ҚР Үкіметінің отырысы, 29.10.2019

29 қазанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті. 

— Отырыста жаңартылатын энергия көздерін дамыту мәселелері, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қаралды.

— Жаңартылатын энергия көздерін дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ҚР энергетика министрі Қ. Бозымбаев, жаңартылатын энергия нарығымен өзара іс-қимыл туралы «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ басқарма төрағасы Б. Қажиев, ЖЭК нысандарының экология әсері туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, өңірлердің ЖЭК дамыту жөніндегі жұмысы туралы Жамбыл облысының әкімі А. Мырзахметов пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов баяндады.

— ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов ел экономикасындағы жоспарлы құрылымдық қайта құрулардың еңбек нарығына және кәсіпкерліктің дамуына әсері туралы, «Еңбек» бағдарламасын іске асыру туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі А. Сарбасов, ауылдағы шағын несиелендіру туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Э. Жұмағазиев, өңірлердің азаматтарды жұмысқа орналастыру жөніндегі жұмысы туралы Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов және Маңғыстау облысының әкімі С. Тұрымов баяндады.

— Мәселелерді қарау қорытындысы бойынша Премьер-Министр А. Мамин бірқатар нақты тапсырмалар берді. 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу