ЖЭК үлесінің артуы парниктік газдар шығарындыларын 15 млн тоннаға азайтады — М. Мырзағалиев

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев жаңартылатын энергия көздерінің қоршаған ортаға әсері туралы баяндады.

Айта кету керек, климаттың өзгеру мәселелері көптеген мемлекеттердің ұлттық күн тәртібіне кірді. Жаңартылған энергия көздерін дамыту әлемдік трендке айналды. Қазақстан Париж келісімін ратификациялай отырып, 1990 жылға қарағанда, 2030 жылға дейін парниктік газдар шығарындыларын 15%-ға қысқартуға  өз еркімен үлесін қосып отыр.

«Міндеттемелерді орындау құралдарының бірі – көмірді пайдаланудан бас тартып, жаңартылатын энергия көздеріне көшіп, ластаушы заттардың шығарылуын және өндіріс қалдықтарының пайда болуын төмендетуге бағыттау», — деді министр М. Мырзағалиев.  

Жаңартылатын энергия көздерін дамыту жоспарларын, сондай-ақ жасыл экономиканы одан әрі жетілдіруге бағытталған басқа да шараларды іске асыру және Париж келісімінің міндеттемелерін орындау үшін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі  Қазақстанның 2025 жылға дейінгі төмен көміртекті даму стратегиясын әзірлеуге кірісті. 

Стратегияда экономика мен энергетиканың әртүрлі даму сценарийлері кезінде көмір мен газды пайдалануды қысқарту немесе алмастыру сияқты мүмкіндіктері көзделетін болады. Шетелдік сарапшылармен бірге экономиканың барлық салалары бойынша талдау жүргізілетін болады. Бұл жұмысты 2020 жылдың соңына қарай аяқтау жоспарланып отыр.

Қазақстанның төмен көміртекті дамуына көшудің негізгі аспектісі жаңартылатын және баламалы энергия көздерін дамыту.

ҚР ЭГТРМ ақпаратына сәйкес, Стратегияны іске асыруда, парниктік газдар шығарындыларын азайтуға ықпал етіп, Париж келісімінің шарттарын 2030 жылға қарай орындауға мүмкіндік береді. 

2019 жылдың қорытындысы бойынша жаңартылатын энергия көздері 2,4 млрд кВт/сағ өндіретін болады. Егер энергияны көмір станциялары өндірсе, болжамдарға сәйкес, шығарындылардың жылдық көлемі 2,3 млн тоннаны, атмосфераны ластайтын заттар - 190 мың тоннаны және күл-қож 500 мың тоннаны құрайтын еді.

«10%-ға дейін электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінде ЖЭК үлесіне қол жеткізу 2030 жылы парниктік газдар шығарындылары 15 млн, атмосфераны ластайтын заттар – 1 млн тонна және күл-қож жылына 3,2 млн тоннаға азаяды», — деді М. Мырзағалиев.

Сонымен қатар, экология, геология және табиғи ресурстар министрі елімізде ЖЭК одан әрі дамыту үшін Энергетика министрлігі әзірлеген шағын генерацияны орналастыру, атап айтқанда, Жаңартылатын энергия көздерін тұрмыста пайдалану бөлігінде заңнамаға толықтыру енгізуді қолдау, еліміздегі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының энергия сыйымдылығын төмендетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Үкімет жанынан құрылған жобалық офис аясында, Министрлік қоқыстарды кәдеге жарату арқылы электр қуатын өндіріп шығару үшін инвестиция тарту мәселесін қарастыруда. Негізгі кедергі инвестициялық тартымдылықтың төмендігі  болып отыр. Осы мәселені шешу үшін қоқыс өңдейтін зауыттардан өндірілетін электр энергиясына ЖЭК жасыл тарифін қолдану ұсынылады. 

«Бұл шара полигондарда қоқыстарды көму көлемін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Жасыл тарифті енгізу кезінде жыл сайын 1,5 млн тоннадан астам қалдықтар кәдеге жаратылады. 1 млн тонна сыйғызылатын полигон – бұл 5 гектар жер немесе 10-ға жуық футбол алаңы», — деді М. Мырзағалиев.

Сондай-ақ, отырыс барысында Жамбыл облысының әкімі А. Мырзахметов пен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Е. Аймұқашев өңірлерде жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыру барысы туралы баяндады.

Премьер-Министрдің орынбасары Р. Скляр жаңартылатын энергия көздерін дамытуды қолдау жүйесі жасалғанын және қол жеткізудің нысаналы индикаторлары бекітілгенін атап өтті. Екінші жыл қатарынан инвесторларды қызықтыратын ірі жобаларды сатуда халықаралық аукциондық сауда-саттық онлайн-режимде сәтті өткізілуде.

«Біз үй шаруашылығы, шағын және орта бизнес деңгейінде шағын ауқымды генерацияда жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды ынталандыратын боламыз. Жаңартылатын энергия көздерін одан әрі дамыту үшін заңнамаға тиісті түзетулер дайындалады. Еліміздегі ЖЭК нарығын дамыту жұмыстары жалғасады және елдегі электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі үлесін арттыруға бағытталады», — деді Р. Скляр.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу