Үкіметтік сейсенбі: әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын белгілеу, цифрландыруды дамыту және коронавирустан қорғау бойынша ахуал

Сейсенбі, 04 Ақпан 2020, 17:10:59

Сейсенбіде, 2020 жылғы 4 ақпан күні өткен кезекті Үкімет отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қаралды. Кулуарларда ағымдағы күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар қаралды, ал отырыс қорытындысы бойынша журналистердің сұрақтарына ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов жауап берді. 

Асқар Мамин: бір апта ішінде көтерме-тарату және агро-логистикалық орталықтар жүйесін қаржыландыруды анықтау қажет

Бірінші мәселені қарау кезінде Премьер-Министрге баға мониторингі және әрекет ету шаралары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды. 

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметтері бойынша, 2019 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуі 10,4%-ды құрады, барлық өңірлерде шекті бағадан асып кетудің 67 жағдайы тіркелген. Қаңтар айының қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының 0,3%-ға өскені байқалды. Бұл ретте ол өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 2 есе аз. 

ҚР сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов бірқатар жедел және жүйелі шаралар қабылдау үшін барлық құралдар мен мүмкіндіктер бар деп есептейді. Біріншіден, жергілікті атқарушы органдар мен бақылаушы органдардың аумақтық бөлімшелері тетігін барынша белсенді пайдалануы қажет. Егер түсімнің аздығы және экспортпен байланысты барлық объективті факторларды алып тастасақ, бағаның өсу себебі әкімдіктердің баға мониторингі және шұғыл шаралар жүргізу бойынша белсенділігінің жеткіліксіздігі болады. 

Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров ведомствоның ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен толықтыру бойынша шаралар кешенін іске асырып жатқанын баяндады. Азық-түлік тауарларының барлық негізгі түрлері бойынша қамтамасыз ету 80-100% құрайды. 

Ағымдағы жылғы 15 қаңтарда ҚР Премьер-Министрінің жанынан көтерме-тарату және агро-логистикалық орталықтар желісін дамыту бойынша жаңа жобалық офис құрылды, ол апта сайын мүдделі мемлекеттік органдардың, қаржы институттары мен нарықтың қатысуымен отырыстар өткізеді.

Өз кезегінде Азия Даму Банкінің Қазақстандағы өңірлік өкілі Джованни Каппанелли АДБ көтерме сауда нарықтарын, агро-логистикалық және көтерме-тарату орталықтарын дамыту стратегиясы бойынша егжей-тегжейлі жоспар мен жол картасын әзірлегенін хабарлады. Бұл азық-түлік тауарларына бағаның құбылмалылығын төмендетуге, фермерлердің сауданың үстеме бағасынан әділ үлес алуына қол жеткізуге мүмкіндік береді, өз кезегінде, ол оларға үлкен кіріс әкелуге жол ашады. 

Д. Каппанелли Азия Даму банкі қазіргі кезде агро-логистикалық және көтерме-тарату орталықтарын құру үшін жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін дайындауға $1 млн көлемінде гранттық қаржы ұсынғанын нақтылады. 

Сөз сөйлегендерді тыңдаған соң Асқар Мамин өткен жылдың қараша айында бағаны тұрақтандыру жөніндегі жұмыстағы олқылықтар үшін өңірлер әкімдерінің бірқатар орынбасарлары жауапкершілікке тартылғанын еске салды. Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша желтоқсан айында әкімдіктер бағаны ұстап тұру бойынша оң өзгерістерге қол жеткізді. Мәселен, өткен жылдың қараша айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның жиынтық өсімі 1,1%-ды құраса, желтоқсанда бар болғаны 0,1%-ды құрады. 

Премьер-Министр Сауда және интеграция министрлігіне қаржы, ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірлесіп, бір апта ішінде көтерме-тарату және агро-логистикалық орталықтар жүйесін құру жөніндегі жобаларды қаржыландыру құрылымын анықтауды тапсырды.

Аскар Мамин биыл мемлекеттік қызметтерді автоматтандырудың 90% деңгейіне қол жеткізуді тапсырды

Екінші мәселені қарау кезінде Премьер-Министрге «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы баяндалды. 

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жұмағалиев 2019 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 18,7 млрд теңге бөлінгенін, ол толығымен игерілгенін мәлімдеді.

2018-2019 жылдары цифрландыру бойынша жүзеге асырылған іс-шаралар 802,5 млрд теңге көлемінде экономикалық тиімділік әкелді, инновациялық экожүйеге 32,8 млрд теңге тартылды және іргелес салаларды ескере отырып, 120 мың жұмыс орны құрылды. 

Министрдің сөзін түйіндеген Премьер-Министр 2019 жылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау жоспарының орындалмауына ішкі істер, денсаулық сақтау, индустрия, ұлттық экономика және қорғаныс министрліктері жол бергенін атап өтті. Бұл жұмысты ерекше бақылауға алып, оны 1 наурызға дейін аяқтау қажет.

Асқар Мамин биыл мемлекеттік қызметтерді автоматтандырудың 90% деңгейіне жетуді тапсырды. Мемлекеттік органдар қысқа мерзім ішінде мемлекеттік қызметтер тізіліміне қажетті өзгерістерді, оның ішінде 20 мемлекеттік қолдау шаралары бойынша өзгерістерді пысықтап, енгізуі қажет. 

Бұдан басқа, Үкімет басшысы халықты жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жұмысының ұзаққа созылып кеткенін атап өтті. 

«Nur Otan» партиясының 250 адамнан асатын халқы бар елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі сайлауалды бағдарламасының іс-шараларын іске асыру аясында байланыс операторларымен жұмыс кестесі әлі күнге дейін бекітілмеген. Партия өкілдері мен Парламент депутаттары тарапынан бұл мәселе бойынша сын да айтылды», — деп А. Мамин, аталған мәселені бір апта мерзім ішінде шешуді тапсырды.

Үкімет кулуарларында Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер ауа райына байланысты Қазақстан астанасындағы төтенше жағдайға қатысты мәселеге түсінік берді. Оның айтуынша, қалада қазір күрделі климаттық жағдай сақталып отыр, дауылды ескерту жариялануы мүмкін. 

«4-5 ақпан күндеріне дауылды ескерту жарияланды. Егер Қазгидромет деректеріне қарасақ, бүгін таңертең 13 өңірде дауылды ескерту жарияланды. Павлодар, Алматы, Маңғыстау облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында ғана ауа райы қалыпты», — деді Владимир Беккер.

Бірқатар басқа өңірлерде де дауылды ескерту жарияланды. 

«23 автомобиль жолы учаскесі, оның ішінде 13 республикалық маңызы бар жол таңғы сағат 8-ге дейін жабық болды. Қазір республикалық маңызы бар барлық жолдар ашық, бірақ Қазгидрометтің алдағы аптаға ауа райы болжамы көңіл қуантарлық емес. Ауа температурасы көтеріледі, демек, дауыл тұрып, боран соғады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында жаңбыр жауған, яғни, жолдары көктайғақ. Жол қызметтері мен ТЖ қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Республикалық дағдарыс орталығында ұйымдастырылған штабты біз алып тастаған жоқпыз, ол жұмысын жалғастыруда. Сондықтан Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдай режимі алынып тасталған жоқ. Біз көшелерде қардың көптігін, аулалардың әлі тазартылмағанын көріп отырмыз. Біз бейсенбі, жексенбі және дүйсенбі күндері қар жауады деп күтіп отырмыз. Яғни, ауа райы жайсыз болуы әбден мүмкін», — деді төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы. 

Сонымен қатар В. Беккер адамдардың өз үйінің аумағында қарды тазартпауына қатысты мәселеге тоқталып өтті. 

«Әкімшілік кодекстің бабы бар, онда аумақ иелері оны таза күйінде ұстауы керектігі туралы айтылған. Үй маңындағы аумақтардың иелері қарды сыртқа шығаруы керек. Ал көшені әкімдік тазартады. Кейбір өңірлерде қар шынымен де көп деп ойлаймын. Менің ойымша, қар тазарту, жауын-шашын салдарымен күресу – бұл ортақ ісіміз. Оның ішінде азаматтардың да ісі. Егер сіз жекеменшік үйдің немесе қандай да бір нысанның иесі болсаңыз, сіз сол аумақты тазарту бойынша шаралар қабылдауыңыз керек», — деді В. Беккер.

Бұл ретте, азаматтарды ешкім бірден жазаламайды. Алдымен хабарлама жіберіп, белгілі бір уақыт ішінде қарды тазартуды өтінеді. 

«Егер өз аумағын қардан тазартпаса әкімшілік жаза шарасы қолданылады. Бұл жерде әрбір жеке жағдай бөлек қаралады. Егер бұл сауда үйінің немесе сол сияқты нысанның аумағы болса, әрине, олар қарды өздері тазартуы керек. Егер бұл тұрғын үйлер болса, әкімдік қарды тұрғын үй аумағынан жол бойынша немесе арнайы алаңдарға шығаруды сұрайды», — деді В. Беккер.

ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Серік Түсіпов Қазақстан аумағына Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен кірген автомобиль жүргізушілеріне ережелерді қолдану туралы журналистерге түсіндіріп берді. 

«Ешқандай да санкциялар жүргізіліп жатқан жоқ, себебі біз халықпен диалог орнатып, оларға өз көліктерін заңдастыруға мүмкіндік беруге ниеттіміз. Сондықтан, біз шетелде есепке алынған автокөлікті көрген кезде, біз оны алдымен халықаралық қозғалысқа қатысушы деп тұспалдаймыз», — деді С. Түсіпов. 

Оның айтуынша, мемлекеттің саясаты бірінші кезекте азаматтарға заңнаманы сақтау мүмкіндіктері мен олардың ережелерін түсіндіруде жатыр. 

«Арнайы рейдтер мен жазалау шараларын да жүргізбейміз. Егер азамат өзінің көлігін тіркемеген болса және полиция көретін жерде жол ережесін бұзған болса, онда ол жауапкершіліке тартылады және сол көлікті Қазақстанда тіркеу қажеттігі туралы мәселе қарастырылатын болады»,— деді С. Түсіпов. 

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов журналистерге ауруханада жатқан, коронавирус ауруына күмәнді деп танылған науқастардың қазіргі саны туралы айтып берді. Бүгінде 33 науқас әлі стационарлық бөлімде жатыр. 

«Коронавирусқа күмәнді деп ауруханаға жатқызылған пациенттер емделіп жатыр. Оларға тестілеу жүргізілді, коронавирус табылмады. бірақ, олар жіті респираторлық жұқпамен, тұмаумен ауырғандықтан, олар емін жалғастыруда, дәрігерлердің бақылауында. Коронавирус диагнозы жоққа шығарылды, бірақ олар емін жалғастыруда», — деді Е. Біртанов.

Бұл ретте министр Қытайдан келген барлық азаматтарға коронавирусқа зертханалық тестілеуден өту қажет емес екенін атап айтты, бұл ауруға қатысты шектен тыс дүрбелең тудыру да керек емес. 

«Мұндай тексеру егер адамның бойынан аурудың белгілері табылса ғана жасалады. Мұндай жағдайлардың 99%-ында біз әдеттегі тұмауды байқаймыз. Қазір барлық 18 млн адамды коронавирусқа тексерудің ешқандай қажеттілігі жоқ. Оның мәні жоқ. Ол үшін ауру белгілері болуы керек, анализі де арзан емес. Біз бұл тестіні енді ғана әзірледік, ол оң нәтиже беруде. Біз оны көбейтетін боламыз, демек, коронавирусқа күмәнді барлық пациенттер бірден тексерілетін болады», — деді Е. Біртанов.

Министр сонымен қатар Қытайдан келген барлық азаматтардың, яғни 30 мыңға жуық адамға мониторинг жүргізілуде екенін айтты. 

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша баспасөз орталығы алаңында ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов сөз сөйледі. Ол әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және көтерме-тарату орталықтарын құру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Оның айтуынша, бағаның құбылуына өндіру, тасымалдау кезіндегі өндірушілердің шығындары мен оларды жеткізу кезіндегі түрлі кедергілер, жалпы айтқанда, азық-түлік өнімдері мен басқа да тауарларды делдалдардың кең желісі арқылы таратудың толыққанды тиімді жүйесінің болмауы ықпал етеді.

«Мысалы, жүйектен алынған өнім 4-5 есе қымбатқа түседі. Біз қосылған құннан айырыламыз, ол салықсыз болады. Бұл өте үлкен проблема. Түптің түбінде бұл бағаның негізсіз әрі көбіне тым жоғары өсуіне әкеледі», — деді Б. Сұлтанов.

Министр атап өткендей, бағаны тұрақтандыру туралы айтқанда, өнімді өндіру немесе импорттаудан бастап дұрыс бөліп, тұтынушыға жеткізуге дейінгі проблеманы тұтас шешу керек. Осыған байланысты көтерме-тарату орталықтарын құруға ерекше көңіл бөлу қажет. 

«Біз халықаралық тәжірибені жете зерттеудеміз. Мен жуырда Испания және Франция тәрізді елдерге барып, олардың көтерме-тарату орталықтары жүйесімен таныстым. Бұл бағаға әсер ететін үлкен элементтердің бірі. Бұл елдердің тәжірибесі қызықтырады», — деді Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, Испания мен Францияда мемлекеттің қатысуымен үлкен КТО салынған. Мұндай орталықтар жарты ғасырдан бері жұмыс істейді. Олар нарықтың қажетті өнімдермен толығуына ықпал етеді, өндіруші мен көтерме бағамен сатып алушының арасында ашық, түсінікті байланыс орнатады. Бұл сауда нысандарының бәсекелі желісін кеңейту мүмкіндігіне және өнімдердің тұтынушылар үшін қолжетімді болуына ықпалын тигізеді.

Қазақстанда осындай көтерме сауда нарықтарын құру бойынша жұмыстар басталды. Осындай жобаларды жүзеге асыруда мол тәжірибесі бар Азия даму банкімен бірлесіп өндірушіден тұтынушыға дейінгі тауарлар ағымын болжау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Б. Сұлтанов болашақта көршілес елдермен тиімді тауар өткізу жүйесін құру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізу жоспарланғанын айтты.

«Көршілес елдер Өзбекстан мен Қырғызстанда да осындай тәжірибе бар. Айта кететін маңызды жайт, біз біздің оңтүстіктегі көршілерімізбен де ынтымақтасуымыз керек. Өйткені біздің табиғи-климаттық жағдайларымыз ұқсас және көбіне бізде бір проблема туындайды — маусымдық азық-түлік өнімдері бір мезетте піседі, біз оларды бірге өткізуге тырысамыз. Бәсекелес болу дұрыс емес, уақыты мен өткізу нарығы бойынша бөлуге болады. Сондықтан біз көршілерімізбен бұл жұмыстарда бірігіп, тиімді тауар өткізу жүйесін құратын боламыз», — деді министр.

Аталған шаралар тауар өндірушілерге кепілдендірілген өткізуге ие болуға және шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, олар бүгінде жұмсаған ақшаларын технологияларға, өз өндірісінің өнімділігіне, сақтау инфрақұрылымына сала алады. Сауда және интеграция министрлігінің болжауынша, бұл түптің түбінде өндірушілердің өнімдерінің бағасын төмендетуге алып келеді.

Республикалық газет тілшісінің Қытаймен шекара арқылы азық-түлік тауарларының тасымалдануының салдарынан коронавирустың таралу қаупі бола ма деген сұрағына жауап бере отырып, ҚР сауда және интеграция министрі Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда шекаралары әдеттегі қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын айтты.Тауарлар айналымы вирустың таралуына әсер етпейді.

«Сондықтан бүгінгі таңда тауарлардың жеткізілуіне шекара ашық. Қол қойылған келісімшарттар жұмысын жалғастыруда. Қытай импортының үлесі тек 0,1% құрайды. Егер Қытайдан Қазақстан нарығына тауарлар жеткізу тоқтатылса да, бұл өнімнің бағасын құруға еш әсер етпеуі тиіс», — деді Б. Сұлтанов.

Брифинг аяқталғаннан кейін кулуарда Б. Сұлтанов журналистің бензин бағасын реттеу туралы сұрағына түсініктеме беріп өтті. 

«Егер бағаны ұстап тұруға тырыссақ, біз онда бензиннің өзін жоғалтып аламыз. Ол жай ғана тапшы болып қалады. Бензин бағасы жоғары көрші елдер бензинді бізден алатын болса шекараны ұстап тұру қиынға соғады. Одан да бұлай істемеген жөн. Бізде Ресеймен сондай экономикалық шекара жоқ. Бір кедендік аумақ, сондықтан мұнда біз бақылай алмаймыз», — деп түйіндеді министр.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
02 Сәуір 2020, 20:40
Растаушы құжаттарды тапсырмай төлемді кейінге шегеру - төтенше жағдай кезінде тұрғындар мен бизнеске қандай қолдау көрсетіледі?
02 Сәуір 2020, 15:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №153 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:44
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №152 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №147 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №127 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 наурыздағы №126 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 наурыздағы №124 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 14:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 наурыздағы №123 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 14:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 наурыздағы №122 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 13:52
Қазақстан Республикасы Үкіметініңі 2020 жылғы 16 наурыздағы №116 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 13:27
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №115 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 11:51
«Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыру 7 мың жобаны қамтиды — ҚР ЕХӘҚМ 
02 Сәуір 2020, 10:42
«Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыруға жұмсалатын шығындар 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылады — ҚР Қаржы министрлігі 
02 Сәуір 2020, 10:20
Үкімет азаматтар мен бизнесті қолдаудың қосымша шараларын қабылдады
02 Сәуір 2020, 10:13
ШОБ биылғы 1 қазанға дейін салық пен әлеуметтік төлемдерден босатылады — ҚР ҰЭМ
01 Сәуір 2020, 20:17
Шарттар өзгертілді — қазақстандықтар 42 500 теңге мен «азық-түлік жиынтығын» қалай алады 
01 Сәуір 2020, 10:32
2 сәуірде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
31 Наурыз 2020, 21:40
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі
30 Наурыз 2020, 16:55
Коронавируспен күресуге тартылған медицина қызметкерлеріне төленетін үстеме ақы көлемі бекітілді
30 Наурыз 2020, 15:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №54
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 наурыздағы №154 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №143 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №142 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №141 Қаулысы
28 Наурыз 2020, 12:15
Машина жасау саласындағы бір жұмыс орны іргелес салаларда 7-8 жұмыс орнын құруға жол ашады
28 Наурыз 2020, 11:56
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов Қостанайда жаңа автомобиль модельдерінің бірлескен өндірісін ашты
27 Наурыз 2020, 13:01
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады
27 Наурыз 2020, 08:30
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттерге төлемді кейінге шегеруді автоматты түрде қосымша құжаттарды талап етпей жүзеге асырады
26 Наурыз 2020, 18:42
ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шараларын күшейтті
25 Наурыз 2020, 16:56
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық биотехнология орталығына барды
24 Наурыз 2020, 22:41
ҚР Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті
24 Наурыз 2020, 15:11
Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шаралары қаралды
24 Наурыз 2020, 14:34
«Birgemiz» Қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің құрамы жарияланды
23 Наурыз 2020, 13:36
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзі
22 Наурыз 2020, 13:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №53
21 Наурыз 2020, 16:09
Қ. Тоқаев коронавируспен күрес жұмыстарын үйлестіру және мониторинг жасау жөніндегі Шұғыл әрекет ету орталығына барды
21 Наурыз 2020, 14:50
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның үкімет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті
21 Наурыз 2020, 12:34
Асқар Мамин қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
21 Наурыз 2020, 09:06
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады
21 Наурыз 2020, 09:01
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
21 Наурыз 2020, 08:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №127 Қаулысы
21 Наурыз 2020, 08:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №126 Қаулысы
20 Наурыз 2020, 17:52
А. Мамин әкімдерге ірі кәсіпорындармен және ШОБ-пен бірлесіп жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды
20 Наурыз 2020, 12:00
Карантин енгізу қазақстандықтарды барлық қажетті өнімдермен қамтамасыз етуді шектемейді — Е. Тоғжанов
20 Наурыз 2020, 11:53
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлерінің 70%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшірілді
20 Наурыз 2020, 11:29
Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 32 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді
20 Наурыз 2020, 09:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді 
20 Наурыз 2020, 07:55
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі
19 Наурыз 2020, 20:56
ҚР аумағында COVID-19 таралуына жол бермеу шаралары туралы брифинг өтеді
19 Наурыз 2020, 19:34
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың есебін тыңдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі