ҚР Үкіметінің отырысы, 19.06.2020

19 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— Үкімет отырысында еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және машина жасауды дамыту мәселелері қаралды.

— Еліміздегі эпидемиологиялық жағдай туралы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Л. Ақтаева, ветеринарлық және эпизоотиялық ахуал туралы ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, биологиялық қауіпсіздік саласындағы ғылыми-зерттеу қызметі туралы білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов, жеке қорғану құралдарын өндіру туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, өңірлердегі ахуал туралы Атырау облысының әкімі М. Досмұхамбетов, Павлодар облысының әкімі Ә. Сқақов баяндады.

— Премьер-Министр жеке қорғану құралдарының отандық өндірісін ұлғайту және олардың халық үшін қолжетімді болуын қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тапсырды.

— Машина жасау саласының дамуы туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, мұнай-газ саласындағы машина жасау туралы энергетика министрі Н. Ноғаев, саланың өңірлерде дамуы туралы Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек, Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов баяндады. Сондай-ақ Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы М. Пішембаев және бизнес өкілдері — «Astana Group» президенті Н. Смағұлов, «KARLSCKRONA» ЖШС бас директоры В. Ахметов және «KazRostEngineering Ltd.» директоры Д. Иманмұсаев баяндама жасады.

— ҚР Премьер-Министрі А. Мамин машина жасауды дамыту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу