ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Түркия Республикасына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

Биылғы 10-11 қарашада ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түркия Республикасына барды, онда Президент Режеп Ердоғанмен келіссөздер жүргізді, Қазақстан–Түркия үкіметаралық экономикалық комиссиясының ХІ отырысына, екіжақты бизнес-форумның ашылуына қатысты, сондай-ақ, түрік бизнесінің капитандарымен кездесті.

  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Президент Режеп Ердоғанмен келіссөздері барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

  • ҚР Премьер-Министрі ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың монументіне барды.

  • ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ТР Вице-Президенті Ф. Октаймен Стамбулда Қазақстан–Түркия үкіметаралық экономикалық комиссиясының ХІ отырысына қатысты. Шара қорытындысы бойынша сауда және инвестициялар, өнеркәсіп, көлік, білім беру, денсаулық сақтау, туризм тәрізді және т.б. салаларда 65 пункттен тұратын Бірлескен іс-қимылдар жоспары қабылданды.

  • А. Мамин мен Ф. Октай Қазақстан–Түркия бизнес-форумына қатысты. Форум аясында инфрақұрылым, индустрия, көлік-логистика салаларында, денсаулық сақтауда, қаржы нарығын дамытуда, мемлекеттік-жекешелік әріптестікте тәжірибемен алмасу және т.б. салаларда бірлескен жобаларды іске асыруды қарастыратын, жалпы $1,5 млрд сомасына 18 құжатқа қол қойылды.

  • Қазақстан Премьер-Министрі Түркияның 41 ірі компаниясының басшыларымен – ҚР экономикасының қазіргі және әлеуетті инвесторларымен кездесті. Асқар Мамин түрік бизнесінің капитандарымен екіжақты келіссөздер, сонымен қатар, «дөңгелек үстел» форматында ортақ кездесу өткізді. 

  • А. Мамин Қайсері қаласына барып, онда 2018 жылдан бастап қызмет көрсететін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік моделі бойынша жүзеге асырылған Түркияның денсаулық сақтау саласындағы алғашқы жобасына айналған қалалық аурухана қызметімен танысты.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу