ҚР Үкіметінің отырысы, 05.04.2022

5 сәуірде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

  • Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының және 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетінің нақтыланған болжамы мақұлданды. ҚР ұлттық экономика министрі Ә. Қуантыров пен қаржы министрі Е. Жамаубаев баяндама жасады.

  • ҚР Премьер-Министрі республикалық бюджет теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан түсетін кепілдендірілген трансферт мөлшеріне түзету енгізілетінін атап өтті.

  • Сонымен қатар Үкімет отырысында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі қаралды. ҚР мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, денсаулық сақтау министрі А. Ғиният, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин баяндама жасады.

  • Әлихан Смайылов Мәдениет және спорт министрлігіне Білім және ғылым министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлу арқылы балаларды тегін спорттық секциялармен қамтуды ұлғайтуды тапсырды. Мәдениет және спорт министрлігіне Білім және ғылым министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, биылғы 1 шілдеге дейін спорттық инфрақұрылым жоқ елді-мекендерде оларды салу жоспарын қабылдау қажет. Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрлігіне Ұлттық экономика, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерімен және әкімдіктермен бірлесіп, салауатты өмір салтын қалыптастыру мен ауру-сырқаудың алдын алу шараларын насихаттауды күшейту тапсырылды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу