02 Тамыз 2022, 18:00
2 тамызда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.
— Отырыста санитарлық-эпидемиологиялық ахуал қаралды. ҚР денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният баяндама жасады. Үкімет басшысы эпидемиологиялық жағдайға тұрақты мониторинг жүргізуді, сондай-ақ шектеу шараларының сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
— Екінші мәселені қарау кезінде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру барысы талқыланды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова баяндама жасады.
— Премьер-Министр 1 қазанға дейін Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасының жобасын әзірлеуді және Ұлттық жобаның индикаторларына сәйкес қоныс аударушыларды қабылдауды, орналастыруды және қолдауды қамтамасыз етуді тапсырды.
— Үкімет отырысы барысында судағы қауіпсіздікті арттыру мәселесі де қаралды. Әлихан Смайылов судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді, онда құтқарушылардың болуын бақылауды тапсырды.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу