ҚР Үкіметінің отырысы, 23.06.2022

23 маусымда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Қазақстанның инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасы қаралып, бекітілді. Тұжырымдамада көзделген негізгі нысаналы индикаторлар туралы ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов айтып берді. Шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров баяндады. Өңірлердегі инвестициялық жағдай туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев айтып берді.

— ҚР Премьер-Министрі орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге Инвестициялық саясат тұжырымдамасындағы іс-шаралардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу