ҚР Үкіметінің отырысы, 04.11.2021

— Үкімет отырысында санитариялық-эпидемиологиялық жағдай және экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері қаралды.  

— Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай бойынша денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсаруы жалғасып жатқанын айтты.

— Үкімет басшысы барлық өңірлерде шектеу шараларының сақталуын және мониторинг топтарының күшейтілген жұмыс режимін қамтамасыз етуді тапсырды.

— Экология және қоршаған ортаны қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек баяндады.

— ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін көміртектік бейтараптыққа қол жеткізу жөніндегі Стратегияның пысықталған жобасын енгізуді қолданыстағы заңнаманың жаңа талаптарына сәйкес құрылыс полигондарын құру мәселесін пысықтауды, жеке сектор мен шаруашылық жүргізуші субъектілерді газдандыру мәселелерін жандандыруды, экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі Жол карталары шеңберінде 2021 жылға жоспарланған барлық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.




 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу