Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Соңғы 5 жылда ҚР-да 1 334 км магистральдық газ құбыры және 20 мың км астам тарату желілері салынды 

Сейсенбі, 24 Қараша 2020, 11:36:42

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елді мекендерді газдандыру мәселелері қаралды. Елді газдандыру бойынша қазіргі жағдай туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев баяндады.

Ең алдымен, министр газ ресурстары елдің ішкі қажеттілігін жабу үшін жеткілікті екенін атап өтті.

Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссия 3,8 трлн м3 көлемінде өндірілетін газ қорларын бекітті, оның ішінде ілеспе газ – 2,2 трлн м3 және табиғи (бос) газ – 1,6 трлн м3. Барлық барланған газ қорларының 98%-ға жуығы Қазақстанның батысында шоғырланған, бұл ретте 87%-дан астамы — ірі мұнай-газ және мұнай-газ конденсаты кен орындарында шоғырланған. Еліміздің ірі кен орындары — Қашаған, Қарашығанақ, Теңіз қорлары Қазақстан Республикасының барлық қорларының 75%-ын құрайды.

Өндірілетін газдан қажетті көлем ішкі нарыққа, бір бөлігі экспортқа, бір бөлігі қысымды ұстап тұру үшін қабатқа айдауға және жер қойнауын пайдаланушылардың жеке технологиялық қажеттіліктеріне жұмсалады.

Ведомство басшысының айтуынша, елде жаңа тұтынушылардың пайда болуына байланысты газ тұтынудың өсу тенденциясы байқалады.

«Мәселен, соңғы 5 жылда 2015-2019 жылдары газды тұтыну 12,1-ден 16,3 млрд м3-ге дейін немесе 35%-ға ұлғайды. Осы жылдың 10 айында газ тұтыну көлемі 12,4 млрд м3 немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 102% құрады», — деп хабарлады Н. Ноғаев.

Сонымен қатар елді газдандыру да өсуде. Елді газдандырудың 2015-2030 жылдарға арналған Бас схемасын іске асыру аясында жыл сайын мемлекеттік бюджеттен газдандыруға қомақты қаражат бөлінеді.

2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елді газдандыру деңгейі 51,47%-ды құрады немесе 9,5 млн адам көгілдір отынға қол жеткізді.

2020 жылдың қорытындысы бойынша газдандыру деңгейін 53,07%-ға жеткізу күтілуде, бұл 2015 жылғы деңгейден 10,07%-ға артық. 2015-2020 жылдар кезеңінде газдандырылған елді мекендердің өсімі 286 бірлікті, халықтың өсімі 2,4 млн адамды құрайтын болады.

Сондай-ақ, соңғы 5 жылда 1 334 шақырым магистральдық газ құбырлары және 20 мың шақырымнан астам газ тарату желілері салынған.

2015-2020 жылдар кезеңінде республикалық бюджет есебінен әкімдіктерге газдандыру шараларына 125 млрд теңге мөлшерінде нысаналы трансферттер бөлінді, оның ішінде соңғы 2 жылда 76 млрд теңге бөлінді.

Сондай-ақ, газдандырудың кейбір жобалары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бюджеттік бағдарламасы есебінен іске асырылуда. 2020-2021 жылдары 8 өңірде 22,5 млрд теңгеге 58 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде 51 жобаны осы жылы және 7 жобаны Алматы облысында 2021 жылы аяқтау жоспарлануда.

Өткен жылдың желтоқсан айында Елбасының «Бесінші әлеуметтік бастамасына» сәйкес ұзындығы 1061 шақырым болатын «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының І кезеңі пайдалануға берілді.

Министр атап өткендей, Қызылорда облысынан бастау алатын «Сарыарқа» газ құбырының І кезеңі елорданы, орталық және солтүстік өңірлердің бір бөлігін экологиялық таза отын түрімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл тәуелсіздік алған сәттен бастап еліміз үшін маңызды тарихи оқиғалардың бірі саналады.

Солтүстік өңірлерді газдандыру үшін «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының 2 және 3 кезеңдерін салу мәселесі пысықталуда.

Халыққа газ беру үшін «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының 1-ші кезеңінің трассасы бойында Нұр-Сұлтан қаласында, Қарағанды және Ақмола облыстарында газ тарату желілерінің құрылысы жүргізілуде.

«Елорданы газдандыру 3 кезекке бөлінген. Қазіргі уақытта әкімдік 9 іске қосу кешені бар 1-ші кезектің құрылысын жүргізуде. Елорданы газдандырудың 2 және 3 кезегі бойынша қазіргі уақытта жобалау жұмыстары жүргізілуде», — деді министр.

Қарағанды облысында әкімдік автоматтандырылған газ тарату станцияларынан Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларына газ бұру мен тарату желілерін салуды көздейді.

Барлық үш қала бойынша 1-кезектегі 1 іске қосу кешендері бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Ақмола облысында газ тарату желілерінің құрылысы 2 кезекке бөлінген. 1-ші кезекте Аршалы және Целиноград аудандарының 20 елді мекенін газдандыру үшін 13 жобаны іске асыру қарастырылған.

Газдандырудың 2-ші кезегінің нысандары жобалау сатысында.

Солтүстік өңірлерден басқа Қазақстанның шығыс бөлігі газдандырылмаған. Газдандырудың ықтимал нұсқасы «Барнаул – Рубцовск – Семей – Өскемен» бағыты бойынша Ресей Федерациясынан газ құбырын салу болып табылады. 

«Бұл ретте Семей маңында Павлодар облысына қарай бұру болжанады. Аталған бағыт бойынша газ құбырын салу саны осы өңірлердегі 2,1 млн адамға көгілдір отын жеткізуге мүмкіндік береді. Тұтыну көлемі жылына 2,3 млрд м3 деңгейінде болжануда. Қазіргі таңда бұл жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін анықтау үшін «ҚазТрансГаз» АҚ мен «Газпром» арасында жұмыс тобы құрылып, бұл мәселе Ресей тарапымен пысықталуда», — деді Н. Ноғаев.

Осылайша, газдандыру жобаларын іске асыру, сондай-ақ бүгінгі күні пайдаланылмай жатқан объектілерді газға қосу есебінен 2023 жылдың қорытындысы бойынша 55% газдандыру деңгейіне қол жеткізу күтіліп отыр.

Газдандырылған елді мекендердің саны 1 707 бірлікті, газдандырылған халықтың саны 10,4 млн адамнан асады деп күтілуде.

Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев өңірдің 371 елді мекенінде 1 136 222 адам тұратынын хабарлады. Оның ішінде, қазіргі уақытта 192 елді мекен газбен қамтамасыз етілген.

2020 жылы 116 елді мекенде 210 мың адамды газбен жабдықтау үшін 26 жобаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен 14,1 млрд теңге бөлінді.

Өткен жылмен салыстырғанда газбен жабдықтау саласындағы жұмыс көлемі 2,2 есеге артты. Соның нәтижесінде биыл 45 елді мекенде орамішілік газ құбырлары салынады, 95 мың адам газға қол жеткізеді, ал қалған 71 елді мекенде жұмыстар 2021 жылға қарай аяқталады. 

Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек өңірде 9 қала мен 114 елді мекенді газдандыру жоспарланғанын айтты.

Бірінші кезеңде үш қалада 3 мыңға жуық үй газбен қамтылады. Қазіргі уақытта Теміртау және Жезқазған қалаларында қабылдау актілеріне қол қойылды және құрылыс жұмыстары аяқталды. Желілерді «ҚазТрансГаз» АҚ сенімгерлік басқаруына беру рәсімі басталды. 

Осыдан кейін 1 мың 56 үйге газ беру қамтамасыз етілуі мүмкін, тұтынушылардың дайындығына қарай газ тұтыну көлемі жылына 6 млн м3 құрайды.

«Қарағанды қаласына келетін болсақ, құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес 70%-ға орындалды, құрылысты аяқтау 2021 жылдың мамыр айына жоспарланып отыр. Газ тұтыну көлемі 22 млн/м3 болатын 1 мың 865 үй үшін газ беру қамтамасыз етіледі», — деді Ж. Қасымбек. 

2021 жылы Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларында 3 мың 800 үйді қамтитын екінші іске қосу кешенінің құрылысын бастау жоспарлануда.

Қаржыландырудың қолдауымен 2021 жылы Жаңаарқа, Осакаров аудандарында және Шахтинск қаласында газбен жабдықтау желілерінің құрылысы басталады, бұл 1 кезеңде 3 мыңнан астам үйді газдандыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, 2021 жылы Саран қаласын, Ақтас және Дубовка кенттерін газбен жабдықтау үшін жеткізуші газ құбырын салу жоспарлануда.

Осылайша, 2021 жылы шамамен 19 мың адам газбен қамтамасыз етілетін болады.

Толық қаржыландырылған жағдайда, 2030 жылға қарай облыс халқының 1 млн 100 мың адамы газдандырумен қамтылады.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қазіргі таңда облыстың 9%-ы немесе 1 млн 152 мың  тұрғыны бар елді мекендер табиғи газбен қамтамасыз етілгенін жеткізді. 

Оның айтуынша, 2020 жылы 43 нысанның құрылысы жүргізілген, 20 нысанның құрылысы аяқталуда, қалған 23 нысан келесі жылға өтпелі. Түркістан облысын дамытудың Кешенді жоспарына сәйкес,  2025 жылдың соңына дейін облыстың елді мекендерін 99% табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарланған. 

«Биыл Энергетика министрлігіне бюджеттік өтінім ұсынылды, 7 нысанды газдандыруға 4,3 млрд теңге қаржы қарастырылды. Тағы 52 нысанды газдандыруға дайынбыз. Құрылыстарды аяқтауға қосымша қаржы үшін өтінім беріледі», — деді облыс әкімі. 

Сонымен қатар газбен қамтамасыз ету нысандарын «ҚазТрансГаз» АҚ-ның теңгеріміне өткізу жұмыстары жүргізілуде. 

Өңір басшысы ағымдағы жылы қазан айында құрылысы аяқталған 298 нысанның 110-ы пайдалануға берілуге әзір болғанын айтты. Қазіргі таңда 30 нысан пайдалануға берілген, тағы 140 нысан дайын. 

«Бұдан басқа, 84 газдандыру нысанының барлық құжаттарын әзірлеп, жыл соңына дейін тапсырамыз. Нысандарды толық теңгерімге өткізу жұмыстары жыл соңына дейін орындалатын болады», — деді Ө. Шөкеев.  


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
16 Қаңтар 2021, 12:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №937 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №949 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №915 Қаулысы
15 Қаңтар 2021, 19:07
Қазақстан Президенті Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
15 Қаңтар 2021, 17:08
Бақытжан Темірболат «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директоры қызметіне тағайындалды
15 Қаңтар 2021, 16:25
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
15 Қаңтар 2021, 12:55
Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысты
15 Қаңтар 2021, 11:56
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі
15 Қаңтар 2021, 10:04
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Жарлыққа қол қойды
14 Қаңтар 2021, 19:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №965 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 19:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №950 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 18:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №960 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 16:44
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты
14 Қаңтар 2021, 09:55
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №898 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 09:06
ҚР Президенті Қ. Тоқаев жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
13 Қаңтар 2021, 10:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №943 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 20:12
Америкалық «Valmont Industries» Қазақстанда алдыңғы қатарлы суару жүйелері зауытын ашады
12 Қаңтар 2021, 19:20
Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады
12 Қаңтар 2021, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №955 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 17:52
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №941 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 14:40
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.01.2021
12 Қаңтар 2021, 14:16
2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мұнай және конденсат өндіру көлемі 85,7 млн тоннаны құрады — Н. Ноғаев
12 Қаңтар 2021, 13:13
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің салалары 2020 жылы оң даму қарқынын көрсетті
12 Қаңтар 2021, 13:00
2020 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке кіріс жоспары 102,7% атқарылды — Е. Жамаубаев
12 Қаңтар 2021, 11:55
Көлік құралдарын шығару машина жасау саласының өсуіне оң әсер етті —  Б. Атамқұлов
12 Қаңтар 2021, 10:51
2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың кірісі оң болып қалды — Е. Досаев
12 Қаңтар 2021, 10:43
2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1,4 млн адам қамтылды, 700 мың кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер жасалды — ҰЭМ 
12 Қаңтар 2021, 10:02
2020 жылы нақты сектор ҚР ұлттық экономикасы тұрақтылығының негізгі факторына айналды
11 Қаңтар 2021, 15:16
12 қаңтарда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қаңтар 2021, 15:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №94
11 Қаңтар 2021, 13:30
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан Парламент Мәжілісіне сайланатын депутаттарға дауыс беру рәсіміне қатысты
11 Қаңтар 2021, 11:30
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісіне сайланатын депутаттарға дауыс беру рәсіміне қатысты
11 Қаңтар 2021, 10:36
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Мәжіліс депутаттарының сайлауында ҚХА атынан дауыс берді
11 Қаңтар 2021, 02:15
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабына барды
10 Қаңтар 2021, 16:00
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласындағы №115 сайлау учаскесіне барды
10 Қаңтар 2021, 15:30
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында дауыс берді
10 Қаңтар 2021, 07:46
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин парламент сайлауында дауыс берді
09 Қаңтар 2021, 15:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №947 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №944 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №946 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №939 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №930 Қаулысы
08 Қаңтар 2021, 15:54
Дүниежүзілік банк 2020 жылы Қазақстан экономикасының динамикасын бағалауды жақсартты
08 Қаңтар 2021, 14:03
Қазақстан АХҚО алаңы арқылы АҚШ-пен инвестициялық ынтымақтастықты арттырады
07 Қаңтар 2021, 14:30
Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Православ шіркеуінің жоғары наградасы – «Алғыс» ордені табыс етілді
07 Қаңтар 2021, 08:08
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады
07 Қаңтар 2021, 08:05
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтауы
06 Қаңтар 2021, 18:17
Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады
06 Қаңтар 2021, 17:44
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
06 Қаңтар 2021, 11:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №932 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.