ҚР Үкіметінің отырысы, 09.09.2020

9 қыркүйекте Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті. 

—  Үкімет отырысында Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы; 2020 жылғы қаңтар-тамыздағы ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы; еліміздегі эпидемиологиялық жағдай қаралды.

— Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы туралы ұлттық экономика министрі Р. Дәленов баяндады

— Бірінші мәселе бойынша Үкімет басшысы орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшыларына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының іс-шараларының сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды

— 2020 жылғы қаңтар-тамыздағы ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша  экономика министрі Р. Дәленов, Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев, қаржы министрі Е. Жамаубаев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, энергетика министрі Н. Ноғаев, ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров баяндады. 

— Екінші мәселе бойынша Премьер-Министр А. Мамин орталық және жергілікті органдардың басшыларына қаражатты уақытылы және өз мақсатына пайдалану жөнінде шаралар қабылдаумен бюджет қаражатының тиімді игерілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

— Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал туралы денсаулық сақтау министрі А. Цой баяндады

— Үшінші мәселе бойынша Премьер-Министр өңірлердің әкімдеріне барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтауды, барлық сатыдағы медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу