ҚР Үкіметінің отырысы, 18.11.2019

18 қарашада Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— Отырыста «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру және 2025 жылға дейінгі жобасы, Қарағанды облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша пилоттық жобаның іске асырылу барысы мәселелері қаралды. 

— «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру барысы және 2020-2025 жылдарға арналған жобасы туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов баяндады.

— Сонымен қатар, атқарылып жатқан жұмыстар туралы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ төрағасы А. Әріпханов, Қызылорда облысының әкімі Қ. Ысқақов, Ақтөбе облысының әкімі О. Оразалин, Атырау облысының әкімі Н. Ноғаев және Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н. Нұркенов баяндады. 

— Қарағанды облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізу бойынша пилоттық жобаның іске асырылу қорытындылары туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы А. Жұмағұлов баяндама жасады.

— Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың, ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетовтың, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу