ҚР Үкіметінің отырысы, 15.07.2022

15 шілдеде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— Үкімет отырысында Мемлекет басшысының 2022 жылғы 14 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев,  вице-премьер – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, энергетика министрі Болат Ақшолақов, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықовбаяндама жасады.

— Отырысты қорытындылай келе, ҚР Премьер-Министрі Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды жедел әрі нәтижелі орындау керек екенін атап өтті. Сондай-ақ ол Министрлер кабинеті мен облыстардың әкімдері өзара тығыз байланыс орнатып, әрбір мәселені бірлесіп шешу маңызды екенін атап өтті

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу