Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

А. Маминнің Сан-Францискоға сапары: стартаптар, венчурлық капитал және цифрлық технологиялар

Сәрсенбі, 11 Желтоқсан 2019, 08:59:58

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин АҚШ-қа жұмыс сапары аясында Сан-Франциско қаласына барып, онда цифрлық даму, венчурлық қаржыландыру және энергетика саласындағы жетекші әлемдік компаниялардың басшылығымен кездесулер өткізді. 

Үкімет басшысы Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) «Төртінші өнеркәсіптік революция орталығының» басшылығымен кездесіп,  ДЭФ басқарушы директоры Р. Саманспен инновациялық технологияларды реттеу саласындағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады. 

Кездесу қорытындысы бойынша  «Төртінші өнеркәсіптік революция орталығы» мен  «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) арасында Заттар интернетін (IoT) дамытуда стратегиялық әріптестік туралы құжатқа қол қойылды, бұл 2020 жылы Қазақстанда төртінші өнеркәсіптік революция бойынша ДЭФ Үлестес орталығын құруға жасалған алғашқы қадам болды. Мұндай мекемелер жаңа технологиялар мен инновациялық жобалардың дамуын жүйелі мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етуге ықпалын тигізе отырып, Израиль, Үндістан,  Қытай, БАӘ, Колумбия, ОАР, АҚШ пен Жапонияда жұмыс істейді. 

Премьер-Министр А. Мамин «500 Startups» венчурлық қорының басшысы К. Цаймен келіссөз өткізді, оның қорытындысы бойынша «QazTechVentures» АҚ қазақстандық ұлттық даму институтын «500 Startups» V Жаһандық қорына қосу туралы келісімге қол қойылды. 

Бұл құжат болашақта Қазақстанда Тақырыптық венчурлық қор құруды қарастырады. Жоба венчурлық қаржыландыру мен инновациялық кәсіпкерліктің дамуына серпін береді, сөйтіп, стартап компанияларды венчурлық капиталмен қамтамасыз етеді. 

А. Маминнің  «Bright Sphere Investment Group» (BSIG) инвестициялық тобының қаржы директоры С. Ранмен келіссөз қорытындысы бойынша Қазақстандық тікелей инвестициялар қоры (KIDF) мен BSIG арасында 2020 жылы Қазақстан аумағында инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін бірлескен қор құруда ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

Анықтама: BSIG – жетекші ғаламдық инвестициялық топ, оның басқаруында $200 млрд-тан астам қаржы бар. 7 басқарушы компания арқылы 30 елде жобаларды іске асырады, әлем бойынша 20 кеңсесі және 850 институционалдық және ірі корпоративтік клиенттері бар. 

Қазақстанда инновациялық экожүйені, венчурлық капитал мен стартап жобаларды дамыту мәселелері А. Маминнің «Plug and Play» компаниясының басшылығымен әңгімесі барысында қарастырылды, оның кеңсесін «Astana Hub» алаңында ашу көзделген. 

Үкімет басшысы «C3.ai» компаниясының бас атқарушы директоры Т. Сибелмен келіссөз кезінде ҚР мұнайгаз және басқа да секторларында жасанды интеллектіні қолдануда ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 

«Cisco» трансұлттық компаниясының вице-президенті Г. Дидрихпен кездесуде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында бекітілген мақсаттарға қол жеткізуде және ақпараттық технологиялар саласында ынтымақтастықтың жаңартылған стратегиясын іске асыру мәселелері қаралды. 

«One Web» компаниясының бас атқарушы директоры А. Штекельмен кездесу барысында Қазақстанның аумағын, оның ішінде шалғайдағы және жету қиын аудандарды жерсеріктік байланыс арқылы жаппай жылдамдығы жоғары кең жолақты интернетпен қамту жобасын іске асыру перспективалары қаралды. Келіссөз қорытындысы бойынша АХҚО Басқарушысы Қ. Келімбетов және «One Web» басшысы А. Штекель жобаны одан әрі ілгерілету туралы құжатқа қол қойды. 

«Chevron» корпорациясының барлау және кен өндіру жөніндегі атқарушы вице-президенті Д. Джонсонмен әңгімелесу кезінде Болашақ кеңейту жобасы, «Теңізшевроил» жобасында тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бойынша қазақстандық қамтуды одан әрі арттыру, сондай-ақ қазақстандық жұмыскерлердің әлеуметтік қамсыздандырылуы мен еңбек жағдайларын жақсарту бойынша бірлескен шаралар әзірлеу мәселелері талқыланды. 

«ValvTechnologies» компаниясының президенті К. Хантпен келіссөз барысында Қазақстанда мұнайгаз секторы үшін клапандар мен тиектер шығару зауытын ашу мүмкіндігі қаралды. Шығарылған өнімді болашақта «Теңізшевроил»-ды кеңейту жобасын іске асыру аясында пайдалану, сондай-ақ көршілес елдердің нарықтарына экспорттау жоспарланған. 

А. Мамин «42» компьютерлік бағдарламалау мектебінің және ІТ саласындағы «Qwasar» білім беру компаниясының негізін қалаушы К. Ямгнанемен кездесу өткізіп, онымен Қазақстанның цифрлық экономикасы үшін мамандар даярлаудағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. 

Премьер-Министр «Tesla» компаниясының кеңсесі мен зауытын аралады, онда компания басшылығымен кездесу аясында Қазақстанда жанар-жағармай құю станциялары желісін кеңейту және электромобильдер үшін сервис орталықтарын ашу мәселелері қаралды. 
 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 12:26
Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толықтыру жұмысы жүргізілуде — ҚР АШМ
15 Қыркүйек 2020, 10:27
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жыл соңына дейін 6%-дан аспайды — ҚР СИМ
15 Қыркүйек 2020, 10:07
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының тұрақтылығына қатаң бақылау орнатуды тапсырды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.