Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Үкіметте еліміздің МӘМС енгізуге әзірлігі қаралды 

Дүйсенбі, 18 Қараша 2019, 10:19:42

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында Қарағанды облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізу бойынша пилоттық жобаның іске асырылу қорытындылары қаралды.

ҚР денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы А. Жұмағұлов баяндама жасады.

Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қарағанды облысында пилоттық жоба іске асырылуда, ол МӘМС жүйесін апробациялауға және оны Қазақстанда толық көлемде енгізуге дайындалуға мүмкіндік берді. Өңірде екі айда тұрғындарды медициналық сақтандыру (192%-ға) есебінен оңалту көмегі (42,2%-ға) және қымбат зерттеулермен (КТ және МРТ) қамту көлемі артты.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (ТМККК) жаңа моделі және МӘМС пакеті 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш деңгейлі медициналық қамсыздандыру жүйесін енгізуді қарастырады.

Бірінші деңгей — ТМККК жаңа моделі мемлекет міндеттемелерінің нақты шектерін анықтайды және халықты базалық медициналық қызметтермен жалпылама қамту бойынша жалпыға бірдей танылған халықаралық стандартты жүзеге асырады.

Екінші деңгей — сақтандырылған тұрғындарға арналған МӘМС пакеті, бұл ТМККК тыс медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Үшінші деңгей — бұл ТМККК және МӘМС пакеттеріне кірмейтін медициналық қызметтер. Олар ақылы түрде немесе ерікті медициналық сақтандыру есебінен қамтамасыз етіледі.

Мемлекет халықты алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде базалық медициналық қызметтердің қажетті пакетімен (профилактикалық егулер мен медициналық тексерулер, патронаж, жүктілік кезінде қарау және т.б.) және жедел және шұғыл көмекке қолжетімділікпен қамтамасыз етуді жалғастыруда.

МӘМС енгізуді ескере отырып, жалпы алғанда 2020 жылы денсаулық сақтау саласына арналған бюджет еліміз бойынша шамамен 1,5 трлн теңгені құрайды, оның ішінде МӘМС есебінен 500 млрд теңгеден астам қаражат. Медициналық оңалтуды қоса алғанда, халықтың қажеттіліктеріне негізделген медициналық көмектің басым түрлерін қаржыландыру едәуір артады, ол келесі жылы 7 есеге және 2025 жылға қарай 11 есеге дейін ұлғаяды. Келесі жылы медицина қызметкерлерінің жалақысы дәрігерлерге 30%-ға және орта медицина қызметкеріне 20%-ға, ал 2025 жылға қарай олар қазіргі жалақымен салыстырғанда 2 есе өседі.

«Елбасы Н. Назарбаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға көшуге толық дайындықты қамтамасыз ету міндетін қойды. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев өз Жолдауында әлеуметтік медициналық сақтандыруды іске асыру мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарау қажеттігін ескертті. Онымен барлық қазақстандық қамтылуы тиіс. Ол үшін барлық деңгейдегі медициналық мекемелер қажетті ақпараттық жүйелерге қосылуы керек. Әрбір азаматтың деректері жаңартылуы тиіс», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр МӘМС енгізу бойынша пилоттық жобаның нәтижесін оң бағалап, Қарағанды облысының бұл тәжірибесін басқа өңірлер де ескеруі қажет екенін айтты.

Үкімет басшысы осы жылдың соңына дейін медициналық ұйымдардың МӘМС іске қосуға толық дайындығын қамтамасыз етуді, тұрғындар туралы деректердің толық жаңартылуын аяқтауды және балалар, студенттер мен үш жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған, жұмыссыз азаматтар бойынша ақпараттық жүйелердегі деректердің дәлдігін қамтамасыз етуді тапсырды.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
28 Қыркүйек 2020, 15:11
Ә. Смайылов инвестиция тарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
28 Қыркүйек 2020, 14:56
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға барды
28 Қыркүйек 2020, 08:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №79
27 Қыркүйек 2020, 19:34
Машина жасау, ШОБ қолдау және индустриялық жобаларды дамыту — Қостанай облысы пандемия кезеңінде қалай дамыды
27 Қыркүйек 2020, 17:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов үш автомобиль жасау жобасын бастап берді
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.