ҚР Үкіметінің отырысы, 22.10.2019

22 қазанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті

— Отырыста 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы және 2020-2025 жылдарға арналған жобасы, сондай-ақ, мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері қаралды.

— ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы және 2020-2025 жылдарға арналған жобасы туралы баяндады.

— ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов , ҚР денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, ҚР білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек, Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ә. Смайылов мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

— Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиевтың қатысуымен ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру аясында автомобиль жолдарының сапасын арттыру туралы баспасөз конференциясы өтті.

— ҚР индустрия және инфрақұрылдымдық даму вице-министрі Берік Камалиев автобус паркін жаңарту және жаңа жолаушылар вагондарын пайдалануға беру бойынша қабылданып жатқан шаралар және авиация саласын дамыту туралы айтып берді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу