ҚР Үкіметінің отырысы, 24.12.2019

24 желтоқсанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің жаңа редакциядағы жобасы мақұлданды. Бұдан өзге, ауа-райының қолайсыздығына байланысты жолдарда орын алған жағдай және «қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту, жергілікті қамту және импортты алмастыру мәселелері қаралды. 

— ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев автожолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

— Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне жолдарда жылыту және тамақтандыру пункттерін ұйымдастыруға жәрдемдесуді тапсырды.

— ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің жаңа редакциясындағы жобасымен таныстырды.

— «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы А. Есімов түсініктеме беріп өтті, халықаралық сарапшылар қауымдастығының позициясын Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі Я. Бериш, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың позициясын «Қазмырыш» ЖШС бас директоры А. Хмелев, экологиялық қоғамдық ұйымдардың позициясын «ЭКOM» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Павлодар Орхус орталығының үйлестірушісі С. Могилюк жеткізді.

— «Қарапайым заттар экономикасы» салаларын, жергілікті қамтуды және импортты алмастыруды дамыту мәселесі бойынша «Атамекен» ҰКП төрағасы А. Мырзахметов баяндама жасады.

— Премьер-Министр «қарапайым заттар экономикасын» жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы аясында әлеуетті кәсіпкерлерді іздестіру және олардың жобалары толық іске асырылғанша оларды сүйемелдеу бойынша өңірлердің белсенді жұмысының қажеттілігін атап өтті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу