ҚР Үкіметінің отырысы, 12.05.2020

12 мамырда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті. 

— Үкімет отырысында 2020 жылғы қаңтар-сәуірдегі ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды.

— Экономиканың ахуалы туралы ұлттық экономика министрі Р. Дәленов баяндады

—  ҚР мемлекеттік бюджетінің орындалуы және 2020 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы банк саласының жай-күйі туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов және ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев баяндады

— Өнеркәсіп саласының дамуы туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндады.

— Сауда саласының дамуы туралы сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов баяндады. 

— Отын-энергетика секторындағы өзгерістермен энергетика министрі Н. Ноғаев таныстырды. 

— Мәселені қарау қорытындысы бойынша Премьер-Министр Асқар Мамин мемлекеттік органдардың басшыларына нақты тапсырмалар берді. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу