидаты азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген: 50%-ы мемлекеттік субсидиялар есебінен жабылады, қалған 50%-ын алушының өзі төлейді. «Отбасы банк» оператор болады. Жыл сайын республикалық бюджеттен 50 млрд теңге қажет.

Республикалық бюджетке жүктемені төмендету мақсатында және кейбір өңірлер бюджеттерінің тапшылығын ескере отырып, жергілікті бюджеттерден 10% мөлшерінде қоса қаржыландыру градациясын қолдану ұсынылады. Бұл жағдайда республикалық бюджеттен шығындар 41,7 млрд теңгені және жергілікті бюджеттер үшін 10,4 млрд теңгені құрайды.

Тетікті іске асыру үшін азаматтардың жекелеген санаттарына жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру қағидалары бекітілді, азаматтарға жалдау ақысының бір бөлігін төлеу үшін цифрлық платформаның тестілік нұсқасы жасалды. Платформа ЭЦҚ көмегімен өтінім беруді және өтінім берушінің талаптарға сәйкестігін автоматты түрде тексеруді көздейді. Тексеру ЦДИАӨМ, ӘМ, МКК, БҒМ, ЕХӘҚМ мемлекеттік деректер базаларымен интеграциялау жолымен жүзеге асырылады.

 

Өңірлердегі тұрғын үй құрылысының қорытындылары

 

Нұр-Сұлтан қаласы 

Нұр-Сұлтан қаласында бүгінгі таңда тұрғын үй алуға кезекте тұрған халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтары 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасының бірнеше бағыты бойынша сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй, кезекте тұрғандар қатарынан аз қамтылған отбасыларға ТҮҚЖБ арқылы кредит беру, кредиттік тұрғын үй салу және т. б. бойынша баспана ала алады. 

Сатып алу құқығынсыз әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үйді іске асыру шеңберінде тұрғын үй халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарына, оның ішінде көп балалы отбасыларға кезек тәртібімен беріледі. 

Кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары конкурс жариялануына қарай осындай тұрғын үй сатып алуға өтініш бере алады. 

Тұрғын үйді сатудың келесі бағыты «ЖАО-да кезекте тұрған (Бақытты отбасы) аз қамтылған отбасыларға ҚТҮҚЖБ арқылы кредит беру». 

Аталған бағыттың қатысушылары кезекте тұрған көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар бола алады, оларға «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы жылдық 2%-бен, бастапқы жарнасы кемінде 10%, 20 жылға дейінгі мерзімге жеңілдікті қарыздар беру көзделген. Тұрғын үй құны 15 млн теңгеден аспайтын бастапқы, сондай-ақ қайталама болуы мүмкін. 

Қатысушыларды іріктеуді ИИДМ айқындаған қарыздар (лимиттер) санына қарай «Отбасы банк» АҚ жүргізеді. Сондай-ақ, әкімдіктен 1,5 млн теңге көлеміндегі бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын беру қарастырылған. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылы Отбасы банкінің салымшылары болып табылатын, әкімдікте кезекте тұрғандар үшін 5-10-20 «Шаңырақ» бағдарламасы іске асырыла бастады. 

Жаңа жобаның арқасында «Нұрлы жер» бағдарламасы кеңейтілді, онда «Шаңырақ» пилоттық жобасы шеңберінде кредиттік тұрғын үй салу көзделген. «Шаңырақ» жобасы 2020-2022 жылдарға арналған. 

Мұнда кезекте тұрғандар, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметшілер Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі салатын тұрғын үйлерді сатып ала алады, сондай-ақ тұрғын үйді «Отбасы банк» жеңілдетілген қарызы есебінен жылдық 5%-бен, бастапқы жарнасы 10%, кредиттеу мерзімі 20 жылға дейін баспана сатып ала алады.

Осы бағыт шеңберінде әкімдік 1 ш.м. үшін сату құны 220 мың теңгеден аспайтын тұрғын үй салады, қатысушыларды «Отбасы банк» іріктейді. 

Сондай-ақ кезекте тұрғандар жылжымайтын мүлік нарығында жеңілдетілген қарыз шарттары бойынша тұрғын үй сатып ала алады, бұл ретте тұрғын үй пайдалануға берілген немесе Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының кепілдігі бар, құны 18 млн теңгеге дейінгі, құрылыс салушыдан бастапқы баспана болуы тиіс. 

Сондай-ақ кезекте тұрғандарға халықтың әлеуметтік осал топтарына, сондай-ақ білім беру ұйымының педагог қызметкерлеріне, денсаулық сақтау ұйымының медицина қызметкерлеріне, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне ведомстволық бағынысты мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ұйымдардың бейінді қызметкерлеріне, сондай-ақ қалалық Полиция департаментінің, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификатын беру қарастырылған. 

Жұмыс істейтін жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасына сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету бағыты енгізілді. Осы бағыт бойынша баспана алушылар – 29 жасқа толмаған, меншік құқығында тұрғын үйі жоқ және Нұр-Сұлтан қаласында кемінде екі жыл тіркелген жұмыс істейтін жастар.

Тұрғын үй сатып алу құқығынсыз 5 жыл мерзімге ұзарту құқығынсыз жалға беріледі, көрсетілген уақыт ішінде азаматтардың жеке тұрғын үй сатып алу үшін қаражат жинауға мүмкіндігі бар. 

2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласында 1 050 пәтерді қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар өткізілді. Бұл ретте, мерзімін азайту үшін осы мақсаттарға жылжымайтын мүлік нарығында пәтерлер сатып алу көзделген.

Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан қаласында аталған бағыт бойынша құрылыс жүргізілмейді, ал тұрғын үй ЖАО сатып алған пәтерлерде беріледі. 2022 жылы бағдарламаны жалғастыру көзделген.

Сонымен қатар жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің қосымша құралы ретінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Елорда жастары» бағдарламасы аясында 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) мамандарға жеңілдікпен кредит беруді бекіту бойынша жұмыс жүргізуде.

2021 жылы аталған бағдарлама аясында 200 қатысушы іріктелді. Тұрғын үй сатып алуға зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі туралы хабарланғаннан кейін бүгінгі күні БЗТ пайдалана отырып, тұрғын үйді сатып алу бойынша азаматтардың өтініштерінің артқаны байқалады.

Сондай-ақ бұрын жекешелендірілген, бөліп төлеу арқылы сатып алынған пәтерлер бойынша берешекті ішінара өтеу үшін БЗТ пайдаланған азаматтар санының да артқаны байқалады.

 

Алматы қаласы 

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2021 жылы жалпы ауданы 239,7 мың м2 66 үй немесе 3065 пәтер пайдалануға берілді. 

2021 жылы Алматы қаласына «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 790 қарыз (243 көп балалы отбасы, 89 толық емес отбасы, 458 мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасы) беруге қаражат бөлінді.

Оның ішінде сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 1451 пәтер – көп балалы отбасылар үшін 185, халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтары үшін 211 пәтер және жұмыс істейтін жастар үшін 1050 пәтер берілді. 

ЖАО кезекте тұрғандар үшін кредиттік тұрғын үй – 1614 пәтер. 2022 жылы жұмыс істейтін жастар үшін тұрғын үй салу көзделмеген, оның орнына жеке құрылыс салушылардан 1050 пәтер сатып алуға 7,56 млрд теңге бөлінді. 

Алматы қаласының әкімдігі көп балалы отбасыларды қолдау мақсатында қарыздар санын ұлғайту үшін Алматы қаласы мәслихатының шешімімен Бағдарлама шарттарында осы санаттағы кезекте тұрғандарға жеңілдікпен кредит беруді бірлесіп қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 3,3 млрд теңге (223 қарыз) мөлшерінде қаражат бөлді. 

«Отбасы банкінің» ақпаратына сәйкес, 2021 жылы Бағдарлама аясында «Бақытты отбасы» бағытында «көп балалы отбасылар» санаты бойынша 234 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, қалғандары тұрғын үй іздеуде.

Тұрғын үй сертификаты «Жергілікті атқарушы органның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйі», «Шаңырақ» пилоттық жобасының қатысушыларына кредит беру» және ЖАО-да кезекте тұрған аз қамтылған отбасыларға ҚТҚЖБ кредит беру» («Бақытты отбасы» республикалық бағдарламасы) бағыттары бойынша өтеусіз және қайтарымсыз негізде 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек немесе әлеуметтік қолдау түрінде ұсынылады. 

Алматы қаласы мәслихатының шешімімен Алматы қаласында кезекте тұрғандар қатарынан өтеусіз және қайтарымсыз негізде 1 млн теңге сомасына тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі бекітілді:

  • 1 және 2 топтағы мүгедектер;

  • мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;

  • жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

  • көп балалы отбасылар.

2021 жылы 472 тұрғын үй сертификаты берілді.


Шымкент қаласы

Қала бойынша 2021 жылға тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары 1 млн м2 құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 55 пайызға артты. Құрылыс жұмыстарының нақты көлемі индексінің 2021 жылға арналған жоспары 136,5 млрд теңгені немесе 111,1%-ды құрады. 2021 жылғы қаңтар-қарашада құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 116 млрд теңгені құрады, желтоқсанда іске асыру жұмыстары 20,5 млрд теңгені құрады.

Шымкент қаласында 2022 жылы құрылыс материалдарын өндіру саласында сомасы 25,2 млрд теңгеге 619 жұмыс орнын құрумен 7 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Ірі жобалардың қатарында санфаянс пен керамикалық тақтайшалар шығаратын Orient Ceramic компаниясы, құйылған әйнектен жасалған шыны конструкцияларды өңдейтін және шығаратын Global Glass зауыты және Dala Construction үй құрылысы комбинаты бар. Бұдан басқа, 2025 жылға дейін 66 млрд теңге сомасына 900-ге жуық жұмыс орнын құрумен 9 инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр.

«7-20-25» бағдарламасы аясында Шымкент қаласы бойынша 2021 жылға 25 078,4 млн теңге сомасына 1 796 өтінім мақұлданды. «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде Шымкент қаласы бойынша 2020 жылға бастапқы нарықта 19,6 млрд теңге сомасына 1 639 адам тұрғын үймен қамтамасыз етілді, 2021 жылға 25,1 млрд теңге сомасына 1796 адам қамтамасыз етілді.

2020 жылмен салыстырғанда «7-20-25» бағдарламасы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 1,1%-ға ұлғайды.

Сонымен қатар 2021 жылы «Шаңырақ» пилоттық жобасы аясында 1728 пәтерлі 27 тұрғын үй пайдалануға берілді, олар «Отбасы банк» АҚ арқылы кезекте тұрғандарға бөлінеді.

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 74 бабына сәйкес көп балалы отбасылар мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға бірінші кезекте құқылы. 

Сондай-ақ тұрғын үй алу кезегінде тіркелген азаматтар «Бақытты отбасы – 2-10-20» жеңілдетілген кредиттік тұрғын үйлердің бағыттары бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатыса алады. 

Бұдан басқа, көп балалы отбасыларға кредиттік тұрғын үй бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін төлеу үшін 1 млн теңгеге дейінгі сомаға тұрғын үй сертификаты беріледі.

2020 жылы «Жұмыс істейтін жастарға арналған тұрғын үй» бағдарламасы бойынша 904 пәтер, 2021 жылы 300 пәтер берілді. Жоспарға сәйкес 2022 жылы 857 пәтер беріледі деп күтілуде.

Жылжымайтын мүлікке сұраныс 2021 жылы 3,3 млрд теңгеге ұлғайды. «Отбасы банкі» арқылы 2,6 млрд теңге сомасына тұрғын үй қарызын алу мақсатында 548 клиент жүгінді және басқа ЕДБ арқылы 650 млн теңге сомасына 157 адам кредит алды.


Ақмола облысы 

Өңірде құрылыс саласының негізгі көрсеткіштері орындалды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 163,3 млрд теңгені құрады, НКИ – 110,8%. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 10,7%-ға өсті. Соңғы төрт жылда Ақмола облысында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Болашақта 2025 жылға дейін барлық қаржыландыру көзі есебінен 4 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. 

Тұрғын үй құрылысындағы қазақстандық қамту үлесі шамамен 95%-ды құрайды, бұл 2022 жылғы жоспарлы көрсеткіштен асады. Құрылыс индустриясы саласында 100-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге 166 келісімшарт пен лицензия жасалды. 

2021 жылдың қорытындысы бойынша 600,14 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 4615 ақмолалық отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайын жақсартты, оның ішінде:

  • Жалға берілетін тұрғын үй – 36,1 мың ш. м., 14 жалға берілетін үй, 556 пәтер (оның ішінде 100 пәтер көп балалы отбасыларға арналған);

  • 13,1 мың ш.м. несиелік тұрғын үй немесе 204 пәтер, 5 несиелік үй пайдалануға берілді. 

Кредиттік тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша оң динамика байқалады. 

  • Басқа да тұрғын үйлер – 0,9 мың ш. м. немесе 8 пәтер;

  • Коммерциялық баспана – 134,5 мың ш. м. немесе 1414 пәтер;

  • ЖТҚ – 415,4 мың ш.м. немесе 2433 пәтер. 

2022 жылғы 24 ақпандағы жағдай бойынша Ақмола облысында 27,4 млрд теңге сомасына 2832 өтінім қабылданды. Қарыз беру бойынша 18,7 млрд теңге сомасына 1973 өтінім мақұлданды. 

Мемлекеттік бағдарлама іске асырылған бес жылда 2,6 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Пәтер мәселесін 22,5 мыңнан астам ақмолалық отбасы шешті. «Нұрлы жер» бағдарламасы іске асырыла бастағаннан бері пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің жыл сайын орта есеппен 5-10%-ға өсуінің оң серпіні сақталуда. 

2021 жылы пайдалануға берілген 556 жалдамалы пәтердің 100-і көп балалы отбасыларға қарастырылған.

Әскери қызметшілер мен мемлекеттік қызметшілер үшін тұрғын үй салынбайды. Қолданыстағы тұрғын үй құрылысы бағдарламаларына өзгерістер енгізілген жағдайда бұл мәселе қарастырылады. 

Жобаларды қаржыландыруды көздейтін бюджеттік бағдарламаның болмауына байланысты Ақмола облысында 29 жастан асқан жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салынбайды.

2021 жылы тұрғын үй құрылысының қарқыны 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,4%-ды құрады.


Ақтөбе облысы

2021 жылдың қорытындысы бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақтөбе облысы бойынша барлық қаржыландыру көзі есебінен 1181,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, өсім 2020 жылмен салыстырғанда 13,6%-ды құрады. Оның ішінде халық 701,7 мың ш. м., 381,9 мың ш. м. КПТҮ коммерциялық құрылыс салушылары, 88,3 мың ш. м. тұрғын үй бюджет қаражаты есебінен салынды.

Сондай-ақ облыста «7-20-25», «5-10-20» (Шаңырақ), «Бақытты отбасы», әлеуметтік кредиттік тұрғын үй сияқты мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың жоғары қарқыны байқалады. Осылайша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша Отбасы банк филиалы мыналарды қабылдады:

  1. «7-20-25» бағдарламасы бойынша 6,5 млрд теңге сомасына 653 өтінім мақұлданды (1185 өтінім қабылданды);

  2. «5-10-20» (Шаңырақ) бағдарламасы бойынша 8,4 млрд теңге сомасына 808 өтінім мақұлданды (870 өтінім қабылданды);

  3. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 3,1 млрд теңге сомасына 327 өтінім мақұлданды (361 өтінім қабылданды);

  4. «Нұрлы жер» бағдарламасы (әлеуметтік кредиттік тұрғын үй) бойынша 1,8 млрд теңге сомасына 250 өтінім мақұлданды (2020 жылдың соңында қабылданған, бірақ 2021 жылы берілген өтінімдерді ескере отырып) (140 өтінім қабылданды).

«5-10-20» (Шаңырақ) және «Бақытты отбасы» бағдарламалары көп балалы отбасыларға және мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, сондай-ақ ЖАО-да тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қолдау көрсету үшін бағытталған.

Сонымен қатар 2021 жылдың қорытындысы бойынша РБ және ЖБ бөлінген қаражат есебінен облыс бойынша көп балалы отбасылар үшін 107 дайын пәтер сатып алынды.

Жалпы, ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін жыл басынан бері 37,4 мың м2 жалдамалы-коммуналдық тұрғын үй немесе 590 пәтер пайдалануға берілді.

Жұмыс істейтін жастар үшін 140 орындық сатып алу құқығынсыз жалға берілетін коммуналдық тұрғын үй (жатақхана) салынды.
 

Алматы облысы

Алматы облысында 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Негізгі міндет — облыста кезекте тұрғандарды сапалы және Қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта ЖАО-да тұрғын үй алу кезегінде 58,9 мың азамат тұр. Тұрғын үймен қамтамасыз ету жалға берілетін, несиелік тұрғын үй салу және жеке құрылыс салушыларды салуды ынталандыру арқылы жүзеге асырылады.

2021 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биылғы 5 қаңтардағы жедел деректер бойынша 1019,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде:

  • бюджет қаражаты есебінен 132,6 мың ш. м.;

  • жеке құрылыс салушылар есебінен 103,6 мың ш. м.;

  • ЖТҚ есебінен (халық) 783,0 мың ш. м.

2021 жылы бюджет қаражаты есебінен 369,8 мың шаршы метр тұрғын үйдің немесе 4 853 пәтердің (569 тұрғын үй) құрылысы басталды, оның ішінде 2021 жылы жалпы ауданы 132,6 мың шаршы метр болатын 1 744 пәтерлік 220 үй пайдалануға берілді, оның ішінде:

  • Жалға берілетін тұрғын үй — жалпы ауданы 61,3 мың ш. м. 836 пәтерлік 105 үй;
  • Несиелік тұрғын үй — жалпы ауданы 66,7 мың ш. м. 858 пәтерлік 65 үй;
  • Коммуналдық тұрғын үй — жалпы ауданы 4,6 мың ш. м. 50 жеке үй.

Одан бөлек, жеке құрылыс салушылар есебінен жалпы ауданы 105,6 мың шаршы метр 1120 пәтерлі 18 үй пайдалануға берілді, оның 50%-дан астамы мемлекеттік бағдарламалар бойынша іске асырылды.

2022 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1048,4 мың шаршы метр тұрғын үйді енгізу жоспарлануда, оның ішінде:

  • бюджет қаражаты есебінен 205,1 мың ш. м.;

  • жеке құрылыс салушылар есебінен 115,9 мың ш. м.;

  • ЖТҚ есебінен (халық) 727,4 мың ш. м.

Қойылған міндеттерді орындау үшін 2022 жылға 34,7 млрд теңге бөлінді.

2022 жылы бюджет қаражаты есебінен 355,3 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 4459 пәтер (479 тұрғын үй) салу жоспарланып отыр, оның ішінде 2022 жылы жалпы ауданы 205,1 мың шаршы метр болатын 2615 пәтерлік 137 үйді пайдалануға беріледі, оның ішінде:

  • жалға берілетін тұрғын үй — жалпы ауданы 74,2 мың ш. м. 963 пәтерлік 99 үй;
  • несиелік тұрғын үй — жалпы ауданы 130,9 мың ш. м. 1652 пәтерлік 38 үй.

Сонымен қатар жеке құрылыс салушылар есебінен 115,6 мың шаршы метр 1708 пәтерлік 26 үйдің құрылысы жоспарланған, оның ішінде 727 пәтер «Нұрлы жер» және «7-20-25» мемлекеттік бағдарламалары аясында іске асырылатын болады.

Жалпы биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 3342 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Көп балалы отбасыларға сатып алу құқығынсыз тұрғын үй жалға беріледі. Атап айтқанда, 2021 жылы 190 көп балалы отбасыға тұрғын үй жалға берілген.

Сондай-ақ көп балалы отбасылар «Бақытты отбасы» ипотекалық бағдарламасына қатысып, Отбасы банк» АҚ арқылы 2-10-20-дан тұрғын үй сатып ала алады.

2021 жылы Райымбек ауданының Нарынқол ауылында бюджет саласының қызметкерлері үшін 50 коммуналдық тұрғын үй салынды.

Бүгінгі таңда 44 тұрғын үй жобасы әзірленуде. Тұрғын үй жобаларын коммуналдық, несиелік, жалға берілетін тұрғын үй ретінде іске асыру жоспарланып отыр. Бюджет қаражатының жергілікті бюджеттен бөлінуіне қарай бюджет саласының қызметкерлері үшін коммуналдық үйлер салынатын болады.

Алматы облысында 2014-2016 жылдары бюджет қаражаты есебінен жас отбасылар үшін жалпы ауданы 29,7 мың шаршы метр болатын 423 пәтерлік 5 үй салынды.

Облыстың жастар саясаты басқармасы «Жетісу жастары» бағдарламасын жүзеге асыруды пысықтап жатыр, жұмыс істейтін жастар үшін бастапқы жарнасыз ең жоғары қарыз сомасы (қосымша кепіл болған жағдайда) 10 млн теңгені құрайды. Жобаны іске асыру 2022 жылдың екінші жарты жылдығында жоспарланып отыр.

 

Атырау облысы

2021 жылы өңірде 904,8 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 6 750 пәтер пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,2%-ды құрады.

Бюджет қаражаты есебінен жалпы ауданы 288 мың шаршы метр болатын 3 244 пәтерлік 52 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Олардың ішінде аяқталды:

  • Атырау қ. Береке шағынауданындағы 645 пәтерлік 9 несиелік үй, жалпы ауданы – 64 мың шаршы метр, ЖАО-да кезекте тұрғандарға беріліп жатыр, «Отбасы банк» АҚ арқылы «Шаңырақ» пилоттық жобасы аясында; 

  • 576 пәтерлік 9 жалға берілетін үй, жалпы ауданы – 44 мың шаршы метр, оның ішінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында халықтың әлеуметтік осал топтарына – 126 пәтер және көп балалы аз қамтылған отбасыларға – 146 пәтер.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 163 отбасы мүгедек балалар және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар 84, көп балалы отбасылар 70, толық емес отбасылар 9 үймен қамтылды.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша Екінші деңгейдегі банктерге 1953 өтініш түсті, оның ішінде: 1072 өтініш мақұлданды, 695 өтінішке 10 млрд теңгеден астам сомаға несие берілді, оның ішінде 2021 жылы – 264.

Осы кезеңде өңірде жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру жүзеге асырылмады.

2022-2023 жылдар аралығында жер қойнауын пайдаланушылар есебінен облыс аудандарында 6 көп қабатты үй салу жоспарланған. Құрылыс аяқталғаннан кейін ЖАО-да кезекте тұрғандарға және «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын тұлғаларға тұрғын үй комиссиясының шешіміне сәйкес тұрғын үй беріледі, Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жалғыз үйі апатты деп танылған азаматтарға да солай. Облыс орталығында коммерциялық тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келеді.

 

Шығыс Қазақстан облысы

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017-2020 жылдары барлық қаржыландыру көздері есебінен 1,7 млн м2 тұрғын үй немесе 17 мың пәтер пайдалануға берілді. Мемлекеттік инвестициялар есебінен 91 көп пәтерлі үй пайдалануға берілді және 30 мыңнан астам тұрғын (7,6 мың пәтер) жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

2021 жылдың қорытындысы бойынша қаржыландырудың барлық көздері есебінен 602,8 мың м2 тұрғын үй немесе 4,7 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді, 2020 жылға қарағанда көлем 116%-ға өсті (республика бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіштің орташа өсуі — 111,4%).

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері облыс бойынша Екінші деңгейдегі банктер 34,3 млрд теңге сомаға ипотекалық тұрғын үй қарыздарын алуға 3 451 өтінім қабылдады, оның ішінде 23,2 млрд теңгеге 2 329 өтінім мақұлданды.

2019 жылдан бастап бағдарлама аясында республикалық бюджет қаражаты есебінен облыстың қалалары мен аудандарында көп балалы аз қамтылған отбасылар үшін 434 пәтер салынды және сатып алынды (сатып алу құқығынсыз). Бағдарлама бойынша көп балалы отбасылар жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз етіліп қана қоймай, «Бақытты отбасы» бағдарламасына 10% бастапқы жарнасымен, жылдық 2% жеңілдік мөлшерлемесімен несиелік тұрғын үй сатып ала алады.

Осылайша, бағдарлама бойынша 2020-2021 жылдары «Отбасы банк» АҚ арқылы 6 млрд теңгеге 602 қарыз берілді. 2021 жылы көп балалы отбасыларға, толық емес отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға 205 млн теңгеге 205 тұрғын үй сертификаты берілді.

Биыл 502,9 мың м2 (5 470 пәтер) арналған 74 кредиттік үй салу жоспа

Одан бөлек, 2020 жылдан бастап «Бірқабатты Шығыс» жобасы іске асырылуда, оның аясында ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін кейіннен сатып алынатын жеке инвестициялар есебінен бір қабатты үйлердің құрылысы жүзеге асырылып жатыр. 2020-2021 жылдары аталған жоба аясында 679 көпбалалы отбасы баспаналы болды.

Биыл 502,9 мың м2 (5 470 пәтер) 74 кредиттік үй салу жоспарлануда, оның ішінде жыл қорытындысы бойынша 200,0 мың м2, 2 393 пәтерлік 36 үй пайдалануға беріледі.

 

Жамбыл облысы 

Бүгінгі күні облыс бойынша пәтер алу кезегінде 35 774 адам тұр. Кезекте тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы бюджеттен 21,8 млрд теңге бөлінді, оның ішінде: 

  • «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша – 6,1 млрд тг;

  • «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында – 1,5 млрд теңге;

  • Кредиттік тұрғын үй құрылысына – 13,2 млрд теңге. 

Жыл қорытындысы бойынша 2 241 пәтерлік 41 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. 

Сонымен қатар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында аз қамтылған және көп балалы отбасылар үшін 921 301 мың теңгеге 94 пәтер сатып алынды. «7-20-25» жеңілдікті бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктер арқылы 306 өтінім келіп түсті, оның ішінде 158 өтінім 1,5 млрд теңге сомасына кредит ресімдеді. «Отбасы банк» АҚ арқылы 2021 жылы 10,8 млрд теңге сомасына 1 257 адамға тұрғын үй алуға кредит ресімделді. 

«Бақытты отбасы» жеңілдікті бағдарламасы аясында (2-10-18) 363 өтінім бойынша 3,6 млрд теңге сомасына кредит бөлінді. Барлығы «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша (5-10-20) жыл басынан бері 522 азамат 4,1 млрд теңге сомасына кредит ресімдеді. 

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша (5-10-25) 372 өтінім бойынша 3,1 млрд теңге сомасына кредит бөлінді. 

2021 жылы құрылыс саласына 215,6 млрд теңге инвестиция тартылды, құрылыс жұмыстарының көлемі 112,9%-ға орындалды. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің ауданы 704,7 мың м2 құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 14,1%-ға артты. Оның ішінде: 169,2 мың м2 бюджет қаражаты, 535,5 мың м2 жеке инвестициялар. 

Аз қамтылған көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында есепті кезеңде бюджеттен 3,1 млрд теңге бөлінді, соның нәтижесінде 403 көп балалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. 

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында көп балалы отбасылар үшін 866 149 мың теңгеге 87 пәтер сатып алынды. 

Сонымен қатар 8 көпбалалы отбасыға 8 млн теңгеге тұрғын үй сертификаттары берілді. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекте тұрған көп балалы отбасыларға «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алуға болады. 

Облыста «Нұрлы жер» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары бойынша бюджет қаражаты есебінен халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтары мен көп балалы отбасылар үшін тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Бюджет қаражаты есебінен арнайы әскери қызметшілер мен мемлекеттік қызметшілер үшін көппәтерлі тұрғын үй салынып жатқан жоқ. 

«Әскери баспана» жеңілдікті бағдарламасы аясында «Отбасы банк» арқылы 83 азамат тұрғын үй алу үшін 1,4 млрд теңге сомасына кредит ресімдеді. 

«Әулие ата жастары» мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы аясында облыс әкімінің тапсырмасы бойынша «Әулие ата жастары» өңір жастарына жеңілдікпен кредит беру бағдарламасының жобасы әзірленді. Жоба өңір жастарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету және жас отбасыларды қолдау мақсатында әзірленді. Биыл жергілікті бюджеттен 500 млн теңге бөлінді. Бір адамға 10-13 млн теңге есебінен шамамен 50 адам қамтылады деп жоспарлануда.

Бұдан өзге, меморандумға қол қойылғаннан кейін пәтер беруге өтінімдер қабылданады және биылғы екінші жартыжылдықта жастар қоныс тойын тойлайды деп күтілуде. Сонымен қатар «Отбасы банк» өз тарапынан 500 млн теңге бөлу мүмкіндігін қарастыруда. Жақын арада бұл сомалар нақтыланатын болады.

Бүгінгі күні Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына облыс салымшыларынан тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін жинақтарды пайдалануға 29 844 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 16 429 өтініш беруші арнайы шоттарға 34,5 млрд теңге аударды.

2021 жылы 2 241 пәтерлік 41 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. 2022 жылы 20,9 млрд теңге сомасына 4 388 пәтерлік 68 тұрғын үй салу жоспарлануда. Жалпы, осы жылдың қорытындысы бойынша 3 720 пәтерлік 57 үйдің құрылысын аяқтау көзделіп отыр. Бүгінде облыста тұрғын үй кезегінде 35 774 адам тұр. Жыл сайын кезек орта есеппен 2 800 адамға артып келеді, биыл алғаш рет кезекке қарағанда шамамен көбірек тапсыру жоспарда бар.

 

Батыс Қазақстан облысы 

2021 жылдың қорытындысы бойынша қаржыландырудың барлық көзі есебінен тұрғын үйді пайдалануға берудің жоспарланған көлемінен 11,7% өсіммен 591 мың шаршы метр пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстарының көлемі 192,8 млрд теңгені құрады (2020 жылмен салыстырғанда 5,1%-ға өсті).

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2021 жылдың қорытындысы бойынша 5 көппәтерлі тұрғын үй және ауылда 51 тұрғын үй, барлығы 912 пәтер пайдалануға берілді. Оның ішінде «Отбасы банк» АҚ салымшылары үшін – Орал қаласында 356 пәтерлік 3 көппәтерлі үй және Теректі ауданының Тоқпай ауылында 476 пәтерлік 20 үй берілді. 

«7-20-25» ипотекалық тұрғын үйді кредиттеу бағдарламасы бойынша II деңгейдегі банктердің филиалдары 26,5 млрд теңгеге 2833 өтінім қабылдады, оның ішінде 15,8 млрд теңгеге 1698 өтінім мақұлданды, оның ішінде 2021 жылы — 6 млрд теңгеге 618 өтінім.

 Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысында «7-20-25» бағдарламасы бойынша II деңгейдегі банктердің филиалдары 28 млрд теңгеге 2985 өтінім қабылдады, оның ішінде 17 млрд теңгеге 1809 өтінім мақұлданды.

2022 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ауылда 11 көппәтерлі тұрғын үй және 70 тұрғын үй салу көзделген. Бағдарлама аясында тұрғын үй құрылысына 11,86 млрд теңге бөлінді, оның ішінде тұрғын үй құрылысына – 7,19 млрд теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына – 4,67 млрд теңге.

Биыл 590 пәтерлі 4 көппәтерлі үй және ауылда 412 пәтерлі 54 үй, барлығы 1002 пәтер салу есебінен 620 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

Облыста тұрғын үй алу кезегінде 30 мыңнан астам адам тұр, оның ішінде 10 905 отбасы халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтары санаты бойынша және 2 824 отбасы көпбалалы отбасы санаты бойынша тұр. 

2021 жылы кезекте тұрғандарға 771 пәтер берілді, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне 45 пәтер, апатты жағдайдағы баспанасы бар азаматтарға 88 пәтер, халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарына 638 пәтер, оның ішінде көп балалы отбасыларға 296 пәтер берілді.

Әскери қызметшілер мен мемлекеттік қызметшілер үшін жеке тұрғын үй салу облыста қарастырылмаған. Азаматтардың бұл санаты заңнамада белгіленген кезек тәртібіне сәйкес, сондай-ақ ипотекалық бағдарлама шеңберінде (1,5 млн теңге мөлшерінде) ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалану үшін тұрғын үй сертификатын алу арқылы әлеуметтік көмек немесе әлеуметтік қолдау түрінде тұрғын үй алуға мүмкіндігі бар.

Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі:

  1. бұл мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
  2. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;
  3. толық емес отбасылар;
  4. денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, агроөнеркәсіптік кешен саласында және құқық қорғау саласында еңбек ететін сұранысқа ие мамандар.

2021 жылы өңірде 74 адам 37,3 млн теңгеге тұрғын үй сертификатын алды. 2022 жылы облыс бойынша тұрғын үй сертификаттарын беруге шамамен 200 млн теңге бөлінді.

Облыста жыл сайын тұрғын үй құрылысының өсу қарқыны артып келеді. Соңғы жылдары бұған зейнетақы жинақтары есебінен тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі де әсер етті.

«Отбасы банк» АҚ филиалының деректері бойынша қазіргі уақытта бағдарлама іске қосылғаннан бері 6887 адам ипотеканы ресімдемей, толық сатып алу жолымен тұрғын үй сатып алуға ниет білдірді, 963 адам тұрғын үй ипотекалық қарыз және 34 адам жеке тұрғын үй (жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда) салуға қарыз алды.

2021 жылы барлық қаржыландыру көзі есебінен 590 мыңнан астам шаршы метр пайдалануға берілді, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 11,7%-ға артық. 

Жекеменшік есебінен тұрғын үй салу 2020 жылы 410,1 мың шаршы метрді құрады, 2021 жылы қарқыны 23%-ға өсіп, 505 мың шаршы метрге жетті. Сондай-ақ коммерциялық тұрғын үй құрылысының 131,4 мың шаршы метрден 228,5 мың шаршы метрге дейін өскенін атап өткен жөн.

 

Қарағанды облысы 

2021 жылдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысында 2020 жылға қарағанда 25,2% өсіммен 663,278 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл – 6,2 мың жаңа пәтер. Оның ішінде 387 мың ш. м. – коммерциялық тұрғын үй, 170 мың ш. м. – жеке тұрғын үй құрылысы, 106 мың ш. м. – мемлекеттік баспана. Өткен жылы мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға 20 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Соның нәтижесінде көп балалы отбасылар, халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтары және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері қатарынан ЖАО-да кезекте тұрған 2 мыңға жуық адам мемлекеттік тұрғын үймен қамтамасыз етілді. 

«7-20-25» бағдарламасына келер болсақ, «7-20-25» бағдарламасы іске асырыла бастағаннан бері халық 48,2 млрд теңге сомасына 4081 өтінім берді. Оның ішінде 29,8 млрд теңге сомасына 2552 өтінім мақұлданды. 

2021 жылы көп балалы отбасыларға бюджет есебінен 334 пәтер сатып алынды. Демеушілер есебінен 45 пәтер сатып алынды. Сондай-ақ «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 87 көп балалы отбасыға жеңілдетілген қарыздар берілді. Барлығы 466 көп балалы отбасы барлық қаражат көзі есебінен қамтылды. 

«Нұрлы жер» бағдарламасына сәйкес әскери қызметшілер мен мемлекеттік қызметшілер ЖАО-да кезекте тұрғандар санатына жатады. Аталған санат тұрғын үйі болмаған жағдайда меншік құқығына «Отбасы банкінде» салымдары болған кезде ЖАО кредиттік тұрғын үйіне үміткер болуға құқылы. Облыста несиелік тұрғын үй сатылады. Өткен жылы 356 пәтер салынды, олар «Отбасы банкінде» салымдары бар, ЖАО-да кезекте тұрғандар арасында бөлінетін болады. Бұл тұрғын үйге жоғарыда аталған санаттар үміткер бола алады. Сондай-ақ «Отбасы банк» желісі бойынша әскери қызметшілер «Әскери баспана» бағдарламасына қатыса алады, онда өтініш беруші тұрғын үйді (нарықтағы бастапқы немесе қайталама тұрғын үйді) таңдауға құқылы. 

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының талаптарына сәйкес, жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй құрылысы тек Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында ғана бар.

Қарағанды облысында тұрғын үй құрылысының қарқыны жыл сайын артып келеді. Егер 2020 жылы 529 мың шаршы метр пайдалануға берілсе, 2021 жылы 663,2 мың шаршы метр пайдалануға берілді, яғни 2 жылда шамамен 1,2 млн шаршы метрі пайдалануға берілді. Оның ішінде: 0,6 млн шаршы метр – коммерциялық тұрғын үй. Коммерциялық тұрғын үйдің үлесі жалпы көлемнің 50-55%-ын құрайды. Бұл факт жеке құрылыс салушылардың тұрғын үй салуға мүдделілігін айғақтайды. Тұрғын үй сатып алуға зейнетақы жинақтарының берілуі азаматтарды ипотекалық нарыққа тартты.

 

Қостанай облысы 

2021 жылдың қорытындысы бойынша Қостанай облысы тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі бойынша оң динамикаға қол жеткізді. Қостанай облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 2021 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 2020 жылдың сәйкес кезеңіне (379,4 мың шаршы метр) қарағанда 18,7% өсіммен 450,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 3,7 мыңға жуық пәтер тапсырылды. 

Мемлекеттік қаражат есебінен салынды:

  • 30,8 мың ш. м. – жалға берілетін тұрғын үй немесе 236 пәтер;

  • 77,6 мың ш.м. – ЖАО облигациялары арқылы кредиттік тұрғын үй немесе 867 пәтер. 

Бұдан басқа, жеке және коммерциялық құрылыс салушылардың қаражаты есебінен 342 мың шаршы метр немесе 1785 пәтер және 790 үй салынды. 

Тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға «7-20-25» ипотекалық кредит беру бағдарламасы да ықпал етеді. 2021 жылы осы бағдарлама бойынша екінші деңгейдегі банктерге 13 982,2 млн теңге сомасына 1 382 өтінім келіп түсті, оның ішінде 8 044,2 млн теңге сомасына 817 өтінім мақұлданды. 

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Бақытты отбасы» жеңілдетілген несие беру бағдарламасы жұмыс істейді, оның шеңберінде осы бағытты іске асыру басталғаннан бері «Отбасы банк» Қостанай филиалы көп балалы отбасыларға 842 млн теңге сомасында 98 қарыз берді. 

Сонымен қатар 2021 жылы республикалық бюджет қаражатынан халықтың осы санаты үшін пәтерлерді сатып алуға 668 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. Аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін барлығы 73 пәтер сатып алынды. 

Қостанай облысында әскери қызметшілер мен мемлекеттік қызметшілер санаттары үшін жеке тұрғын үй салу көзделмеген. Бірақ бұл ретте, халықтың аталған санаттары «Нұрлы жер» бағдарламасына да, «7-20-25» бағдарламасына да тұрғын үй сатып алуға қатыса алады. 

Қостанай облысында алдағы уақытта жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй салу жоспарда жоқ.

2020 жылмен салыстырғанда тұрғын үй құрылысының қарқыны 2020 жылғы деңгейге қарағанда 18,7%-ға ұлғайды, бұл ретте зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу туралы хабарландыру тұрғын үй құрылысының өсуіне ешқандай әсер еткен жоқ.

 

Қызылорда облысы

Қызылорда облысының әкімдігі мен ҚР Премьер-Министрі арасында бекітілген меморандумға сәйкес 2021 жылы 644,7 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланды, бұл жыл қорытындысы бойынша 661,2 мың шаршы метрді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 108,6% құрады.

2021 жылы облыс бойынша 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында 2528 пәтерлі 112 тұрғын үй салынды, жыл соңына 1576 пәтерлі 90 тұрғын үй пайдалануға берілді және аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін 321 пәтер сатып алынды.

Бұл мақсатқа мемлекеттік бюджет есебінен 13,4 млрд теңге бөлінді.

Оның ішінде сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салу бойынша – 3 млрд теңгеге 59 үй.

Жыл қорытындысы бойынша сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 623 пәтерлік 45 тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде 160 пәтер халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған тобына, 463 пәтер аз қамтылған көп балалы отбасыларға берілді.

Аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін 321 жалдамалы пәтер сатып алынды.

Кредиттік тұрғын үй құрылысына 6,7 млрд теңге бөлінді.

«7-20-25» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы арқылы Қызылорда облысы бойынша барлығы 7,8 млрд теңге бөлінді, онда 773 өтінім келіп түсті, оның ішінде 3,9 млрд теңгеге 389 өтінім қолдау тапты.

Сонымен қатар «Бақытты отбасы» әлеуметтік бағдарламасы аясында 60 толық емес отбасы, мүгедек балаларды асырап алған 17 отбасы, 79 көп балалы отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты.

 

Маңғыстау облысы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Маңғыстау филиалынан алынған мәліметтерге сәйкес, 2022 жылғы 24 ақпандағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктер қарыз алуға жалпы сомасы 34 824 114 844 теңгеге 3 147 өтінім қабылдады. Оның ішінде қарыз беру жалпы сомасы 15 412 126 434 теңгеге 1 396 өтінім бойынша мақұлданды. 

Несиелік тұрғын үй бойынша 2021 жылдың соңына дейін өңірде 1102 пәтерлік тұрғын үйлердің құрылысын аяқтау жоспарланған. Оның ішінде:

1) Ақтау қаласының 19а шағын ауданында ауданы 22,434 мың шаршы метр 432 пәтерлі тұрғын үй салу;

2) Ақтау қаласының «Аққу» шағын ауданының 3-ші кезегінің 53,438 мың шаршы метр тұрғын үйінің құрылысы (670 пәтер).

Жобада барлығы 6 блоктан тұратын 3 тұрғын үй салу қарастырылған. Маусым айында 443 пәтерлік 2 тұрғын үй пайдалануға берілді. 227 пәтерлік 3-ші тұрғын үйдің құрылысын 2022 жылдың 1 жартыжылдығында тапсыру жоспарланған.

Сондай-ақ 2021 жылы Ақтау қаласының 18 шағын ауданында 216 пәтерлік 4 және 9 қабатты тұрғын үйлердің және Жаңаөзен қаласында 160 пәтерлік 2 және 5 қабатты тұрғын үйлердің құрылысы басталды. 

Екі нысанның құрылысы 2022 жылы аяқталады деп болжанып отыр. 

Биыл несиелік тұрғын үй құрылысына жоспар бойынша 8,7 млрд теңге бөлінді, қазіргі уақытта тұрғын үйлердің ЖСҚ әзірленіп жатыр. Атап айтқанда, Ақтау қаласы бойынша 3 жоба, Мұнайлы ауданы бойынша 1 жоба, Түпқараған ауданы бойынша 1 жоба әзірленіп жатыр.

2021 жылдың қорытындысы бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Мұнайлы ауданында, Батыр тұрғын алабында, Емир шағын ауданында тұрғын үй салынды, оның ішінде кезекте тұрған көп балалы аналарға 28 пәтер бөлінді. 

Сонымен қатар өткен жылдың басында көп балалы аналарға бастапқы тұрғын үйлерден пәтер сатып алуға 152 пәтерге 1,3 млрд теңге бөлініп, игерілді. 

Қазіргі таңда барлық жергілікті атқарушы органдар бекітілген жоспарды орындап, пәтер сатып алды. Пәтерлер меншік иелеріне бекітілген бөлу жоспарына сәйкес беріледі.

Өңірде қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде 23 мыңнан астам азамат тіркелген. Оның ішінде жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алғаны үшін төлемдерді жалпы саны 2 092 адамнан тұратын халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған тобының ішінен бір ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар азаматтардың мынадай санаттарына төленеді:

1. көпбалалы отбасылар;

2. 1 және 2 топтағы мүгедектер;

3. жетім балалар;

4. мүгедек балалары бар отбасылар. 

Облыс бойынша 2022 жылға жоғарыда көрсетілген 2 092 азаматқа 1,8 млрд теңге көлемінде қаражат қажет. Оның ішінде, республикалық бюджеттен 1,4 млрд теңге және жергілікті бюджеттен 0,4 млрд теңге. Жаңа механизмді 2022 жылдың мамыр айында іске қосу жоспарланып отыр.

2021 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы саны 1407 пәтер болатын тұрғын үйлердің құрылысын аяқтау жоспарланған. Оның ішінде: жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша 2,4 млрд теңге қаражат қарастырылған. Бөлінген қаражат жалпы ауданы кемінде 18,4 мың ш. м. 305 пәтерлік тұрғын үй салуға және сатып алуға бағытталды.

Бүгінде барлық әкімдік бекітілген жоспарды орындап, пәтерлер сатып алды. 1 208 000 шаршы метр пайдалануға берілді. Зейнетақы жинақтарын алу кезінде құрылыс қарқынының артуына қатысты — тұрғын үйді бастапқы және қайталама сатып алуға сұраныс артуы мүмкін. Алайда, соңғы уақытта пандемияға байланысты ТК құрылысының өсімі төмендеді және осы 2022 жылға 1 050 000 шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.
 

Павлодар облысы

2021 жылдың қорытындысы бойынша облыста барлық қаржыландыру көзі есебінен 22,7% өсіммен, 457,3 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламалар аясында 12 үй пайдалануға берілді, оның ішінде «Нұрлы жер» бойынша – 10 және Жұмыспен қамту жол картасы бойынша – 2.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 339 пәтер сатып алынды, оның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтары үшін 214 және аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін 125 пәтер.

Сонымен қатар облыстық бюджет қаражаты есебінен Павлодар қаласының «Сарыарқа» шағын ауданында «Алюминстрой» шағын ауданының қоныс аударушылары үшін 108 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1272 пәтерге арналған жалпы ауданы 116,4 мың м2 болатын 12 кредиттік үй салу көзделіп отыр.

Сондай-ақ осы бағдарлама бойынша Ақсу қаласында 80 пәтерге арналған ауданы 6,3 мың м2, Екібастұз қаласында 180 пәтерге арналған ауданы 14,5 мың м2 сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салынады.

Бұдан басқа, облыстық бюджет қаражаты есебінен екі тұрғын үйдің, оның ішінде «Алюминстрой» шағын ауданының қоныс аударушылары үшін «Сарыарқа» шағын ауданында ауданы 9,9 мың м2 болатын 144 пәтерге арналған бір үйдің және Ақсу қаласында ауданы 11,5 мың м2 болатын 144 пәтерге арналған бір тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарда бар.

«Экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданған сәттен бастап Павлодар облысында тұрғын үй жағдайларын жақсартуға 81 499 өтінім берілді. Оның ішінде 20 409 өтінім бойынша өтінішті қабылдаудан және (немесе) орындаудан бас тартылды. 59 523 өтінім бойынша өтініш берушілердің арнайы шоттарына 90 млн 619 мың теңге мөлшерінде ақшалай қаражат аударылды. Оның ішінде БЖЗҚ-ға 7 402 өтінім бойынша 11 млн 676 мың теңге көлемінде қаражат қайтарылды.

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Облыс жаңа тұрғын үй құрылысы бойынша жақсы қарқын алды. 4 жыл ішінде 1 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді (50 млрд теңге бағытталды.), 10 мыңнан астам жаңа пәтер салынды.

Егер 2020 жылы 306 мың шаршы метр, яғни 3,3 мың пәтер пайдалануға берілсе, 2021 жылы 351,09 мың шаршы метр пайдалануға берілді.

Биыл меморандумға сәйкес бұл көрсеткіш облыс бойынша 401,4 мың шаршы метрді құрайды, динамика – 18 %.

2022 жылы құрылыс саласына бекітілген жоспар бойынша 38 млрд теңге қарастырылған.

18,6 млрд теңгеге 377 пәтерге арналған 5 жалға берілетін үйдің (26,3 мың шаршы метр), 926 пәтерге арналған 9 кредиттік үйдің (73,5 шаршы метр) құрылысы аяқталады және 983 пәтерге арналған 13 кредиттік үйдің құрылысы басталады (84,4 мың шаршы метр).

СҚО-да «7-20-25» бағдарламасы аясында 2021 жылы 5,9 млрд теңгеге 757 пәтер сатылды.

Биылдың 1 қаңтарына Екінші деңгейдегі банктердің филиалдарына 1501 адамнан қарыз алуға өтінімдер қабылданғанын, оның ішінде 757 өтінім мақұлданғанын атап өткен жөн.

2021 жылы 330 пәтерлік 4 үй немесе 22,9 мың шаршы метр пайдалануға берілді, сондай-ақ Шал ақын ауданында 11 пәтер сатып алынады, бұл халықтың әлеуметтік осал топтарынан 217 отбасын және 124 көп балалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Биыл 377 пәтерлі 5 жалға берілетін үйдің құрылысы жалғасуда:

- Петропавл қаласында 300 пәтерлік 3 тұрғын үй;

- облыс аудандарында 77 пәтерлік 2 тұрғын үй.

Әскери қызметшілер мен мемлекеттік қызметшілерге қатысты "Отбасы банкі" филиалының ақпараты бойынша облыста әскери қызметшілерге 361 қарыз берілді. Мемлекеттік қызметкерлер жеке топ болып саналмайды, пәтерлер «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан кредиттік үйлерден кезек тәртібімен беріледі. Әскери қызметшілер мен мемлекеттік қызметшілер үшін жеке көп пәтерлі үйлер салу көзделмеген.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында ғана жұмыс істейтін жастарға арналған үйлердің құрылысы республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Жастар бөлек санат ретінде қарастырылып, оларға арнайы жалға берілетін үйлер салынбайды. «Отбасы банкі» 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар үшін Өңірлік ипотекалық кредит беру бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отыр.

Бюджеттік құрылыстан басқа коммерциялық үйлер бойынша да жұмыстар жүргізіліп жатыр. Егер 2017 жылы бір коммерциялық үй салынса, бүгінгі таңда 1732 пәтерлік (130,8 мың шаршы метр) 24 үйдің құрылысы жалғасуда, оның ішінде ауданы 39 мың шаршы метр 550 пәтерлік 12 үй пайдалануға беріледі.

Тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту факторларының бірі зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу мүмкіндігін беру болды. Бұл орайда зейнетақы жинақтарын алу есебінен облыстың 4268 азаматы 10,580 млрд теңге сомасына тұрмыс жағдайын жақсартты немесе жақсартуды жоспарлап отыр.

 

Түркістан облысы

2021 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысында барлық қаржыландыру көзінен 823,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, жоспар бойынша 790 мың шаршы метр болған еді, бұл жоспарлы көрсеткіштерден 12%-ға асып түсті.

Бұл ретте, бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй салу «Нұрлы жер» жобасы шеңберінде жүзеге асырылады. 2021 жылы ауданы 159,8 мың ш. м. 2466 пәтер пайдалануға берілді, оның ішінде 1120 пәтер (71,4 мың ш. м.) ХӘОТ және көп балалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй, 1346 пәтер (88,3 мың ш. м.) құны 180 мың теңге/ш. м. әлеуметтік-кредиттік тұрғын үй.

Түркістан қаласында Түркістан қаласын мәдени-рухани орталық ретінде дамыту және облыс орталығын көшіру есебінен тұрғын үй құрылысы қарқынының өскені байқалады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу