Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Жұмыспен қамту орталықтарындағы жаңашылдықтар: «Еңбек» бағдарламасы ұсынатын жаңа мүмкіндіктер

Жұма, 04 Қазан 2019, 10:46:23

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында еліміздегі еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесін әзірлеуді, сондай-ақ еңбек ресурстарының тапшылығы бар өңірлерде Үкіметке көші-қон үдерісін басқару үшін пәрменді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Атап айтқанда, еңбек нарығын цифрландыру, жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын реформалау, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту және тұрғындарды жұмыспен қамтуды арттыру үшін басқа да ауқымды іс-шаралар қарастырылған. Осы тапсырмалардың іске асырылуы, жалпы, ұлттық еңбек нарығын жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы PrimeMinister.kz-тің шолу материалынан оқыңыздар.

Ұлттық еңбек нарығын жаңғыртудың басты факторларының бірі  — цифрландыру. Соңғы жылдары елімізде еңбек нарығы инфрақұрылымының тиімділігін бірінші кезекте цифрландыру есебінен дамыту және арттыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, электрондық еңбек шарттары мен сандық әлеуметтік-еңбек қызметтері енгізіліп жатыр, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы жүргізілді.

 

Жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын реформалау

Жұмыспен қамту орталықтары - жұмыспен қамту қызметін ұсынатын «еңбек нарығындағы бірыңғай терезе». Мемлекеттік жұмыспен қамту орталықтарының жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында олардың жұмысына реформалар жүргізіліп, заман талаптарына сай формат енгізілді. 2018 жылғы 16 сәуірде «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл өзгерістерге сәйкес келесі бағыттағы бірқатар бастамалар көзделген:

  • халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру;

  • электрондық еңбек биржасын енгізу;

  • жұмыспен қамту саласында жұмыспен қамтудың жеке агенттіктерінің аутсорсинг қызметін іске асыру.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңының қолданыстағы редакциясының қабылдануымен Қазақстандағы барлық 203 халықты жұмыспен қамту орталығында жаңа форматтағы жұмыс толыққанды іске қосылды.

Халықты жұмыспен қамту орталықтарымен өзара іс-қимылдың көпарналы схемасы енгізілді. Өтініш берушілер мен жұмыс берушілер кеңейтілген арналар арқылы өзара әрекеттеседі, атап айтқанда:

  • жұмыспен қамту орталықтары арқылы;

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы;

  • ауыл әкімдері арқылы;

  • цифрлық арналар арқылы: электрондық еңбек биржасы (www.enbek.kz порталы), электрондық пошта, телефон арқылы байланыса алады.

Жұмыспен қамту орталықтары көрсететін қызметтердің стандарттары қайта қаралды. 2019 жылдан бастап орталыққа жүгінген әрбір азамат атаулы және жеке тәсілмен қамтыла бастады. Мамандыққа бейіндеу жүргізіледі, нақты мамандыққа икемін анықтау үшін кәсіптік бағдарлау көзделген. Жұмыссыз адамның дағдылар деңгейін бағалау негізінде оның күшті және осал тұстарын ескерумен жұмыспен қамтудың жеке жоспары жасалады.

Жұмыспен қамту орталықтары тіркелген жұмыссыз адамға тиісті жұмыс туралы хабарлайды. Жұмыспен қамту орталықтары жоқ ауылдарда азаматтар атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері - ассистенттерге жүгіне алады. Олар тіркелуге, жұмысқа орналасуға көмектесе алады. Сонымен қоса, адамдар көп жиналатын жерлерде мобильді жұмыспен қамту орталықтары енгізілуде.

Жұмыс берушілермен де іс-қимыл тәсілі өзгертілді. Халықты жұмыспен қамту орталықтары компаниялар үшін персоналды іріктеу бойынша мамандандырылған кадрлық қызмет ретінде жұмыс істей бастады. Орталық жұмыс берушілерге барынша сай келетін мамандарды іріктеп береді, осылайша, мамандардың орынсыз ағымын жояды.

Жұмыспен қамту орталықтарында жұмыс орындары (дербес компьютерлер) бөлінген өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында бар, онда жұмыс іздеген азаматтар Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін пайдалана алады: түйіндемелерін жариялап, бос жұмыс орындары жайлы мәліметтерді көре алады. Өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында кеңесшілер жұмыс іздеушілерге интернет-порталдың мүмкіндіктері туралы ақпарат беріп, қажет болған жағдайда тіркеуге, жеке кабинет ашуға, түйіндеме жасауға, бос жұмыс орындарын іздеуге, пікірлер мен түйіндемелерді қызығушылығын тудырған бос жұмыс орындарына жіберуге көмектеседі.

Жұмыспен қамту орталықтары мен Электрондық еңбек биржасы арасындағы өзара байланыспен қалалар, аудандар және ауылдардың тұрғындары онлайн режимде қамтамасыз етіледі. Биржа порталы еліміздегі еңбек нарығындағы жағдай туралы ақпараттармен — сұранысқа ие кәсіптер туралы шолулар, жаңа кәсіпорындарда жұмыс орындарының құрылуы және кәсіптер түрлері бойынша еңбекақы мөлшері жайлы мәліметтермен тұрақты толықтырылып отырады.

Жұмыс берушілердің және жұмыс іздеушілердің жұмыспен қамту орталықтарына деген сенім деңгейін арттыру мақсатында 2018 жылғы қазаннан бастап жұмыспен қамтитын жеке агенттіктердің аутсорсинг қызметі енгізілді. Бұл жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру арналарын кеңейтті. Аутсорсинг Электрондық еңбек биржасы арқылы іске асырылады. Электрондық еңбек биржасында біліктілік талаптарына сай келетін жұмыспен қамту орталығы мен жеке агенттік арасында аутсорсинг туралы келісімшарт жасалады. Жеке агенттіктер жұмысқа орналасуға халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген және аутсорсингке келісім берген жұмыссыздарды жібереді. Қызметтердің аутсорсинг құралын жетілдіру және оны іске асыруды жеңілдету, сондай-ақ жұмыспен қамтудың жеке агенттіктерін тарту мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тиісті бұйрықтарына өзгерістер енгізілді.

Аутсорсинг бойынша жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметтеріне шекті тарифтер анықталды. Аутсорсингке берілген жеке агенттікке жүгінген азаматтарға тегін қызмет көрсетіледі.

Сонымен қатар Дүниежүзілік банктің қаржылай қолдауымен «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы іске асырылып жатыр. Жоба мақсаты — жұмыспен қамту және еңбек дағдылары саласындағы нәтижелерді жақсарту, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы оқыту мен білім беру бағдарламаларының өзектілігін арттыру.

Жоба аясында жұмыспен қамту орталықтарын материалдық қамтамасыздандыруға талдау жасалды. Соның негізінде жұмыссыз және табысы аз азаматтарға қызмет көрсету үшін кеңсе техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу қажеттілігі анықталды.

Сондай-ақ, халықты жұмыспен қамту орталықтарының жүргізіліп жатқан трансформациялануының тиімділігін қамтамасыз ету үшін осындай орталықтардың қызметкерлерін оқыту жоспарланған. Яғни, жұмыс іздеп жүрген адамдарға тиімді көмек көрсету үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлерінің әлеуеті арттырылатын болады және жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл нығаяды.

Бұдан басқа, жоба шеңберінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты формализациялау бойынша ұсыныстар әзірленді. «SABER» халықаралық әдістемесі бойынша қысқа мерзімді оқыту қызметтерін ұсынатын орталықтардың жұмысына бағалау жүргізіліп, жұмыссыз тұрғындарға сапалы білім беретін оқу орталықтары анықталды.

«Digital Agent» қосымшасы арқылы кері байланыс және проблемаларды шешу механизмі іске асырылуда. Бұл қызметті алушылар нақты уақыт режимінде мемлекеттік жұмыспен қамту орталықтарының қызмет көрсету сапасын (қызметкердің сыпайылығы, кәсіби деңгейі, әкімшілік кедергілер және т.б.) бағалай алады.

Сонымен қатар, жекеменшік жеткізушілерді тарту арқылы жұмысқа орналастыру арналары кеңейтілді. Жұмыс іздеген азаматтар жұмысқа орналасуына жәрдемдесуі үшін мемлекеттік жұмыспен қамту орталықтарының қызметіне де, жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметіне де жүгіне алады. Осылайша, жұмыс іздеушілерге кең таңдау мүмкіндігі беріліп отыр. Еңбек нарығына жеке агенттіктерді тарту есебінен бос жұмыс орындарының базасы кеңейтілді, жеке агенттіктер жұмыс берушілермен өзара тиімді іс-қимылды жолға қоюда.

 

Электрондық еңбек биржасы

Электрондық еңбек биржасы — бұл мемлекеттік жұмыспен қамту орталықтарынан да, жеке агенттіктерден де, онлайн алаңдардан да бос жұмыс орындары мен түйіндемелерді жинақтайтын еліміздегі алғашқы цифрлық алаң.

www.enbek.kz 2017 жылы қазан айында Астана, Алматы, Павлодар және Шымкент қалаларының Жұмыспен қамту орталықтарында пилоттық жоба ретінде, ал 2018 жылдың қаңтарынан бастап бүкіл Қазақстан бойынша іске қосылды. Электрондық еңбек биржасы еңбек нарығының негізгі қатысушыларын біріктірді. Биыл жүйеге 161 мыңнан астам жұмыс беруші, 796 мың жұмыс іздеуші, 203 мемлекеттік халықты жұмыспен қамту орталығы, 54 жеке жұмыспен қамту агенттігі, 7 жұмысқа орналастыру бойынша интернет-алаң, сондай-ақ 4 бұқаралық ақпарат құралдары қосылды.

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, ағымдағы жылдың басынан осы кезеңге дейін электрондық еңбек биржасы арқылы 497 мың азамат жұмысқа орналастырылған, оның 380 мыңы тұрақты жұмыс орындарына орналасқан. Сондай-ақ жыл басынан бері барлық мәлімделген бос жұмыс орындарының 74%-дан астамы, кейбір өңірлерде 95%-ға дейінгісі осы электрондық еңбек биржасы порталы арқылы ұсынылған. Жалпы, 2018 жылы қаңтарда электрондық еңбек биржасы іске қосылған сәттен бастап осы портал арқылы жұмыс іздегендерден 616 мың адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 380 мыңы — өткен жылы жұмысқа орналасқан.

Еңбек биржасында орналастырылған бос жұмыс орындарына жалақы төлеу деңгейін жұмыс берушілер дербес анықтайды және ол жұмыстың көлемі мен күрделілігіне, әлеуетті қызметкерлердің біліктілігі мен дағдыларына байланысты болады. 2019 жылы бос жұмыс орындарының 49,6%-дан астамы үшін жұмыс берушілер өздерінің құзыреттеріне байланысты болашақ қызметкерлерге еңбекақы төлеудің неғұрлым жоғары деңгейін белгілеу үшін «мүмкіндіктер терезесін» қалдыра отырып, жалақының ең жоғары шегін көрсетпеді. 132 мыңнан астам бос жұмыс орындары үшін ең төменгі жалақы шегі 100 мың теңге деңгейінде белгіленді.

Электрондық еңбек биржасын енгізудің ең басты тиімділігі — әкімшілік шығындардың жойылуында. Енді жұмыс берушілердің халықты жұмыспен қамту орталықтарына бос жұмыс орындары жайлы мәліметтерді тікелей ұсынуы міндетті емес, оны онлайн режимде электрондық еңбек биржасындағы жеке кабинеті арқылы жасай алады.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында да бірыңғай электрондық еңбек биржасын құру жайлы ұсыныстар жасалған болатын. Қазіргі уақытта бұл одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарын жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін сандық экожүйенің моделін қалыптастыру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Осы зерттеу нәтижелері мақсатқа сай болған жағдайда жоғарғы деңгейлі іс-шаралар жоспары анықталатын болады.

 

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлікке оқыту

Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаев биыл Қазақстан халқына арнаған Жолдауында сонымен қатар жаппай кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылуға мүмкіндік беретінін, сондықтан мемлекет алдағы уақытта да бизнеске қолдау көрсетуді жалғастыратынын айтты. Осы орайда елімізде Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының жаппай кәсіпкерлікті дамытуды көздейтін екінші бағыты шеңберінде жұмыссыздардың кәсіпкерлік бастамашылығын қолдау мақсатында «Бастау Бизнес» жобасы іске асырылып жатыр.

«Бастау Бизнес» жобасы Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларына, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына оқытуға, сондай-ақ олардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған.

2017-2018 жылдары «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 43,3 мың адам қамтылды. Оқуды аяқтағандардың ішінен 27,7 мың адам өз бизнес-жобаларын қорғап, оның 11 мыңы шағын несие алған.

2019 жылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқумен 16,4 мың адамды қамту жоспарланып отыр. Биылғы жылдың 8 айында оқумен 15 мың адам қамтылған, оның ішінде 12,6 мың адам өз бизнес жобаларын қорғап, олардың ішінен 4,7 мың адам шағын несие алса, 1,9 мың адам жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар иеленді.

Өткен жылдан бастап өтемсіз негізде 100 айлық есептік көрсеткешке дейінгі мемлекеттік гранттар беру түріндегі жаңа бизнес-идеяларды дамытуға бағытталған жаңа құралдар іске асырыла бастады Ағымдағы жылы бағдарламаға қатысушы аз қамтылған көп балалы отбасылар, мүгедектер және жастар үшін бұл сома 200 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

Бұдан өзге, «Еңбек» бағдарламасының бірінші бағыты жұмыссыз азаматтардың еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдыларды игеруінің тиімді жүйесін жасауға бағдарланған. Яғни, олар 1 айдан 6 айға дейін қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтеді. 2017-2018 жылдары өңірлік еңбек нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында 109 мыңға жуық азаматты, оның ішінде 2017 жылы 70,6 мың адам, 2018 жылы 37,2 мың адамды қысқа мерзімді қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамту жоспарланған болатын. Нәтижесінде, 2017-2018 жылдары қысқа мерзімді кәсіптік оқумен 113,5 мың адам қамтылды, оның ішінде 107,2 мың адам оқуды аяқтады. Оқуды аяқтағандардың ішінен 69 мың адам немесе 64,2%-ы жұмысқа орналасты. Биыл 60 мың адамды оқумен қамту жоспарланып отыр.

2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қысқа мерзімді курстарға 32,5 мың адам жіберілді, оның 15,6 мыңы оқуды аяқтады. Оқуды аяқтағандардың ішінен 6,5 мың адам немесе 41,9 %-ы жұмысқа орналасты.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсаты — еңбек нарығын дамыту және тұрғындардың, оның ішінде жастардың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша қосымша шараларды қабылдау. 2019 жылғы 1 қыркүйектегі мәліметтер бойынша Бағдарламаға қатысушылардың құрамындағы жастардың үлесі 35,7%-ды немесе 144 мың адамды құрайды, оның ішінде 124,6 мыңы немесе 86,5%-ы жұмысқа орналасты.

Жастар жылына байланысты биылдан бастап Бағдарлама шеңберінде «Жас кәсіпкер» жобасы іске асырылуда. 2019 жылы «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 20 мың жасты кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланған. Қазіргі күнге дейін 18 мың жас оқытумен қамтылды. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі деректер бойынша жастар іс-тәжірибесінен өтуге 26 мың адам жіберілген. Жастар жылы аясында «Бастау-Бизнес» жобасына 18,9 мың адам жіберілді, 17 мың адам оқытудан өтті.

 

Жұмыс күші басым өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныстандыру

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының үшінші бағыты еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруды қарастырады. Осы ретте бағдарламаға қатысушыларды жұмыс күші көп облыстардан жұмыс күші тапшы облыстарға ерікті түрде қоныстандыру көзделген. Оларды Үкімет белгілеген 5 көшу өңірінен (Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары) тұрғындарды ішкі қоныс аударушыларды қабылдайтын 4 өңірге (Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстары) көшіру қарастырылады. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары да ерікті қоныс аударушылардың шығу өңірлері ретінде бекітілген.

2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жұмыс күші көп өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге 1 650 отбасы немесе 5 918 адам қоныс аударды, бұл жылдық жоспардың 62%-ын құрайды. Оның ішінде 2 901 адам еңбекке қабілетті жаста, оның 1 893-і жұмысқа орналастырылса, 96 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысуда және 36 адам жаңа тұрғылықты мекенжайы бойынша оқуға жіберілді.

Өңірлер бөлінісінде қоныс аударушылардың басым бөлігі Павлодар облысына (2 100 адам), Солтүстік Қазақстан облысына (1 500 адам) және Қостанай облысына (1 081 адам) тиесілі. Ақмола облысына 258 адам (қандастар) және Шығыс Қазақстан облысына 979 адам қоныс аударған.

Сонымен қатар, Түркістан (399 отбасы немесе 1 304 адам) және Алматы (384 отбасы немесе 1 357 адам) облыстарының тұрғындары қоныс аударушылар арасында басым. Жамбыл облысынан 124 отбасы немесе 420 адам, Қызылорда облысынан 122 отбасы немесе 352 адам, Шымкент қаласынан 111 отбасы немесе 359 адам, Нұр-Сұлтан қаласынан 158 отбасы немесе 809 адам және Маңғыстау облысынан 12 отбасы немесе 44 адам қоныс аударды.

Жаңа тұрғылықты мекенжайы бойынша ерікті қоныс аударушыларға бастапқы қолдау ретінде әрбір адам басына шаққанда 35 АЕК (88 мың теңге) мөлшерінде материалдық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ қоныс аударған жеріне және отбасы мүшелерінің санына қарай 12 ай бойы ай сайын 15 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейінгі (37,8 мыңнан 75,7 мың теңгеге дейін) мөлшерде тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарын өтеу үшін төлемдер жасалды.

Жастарға қатысты мәліметтерге сүйенесек, ел өңірлерінде кадрлар тапшылығының орнын толтыру мақсатында 2019 жылдың 8 айында жұмыс күші артық өңірлерден 181 жас адам қоныс аударған. Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағы отбасы мүшелерінен 144 адам жұмысқа орналастырылған. Сондай-ақ Бағдарлама аясында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындары, жастар іс-тәжірибесі және қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылып, 2019 жылдың 8 айында оларға шамамен 54,8 мың адам бағытталды.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
25 Қазан 2020, 09:53
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №83
23 Қазан 2020, 18:49
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс, мемлекеттік БАҚ-тарды біріктіру және ақпараттың қолжетімділігі мәселелері — Қазақстанда ақпарат жүйесінің дамуы
23 Қазан 2020, 18:34
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады
23 Қазан 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезіне қатысты
23 Қазан 2020, 15:41
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
23 Қазан 2020, 15:02
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин және ЕО елшілері экономиканы қалпына келтірудегі ынтымақтастықты талқылады
22 Қазан 2020, 18:42
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты
22 Қазан 2020, 18:20
Гүлмира Исаева ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
22 Қазан 2020, 17:24
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес ҚР экономикасын қалпына келтіру перспективасын қарастырды
22 Қазан 2020, 15:22
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Қазақстанда электромобильдерді шығаруды дамыту жоспары туралы баяндалды
22 Қазан 2020, 14:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин кәсіпкерлік мәселесі бойынша Жобалық кеңсе отырысын өткізді
22 Қазан 2020, 12:03
Ауылдық медицина ұйымдарына жылжымалы медициналық кешендер табыс етілді
21 Қазан 2020, 19:12
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысын өткізді
21 Қазан 2020, 17:27
Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады
21 Қазан 2020, 17:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №673 Қаулысы
21 Қазан 2020, 17:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №667 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №666 Қаулысы
21 Қазан 2020, 15:45
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 13:06
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
21 Қазан 2020, 12:55
Азамат Әмрин ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 12:50
Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 11:47
Мемлекет басшысының ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуі
21 Қазан 2020, 09:56
Асқар Биахметов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
20 Қазан 2020, 19:44
Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
20 Қазан 2020, 14:51
Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасы мақұлданды 
20 Қазан 2020, 14:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин С. Чакрабартимен кездесу өткізді
20 Қазан 2020, 13:35
Медицина ұйымдарында жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қоры жасалған — А. Цой
20 Қазан 2020, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 20.10.2020
20 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №664 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №663 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №662 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:02
Биылғы 9 айда Қазақстанда вакциналау жоспары 100% орындалды — ҚР АШМ
20 Қазан 2020, 10:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №661 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №660 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:27
Отандық кәсіпорындар тәулігіне 900 мың маска шығарады — Б. Атамқұлов
20 Қазан 2020, 10:17
Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қарады
20 Қазан 2020, 10:02
Үкімет ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін қарады
19 Қазан 2020, 17:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді
19 Қазан 2020, 16:00
Мәдени мұра, салауатты өмір салтын ұстану, отандық киноны қолдау - Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай іске асырылуда
19 Қазан 2020, 12:42
20 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Қазан 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82
16 Қазан 2020, 19:47
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады
16 Қазан 2020, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қазандағы №642 Қаулысы
15 Қазан 2020, 17:36
Денсаулық сақтаудың дамуы және іскерлік белсенділіктің артуы — Алматының биыл 9 айдағы дамуына шолу
15 Қазан 2020, 15:28
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Hyundai автомобильдерін құрастыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты
15 Қазан 2020, 13:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
14 Қазан 2020, 13:19
Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 19:12
Марат Күлдіков ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:43
Мереке Пішембаев ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.