ҚР Үкіметінің отырысы, 29.03.2022

29 наурызда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті. 

  • Үкімет отырысында Мемлекет басшысының биылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы қаралды. Тапсырмаларды іске асыру туралы ҚР ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров баяндады.

  • Үкімет басшысы аталған жоспарды орындауға дереу кірісуді тапсырды. Ондағы әрбір іс-шараның сапалы және уақытылы орындалуына бірінші басшылар тікелей жауапты екені айтылды. 

  • Сонымен қатар Үкімет отырысында еліміздің транзиттік-көлік әлеуетін дамыту мәселесі қаралды. ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев баяндама жасады.

  • Әлихан Смайылов Транскаспий халықаралық трансшекаралық бағытының тұрақты жұмысын және қазақстандық бизнес-қауымдастық үшін бәсекеге қабілетті, бірыңғай тарифтің қабылдануын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ қысқа мерзім ішінде жүктерді контейнерлермен тасымалдауға көшу мәселесін пысықтау қажет. Үкімет басшысы жылжымалы темір жол құрамдары мен теңіз паромдарын сатып алу және жаңарту үшін қолдау шараларын әзірлеуді; тиісті жобаларды қаржыландыру мәселесін пысықтауды; биылғы құрылыс маусымын барынша тиімді пайдаланып, жоспарланған 8 учаскенің барлығын іске қосуды қамтамасыз етуді тапсырды. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу