Үкімет 2021 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарын қарады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспары қаралды. 

Әділет министрі М. Бекетаев баяндама жасап, ол Жоспар биржалық сауданы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды, жер қатынастарын, көлікті, құқық қорғау қызметі мен геодезияны, картографияны, волонтерлік қызмет пен қайырымдылықты, биологиялық қауіпсіздікті және т. б. дамытуға бағытталған 19 заң жобасын әзірлеуді көздейтінін хабарлады.

«Келесі жылы Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауынан туындаған екі заң жобасын Парламентке енгізуіміз қажет. Бұл – биржалық сауданы дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заң жобалары. 2021 жылдың жоспарына сондай-ақ үш жаңа заң жобасы енгізілді. Бұл геодезия, биологиялық қауіпсіздік және әскери полиция туралы заң жобалары», – деді А. Мамин.

Премьер-Министр мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына заң жобаларының сапасына және олардың Үкімет пен Парламентке уақтылы енгізілуіне ерекше назар аударуды тапсырды. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу