Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Президенттің тапсырмаларын орындау, Су ресурстарын басқару жөніндегі тұжырымдаманы қабылдау, халықты коронавирустан қорғау немесе Үкімет отырысы қалай өтті

Сейсенбі, 28 Қаңтар 2020, 20:40:54

Сейсенбі күні, 28 қаңтарда, Үкіметтің кезекті отырысында Мемлекет басшысының биылғы 24 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру шаралары қаралды, сондай-ақ Су ресурстарын басқару жөніндегі 2020-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның тұжырымдамасы қабылданды. Кулуарда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өзекті сұрақтарға жауап алды, отырыс қорытындысы бойынша ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленовтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Сонымен қатар, ҚХР-да коронавирустың тарауына байланысты ҚР денсаулық сақтау министрі Е. Біртановтың, ҚР бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ж. Бекшиннің, сондай-ақ ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ш. Нұрышевтың қатысуымен брифинг өтті. 

Министрлер кабинеті Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша қандай шараларды қабылдайды?

Осы жылдың 24 қаңтарында ҚР Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді, онда әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторинг жасау орталығын, мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін, халықты тұтынушылық несиелеудің өсуіне жол бермеу жөніндегі реттеуші шараларды, шығындарды оңтайландыру, фискалдық саясатты жаңғырту, бәсекелестікті қорғау және дамыту, жөніндегі жеке комитетті құруды және т. б. қамтитын бірқатар нақты міндеттер қойды.

Асқар Мамин аталған тапсырмалар Елбасының қазақстандықтардың нақты табыстары мен тұрмыс сапасын арттыру бойынша алға қойған стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталғанын атап өтті.

Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық даму жоспарын әзірлеп, үш заң актісін қабылдау қажет екенін айтты. Бұл – жаңа редакциядағы «Техникалық реттеу туралы» заң, Бюджет кодексіне өзгерістер және Денсаулық кодексі. Сондай-ақ үш бағдарламалық құжатты бекіту қажеттігі айтылды. Бұл – Ақша-несие саясатының стратегиясы, Сауда саясаты бағдарламасы және Су ресурстарын басқару бағдарламасы.

Жұмыс тобы шеңберінде 10 шағын топты айқындау ұсынылады. Бұл топтар Мемлекет басшысының барлық тапсырмаларын қамтиды. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары шағын топтарды басқарады және оларға дербес жауапкершілік жүктеледі.

Ұлттық Банкке бекітілген іс-шаралар шеңберінде бірқатар бағыт бойынша жұмысты жүргізу көзделген. Оның ішінде-ақша-несие саясатының тиімділігін арттыру, қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен жалпы экономикалық даму қажеттілігі арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету, валюта нарығын дамыту және т. б. бойынша.

Мемлекет басшысы атап өткендей, тікелей инвестицияларды тарту — елді дамытудың негізгі құралы. Барынша айқын мәліметті алу үшін Ұлттық банк 2020 жылғы сәуірден бастап мұнай-газ саласын есепке алмастан тікелей шетелдік инвестициялардың әкеліну статистикасын тоқсан сайын жариялайтын болады.

Қаржылық тұрақтылық және қаржы секторын одан әрі реформалаудың барлық шараларын үйлестіру Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес құрылған Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңес арқылы қамтамасыз етіледі.

 

Аталған шаралар аясындағы қаржылық реттеушінің жұмыс бағыттарының бірі ‒ қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, оның ішінде банк жүйесін қалыпқа келтіру. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы М. Әбілқасымова атап өткендей, биыл ақпан айында 2019 жылы басталған банк жүйесінің активтерінің сапасын тәуелсіз бағалау аяқталады. Тиісті тәсілдер биылғы жылдың І тоқсанның соңына дейін әзірленеді.

М. Әбілқасымова сонымен қатар қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 2020 жылдан бастап жүйелі түрде толық ауқымды негізде банк және сақтандыру секторларында тәуекелге бағдарланған қадағалау (ТБҚ) енгізілетінін хабарлады. ТБҚ Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңес аясында Агенттік пен Ұлттық Банктің бірлесіп жүргізетін макропруденциялық реттеу шараларымен күшейтіледі.

Бұдан өзге, қаржы нарығын реттеу және дамыту бойынша қаржы қоғамдастығымен бірлесіп инвестициялаудың және капитал тартудың қосымша мүмкіндіктерін жасау үшін қаржы секторын дамыту бойынша кешенді шаралар әзірленеді.

ҚР Президентінің өнімсіз бюджет шығыстарын қысқарту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет басшысы министрлерге, өңірлердің әкімдеріне және ұлттық компаниялардың басшыларына бір апта мерзім ішінде Қаржы министрлігіне тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырды.

«Қаржы министрлігі 2 аптадан кейін Үкімет отырысында өнімсіз бюджет шығыстарын қысқарту бойынша әзірленген тәсілдер туралы баяндасын», — деді А. Мамин.

Қазақстанның су тұтыну мәселесінде не өзгереді?

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев Қазақстанның Су ресурстарын басқару жөніндегі 2020-2030 жылдарға арналған бағдарламасының тұжырымдамасымен таныстырды.

ҚР-ның жыл сайынғы жер үсті су ресурстары шамамен 100 текше км құрайды, оның 44%-дан астамы елден тыс жерде қалыптасады. Су тұтынудың 67%-ы ауыл шаруашылығына, 30%-ы – өнеркәсіпке, қалғаны – шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктерге жұмсалады. 2040 жылға қарай Қазақстанның су тұтыну көлемі 56%-ға өседі деп күтілуде.

Қазақстанның 2020-2030 жылдарға арналған су ресурстарын басқару бағдарламасы қосымша жер үсті су ресурстарын ұлғайту есебінен 2030 жылға қарай 100 текше км деңгейінде су теңгерімін сақтауға бағытталған: 5-7 текше км-ге жаңа су қоймаларын салу, 5 текше км дейін су үнемдеу, 15 текше км дейін жер асты суларын пайдалану.

Құжат суармалы жерлерді 1,7-ден 3 млн га-ға дейін ұлғайту үшін жаңа ирригациялық жүйелерді салуды, 3423-ден 19 мың км-ге дейін қапталған магистральды және тарату арналарының ұзындығын арттыруды көздейді.

Бағдарлама жобасының мақсаты — елдің орнықты дамуы үшін су ресурстарымен кепілдікті қамтамасыз ету, су объектілерін халық пен экономика үшін экологиялық қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін жағдайға дейін сақтау және қалпына келтіру.

Асқар Мамин бағдарламаның сапалы әзірленуін қамтамасыз етуді тапсырды, бұл Тұжырымдама стратегиялық мақсаттарға сай келетінін және Парламентте қолдау табатынын атап өтті.

Үкімет кулуарында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасының м. а. Марат Күлдіков еліміздегі ауа-райының нашарлауына байланысты күрделі оперативті жағдай қалыптасқанын айтты. Осыған орай, бүгінде республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдары 106 рет жабылды. 93 дауыл туралы ескерту елдің 10 аймағында жарияланды. Үш тәулікте қар құрсауынан 2 мыңнан астам адам құтқарылды.

«24-27 қаңтар аралығында 2 мыңнан астам адам қар құрсауынан құтқарылды және эвакуацияланды. Сондай-ақ 2 мыңнан астам техника қар бөгеулерінен шығарылды. Негізгі төтенше жағдай елордада, Ақмола және Қарағанды ​​облыстарында орын алады. Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында жолдардың жекелеген учаскелері жабылды», — деді М. Күлдіков.

Осыған байланысты республика бойынша еліміздің тоғыз аймағында 10 жедел штаб құрылды. Жол жүру мәселесі Павлодар облысы мен Щучинск бағытында сақталып отыр. Төтенше жағдай режимі тек Нұр-Сұлтанда жарияланды, Ақмола облысы бойынша төтенше жағдай режимін енгізу мәселесі қарастырылуда.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген көліктерді тіркеуді қай кезеңнен бастау керектігін айтты. Сондай-ақ ол ведомство тек түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ешқандай жазалау шаралары жүргізілмейтінін атап өтті.

«Біз халықпен диалог орнатуға дайынбыз және кез келген көлік құралы, бұл міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын мүлік түрі екенін азаматтарға жеткізуге тырысып жатырмыз. Бұл, ең алдымен, жолдағы қауіпсіздік және шетелдік көлік құралдарын басқаратын жекелеген жүргізушілердің жолдағы өзін-өзі ұстау тәртібі. Бізде, мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында жүргізуші жол жүру ережесін жылына 300 реттен артық бұзған жағдайлар бар. Бірде-бір заңға бағынушы азамат осылай тәртіп бұзу құқығын өз мойнына ала алмайды. Автокөліктері тіркелген бірде-бір ҚР азаматынан біз мұндай бұзушылықтарды байқамадық. Шетелдік көлік құралдарының иелеріне келетін болсақ, онда шетелдік көлік құралдарын басқаратын қазақстандықтар жол берген бұзушылықтар саны 3,5 есеге көп екені анықталды», — деп түсіндірді С. Түсіпов.

Оның айтуынша, төлем сомасы салық заңнамасымен белгіленген және ол барлығына бірдей. 

«Азамат мемлекеттік нөмір мен техпаспортқа шамамен 10 мың теңге және көлік құралының шығарылған жылына байланысты 600 мың теңгеден миллионнан сәл асатын қаражатқан дейін бірінші тіркегені үшін төлемақы төлеуі тиіс», — деді ол.

Тіркеу мерзіміне келер болсақ, С. Түсіпов бұл төлем ақпан айынан басталып, кейінге қалдырылған төлемі бар азаматтар үшін жеңілдік кезеңі үшін 2021 жылдың наурызына дейін созылатындығын айтты.

«Азаматтардың арасында жалған ақпараттың тарауына және ХҚКО-дағы түсініспеушіліктерге жол бермеу үшін, біз қазір дайындық жұмыстарын жүргізудеміз. Ұзақ уақыт бойы азаматтардың өз көліктерін заңдастыра алуы үшін осындай тіркеуді жүргізетін боламыз. Көлік құралын тіркегеннен кейін төлеу мүмкіндігі беріледі. Яғни, ол бір жыл ішінде жүктемені алып тастау және қолында құқық белгілейтін құжаттары бар, тиісті тәртіпте ресімделген және көлік құралымен тәртіп бойынша барлығы дұрыс адамдарға мүмкіндік беру үшін қосымша төлем жасай алады», — деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов тұтынушылық тауарлар бағасының өсуі желтоқсан айында өткен жылдың желтоқсанына қарағанда 5,4%-ды құрағанын хабарлады. Инфляция 4%-6% дәлізінде қалды, ол таргеттелген.

«Жалпы барлық тұтыну тауарлары бағасының тұрақтылығы коммуналдық қызметтер мен монополистер реттейтін тарифтердің төмендеуі есебінен қамтамасыз етілді. Биыл біз азық-түлік тауарларына бағаның өсуін біз өзімізге таргеттеп отырған дәлізде ұстап тұру үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз», — деді Ә. Смайылов.

Сонымен қатар, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары журналистерді мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың бюджет қаражатын оңтайландыру туралы хабардар етті.  

 «Президент қымбат жиһаз бен автокөлік сатып алуға тыйым салды. Осындай тапсырма бар. Енді қажетсіз іс-шаралар тоқтатылды немесе оларды келесі жылға ауыстыру қажет. Барлық мемлекеттік органдар осы тапсырма бойынша есеп беруі тиіс. Екі аптадан кейін біз бұл мәселені Үкімет отырысында қозғаймыз», — деді Ә. Смайылов.

Энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков Қарашығанақ бойынша дауды реттеуге қатысты мәселеге түсініктеме берді.

«Біз қазіргі уақытта осы жобаның акционерлерінен ұсыныс күтеміз, себебі даудың бастамасы олардың тарапынан болды. Менің ойымша, жақын арада мәселе шешіледі. Біз реттеу туралы шарт жобасын қатар жүргіземіз. Техникалық және заңдық мәселелер өте көп», — деді М. Жүребеков.

Сондай-ақ, вице-министр Қазақстан мұнайының Қытайға экспортын қалпына келтіру мәселесіне тоқталды.

«Бүгін әңгіме тек ішінара қалпына келтіру туралы болып отыр. Жұмыстар жүргізіліп жатыр, жақын арада біз барлық көлем қалпына келген-келмегенін білетін боламыз. 22 қаңтардан бастап “Ақтөбемұнайгаз» кен орнынан жарамды мұнай алына бастады. Қазір жұмыстар жүргізілуде. Жақын арада бізде барлық көлем қалпына келтірілді ме, жарамдылық стандарттарына келтірілді ме осы мәселелер анықталады», — деп атап өтті вице-министр.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ұлттық экономика министрі Р. Дәленов осы жылы инвестициялар экономикалық өрлеудің негізгі қозғаушы күшіне айналатынын айтты.

«Біздің міндетіміз – инвестициялар деңгейін ЖІӨ-нің 20%-на дейін жеткізу. Бұған тұрғын үй салу көлемін ұлғайту ықпал етеді, 2020 жылы біз 15 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 млн-ға артық. Бұған сондай-ақ “Нұрлы жол” бағдарламасын іске асыру әсер ететін болады, 2,5 мыңнан астам республикалық маңызы бар автожолдар салынады және реконструкцияланады. Индустрияландыру картасы бойынша 1 трлн теңгеден астам сомаға 120 жоба жүзеге асырылады. АӨК дамыту аясында – 500 млрд теңгеге 94 жоба. Сондай-ақ, заңнамаға инвестициялық белсенділікті және кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыратын түзетулер жекелей дайындалатын болады», — деді Р. Дәленов.

Ақпараттық агенттік тілшісінің монополиясыздандыру, нарыққа жаңа кәсіпкерлердің кіруі үшін әкімшілік және экономикалық кедергілерді жою жөнінде нақты шаралар қабылдау туралы сұрағына Р. Дәленов биыл бәсекелестік құралдарының бірі болып табылатын биржалық сауданы дамыту бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады, ол еліміздің дұрыс экономикасының жұмыс істеуі үшін берік негіз құруға әсер етеді.

«Ең бастысы, осы тауарларды биржада өткізуді қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар жеткізушілер тарапынан кеңінен ұсынылуын қамтамасыз ету қажет. Биржалық сауданы дамытып қана қоймай, нарықты қалай әртүрлі етіп жасау ережелерін жетілдіру керек», — деді ұлттық экономика министрі.

Р. Дәленов атап өткендей, ведомство бәсекелестікті дамытудағы кедергілердің болуына қатысты 20 тауарлық нарықты сараптады. Әдеттегі себептері ‒ шектеулердің болуы, яғни, жеткізушілері көп, ал тұтынушылары аз шағын нарық, немесе сол бір ғана компаниялардың сатып алуларды жүргізуі, мемлекет үлесінің болуы немесе нарықты шектен тыс реттеуі.

Р. Дәленов сонымен қатар салық саясатында инвестициялық қызметті жандандыру басымдыққа ие болып қала беретінін атап айтты.

Баспасөз конференциясы барысында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус инфекциясының тасымалдануының және таралуының алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар кешені туралы айтып берді, сондай-ақ жуырда ҚХР-дан келген қазақстандықтарға қатысты бірқатар ұсынымтар айтты.

Бүгінде елімізде әуежайлар мен вокзалдарда санитарлық бақылау шаралары күшейтілді, коронавирустың ел аумағына енуіне және тарауына қарсы іс-қимыл шаралары қабылдануда.

«6 қаңтардан бастап Қытайдан келген барлық азаматтарды тексеру жүргізілуде, оның ішінде тексеру жылу өлшегіші арқылы жүргізілуде. Температурасы бар барлық адамдарға сауалнама толтырылып, олар тұрғылықты жері бойынша есепке қойылады», — деді министр.

Бүгінгі таңда ҚХР-дан 25858 адам келді, бұл Қазақстан азаматтары мен шетел азаматтары.

Ведомство басшысының айтуынша, егер жаппай тарау орын алатын жағдай болса, бұрыннан бар төсек орындарына қосымша 4,5 мыңнан астам төсек орны бар.

Е. Біртановтың ұсынысы бойынша, соңғы 14 күн ішінде ҚХР-дан, сондай-ақ шектес елдерден келген барлық азаматтар тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаға келіп немесе қоңырау шалып, дәрігерлерге тіркеліп, денсаулығында қандай да бір проблемалар бар болса хабарлай алады. 

«Бұл азаматтардың жеке қауіпсіздігі үшін қажет, біздің медицина саласының мамандары денсаулық нашарлаған жағдай болып жатса, сізді және сіздің отбасыңыздың мүшелерін қауіпсіздендіре алып, шаралар қабылдауы үшін бақылау жүргізуі тиіс», — деп нақтылады Е. Біртанов.

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев бүгінгі таңда Қытай Халық Республикасының аумағында жүрген Қазақстан азаматтары туралы айтты.

ҚР СІМ мәліметтері бойынша, қазіргі таңда Ухан қаласында қазақстандық 98 студент бар. Қытайдағы Қазақстан елшілігі студенттермен тікелей байланыс орнатуда.

«Студенттерде қажетті нәрсенің барлығы бар, өздері білім алып жүрген университеттер оларды барлық қажеттімен қамтамасыз етуде. Бұл медициналық бұйымдар, соның ішінде, бірінші кезекте, маска. Азық-түлік өнімдері де жеткілікті мөлшерде. Өздеріңіз білетіндей, Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша бізде ведомствоаралық комиссия құрылған. Кеше отырыс өтті, қазір біз студенттерді көшіру мәселесін пысықтап жатырмыз. Бұл мәселе бойынша Қытай тарабына ресми нота жіберілді. Қазіргі уақытта маршрутқа қатысты нақты мәселелер пысықталуда: ұшақ ұшып шығады ма, қайда қонады, адамдарды қайдан алу қажет болады деген мәселелер қаралуда. Студенттермен келіссөздер жүргізіліп жатыр және олардың санына байланысты арнайы бортты жіберу мәселесін пысықтайтын боламыз. Дипломатиялық рұқсат алу Қытаймен келісу кезеңінде», — деді Ш. Нұрышев.

Оның айтуынша, Қазақстанның ҚХР-дағы елшілігі мен бас консулдығы қазір ҚХР азаматтары үшін денсаулық жағдайы туралы анықтаманы талап ету тұрғысынан талаптарды күшейтті.

Қазіргі уақытта ҚР СІМ мәліметтері бойынша, ҚХР аумағында Қазақстанның 1300-ге жуық азаматы бар. Олардың 635-і Хайнань провинциясында жүрген 635 турист. 204-і елшіліктің, бас консулдықтың қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ қазіргі уақытта Қытай аумағында жүрген Қазақстанның 445 азаматы.

ҚР бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин, өз кезегінде, қазақстандықтарға инфекция жұқтырған болуы мүмкін адамдармен және халық көп шоғырланған жерлерде маска киіп жүруге кеңес берді. Көшеде маска кию қажет емес.

«Ашық ортада бұл вирус өмір сүре алмайды. Ең көп дегенде ол тек бір күн өмір сүреді. Вирустың таралуының оңтайлы температурасы 36-37 градусқа тең, яғни бұл вирус адамдар мен жануарлардың ағзаларында ғана өмір сүреді. Сондықтан вирус тамақ өнімдерін немесе сәлемдемелерді тасымалдау арқылы таралуы мүмкін емес. Бізге Қытайдан темір жол көлігімен немесе автокөлікпен әкелетін тауарлар 2-3 күнге жуық уақытта жеткізіледі, яғни вирус ол аралықта күшін жояды. Тағы бір ұсыныс – азық-түлікті тұтынар алдында жақсылап жуу қажет немесе термиялық өңдеуден өткізу қажет. Ал шикі көкөністер мен жемістерді ағынды сумен жуып, ыстық сумен шаю қажет», — деді Ж. Бекшин.

Бүгінгі таңда ҚХР-да 30 провинцияда 4515 жаңа коронавирусты пневомниямен сырқаттану оқиғасы тіркеліп, нақтыланды, оның ішінде 106 жағдай адам өлімімен аяқталды.

Хубей провинциясының 15 қаласында карантин енгізілді, тұрғындарға қаладан кетуге тыйым салынды, авиарейстердің, автобустар мен пойыздардың келуі мен кетуі тоқтатылды.

Әлемде 15 елде коронавирустың жаңа түрімен аурудың 60 расталған жағдайы тіркелген.

Сонымен қатар, 1406 (Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының негізінде), + 7 (7172) 76-80-43 call-орталығы ұйымдастырылған, оған азаматтар қоңырау шалып, әлемдегі коронавирус аурes туралы, сондай-ақ аурудың алдын алу шаралары мен негізгі белгілері туралы барлық өздерін қызықтыратын ақпаратқа тәулік бойы жауап ала алады.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
24 Мамыр 2020, 08:25
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
24 Мамыр 2020, 08:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы
23 Мамыр 2020, 21:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
23 Мамыр 2020, 18:51
ШОБ, инвестициялар және экспорт: Алматы облысында қай салаға баса көңіл бөлінген
23 Мамыр 2020, 17:26
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Алматы облысында гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен және өңірді дамыту бағдарламаларының іске асырылуымен танысты
22 Мамыр 2020, 16:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
22 Мамыр 2020, 10:43
Мемлекет басшысы Филиппин мен Аустралиядағы елшілерді тағайындады
22 Мамыр 2020, 08:28
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру барысымен танысты
21 Мамыр 2020, 12:44
Елорда барлық өңірге үлгі болуы тиіс — А. Мамин 
20 Мамыр 2020, 18:11
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады
20 Мамыр 2020, 18:00
Р. Скляр германиялық компаниялармен машинажасау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады
20 Мамыр 2020, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №305 Қаулысы
20 Мамыр 2020, 15:27
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:25
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовты қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:22
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 18:25
Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады
19 Мамыр 2020, 17:35
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.05.2020
19 Мамыр 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 мамырдағы №302 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 15:22
Жыл басынан бері 118 мың адам «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты — Б. Нұрымбетов
19 Мамыр 2020, 14:08
Р. Дәленов: Кешенді жоспардың басты мақсаты тұрғындарды жұмыспен қамту
19 Мамыр 2020, 13:53
Жыл сайын мемлекет 365 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін кепілдендірілген түрде сатып алады
19 Мамыр 2020, 12:36
«5-10-20» жаңа бағдарламасымен тұрғын үйді кім ала алады
19 Мамыр 2020, 11:49
2020 жылдың соңына дейінгі кешенді жоспар экономикалық белсенділікті жандандыруға ықпал етеді — Р. Дәленов
19 Мамыр 2020, 10:02
Үкімет Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды қабылдады
19 Мамыр 2020, 09:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қаржы министрлігінің жаңа басшысын таныстырды
19 Мамыр 2020, 08:25
Роман Скляр Түркістан облысындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді
18 Мамыр 2020, 19:00
Қазақстанда 720 мың тонна көлеміндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры қарастырылған
18 Мамыр 2020, 18:44
Ерұлан Жамаубаев ҚР қаржы министрі болып тағайындалды
18 Мамыр 2020, 18:39
Әлихан Смайылов ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды
18 Мамыр 2020, 17:44
Ведомствоаралық комиссия отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдай қаралды
18 Мамыр 2020, 14:44
19 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Мамыр 2020, 12:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 мамырдағы №301 Қаулысы
17 Мамыр 2020, 09:39
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №61
16 Мамыр 2020, 22:29
Жұмыссыздықпен күрес және тірек ауылдарын абаттандыру — Шығыс Қазақстан облысының қазіргі даму бағыты қандай
16 Мамыр 2020, 21:40
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
16 Мамыр 2020, 14:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Семей қаласының дамуымен және Абайдың 175 жылдығына дайындығымен танысты
15 Мамыр 2020, 22:03
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
15 Мамыр 2020, 16:22
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШҚО-да көктемгі егіс жұмысының барысы мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тексерді
15 Мамыр 2020, 13:34
Нұргүл Мауберлинова ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
14 Мамыр 2020, 18:39
Ауыл шаруашылығынан туризмге дейін немесе Ақмола облысының негізгі салалары қалай дамып жатыр
14 Мамыр 2020, 18:14
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған Үкімет делегациясы жұмыс сапарымен Атырау облысына барды
14 Мамыр 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 мамырдағы №296 Қаулысы
14 Мамыр 2020, 17:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 мамырдағы №290 Қаулысы
14 Мамыр 2020, 17:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 мамырдағы №288 Қаулысы
14 Мамыр 2020, 17:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Бәйтерек» холдингі Директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.