Су тасқынының келесі толқынына дайындық: Олжас Бектенов Оралға барды

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру үшін Орал қаласында жүр. Үкімет басшысы өңірге келісімен Жайық өзенінің жағалауын нығайту және бөгет құрылыстарын салу жұмыстарының барысын тексерді.

Сонымен қатар Олжас Бектенов жағдайды бақылау үшін өңір аумағында орналасқан су қоймаларының өзен арнасын тікұшақпен аралайды.

#Олжас Бектенов #ҚР Премьер-Министрі #Су тасқыны

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу