Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №34

2019 жылғы 14-19 қазан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Парламент Мәжілісінде Тұңғыш Президент ‒ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен кеңеске қатысып, «Nur Otan» партиясының парламент фракциясының депутаттарына «Nur Otan» партиясының «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» Сайлауалды бағдарламасын және «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындаудың аралық қорытындылары туралы баяндады.

  • ҚР Үкіметінің кезекті отырысында 2019 жылғы қаңтар- қыркүйектегі республикалық бюджеттің орындалуы және әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылып, астық жинау науқанының аяқталуы мәселелері қаралды. Осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ЖІӨ өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,3% құрады. Премьер-Министр әкімдердің жергілікті қамту бойынша бекітілген индикаторларды орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауы қажет екенін, сондай-ақ, заңнама, индустриялық сертификат және СT-KZ сертификаты талаптарының орындалуын қамтамасыз ету қажет екенін айтты. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы құрылымдарының келесі жылға жиын-терім тұқымдарына қажеттілігін және олардың сапасын тексеруді қамтамасыз етуді, жаңа жиын-терім астығын экспорттау бойынша дайындық жұмыстары аясында логистика мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды

  • ҚР Премьер-Министр Қазақстанда жұмыс сапарымен жүрген Сингапур Республикасының Аға Министрі және Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіруші министрі Тео Чи Хинмен кездесу өткізді. Тараптар инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін, оның ішінде биылғы 1 қазанда Ереван қаласында Еуразиялық экономикалық одақ пен Сингапур арасында қол қойылған еркін сауда туралы келісім ратификацияланғаннан кейінгі ЕАЭО – Сингапур форматындағы екі елдің өзара іс-қимылының перспективаларын талқылады.

  • Асқар Мамин ҚР Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдарының арасындағы серіктестік туралы Үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді. Отырыста Қазақстан мен халықаралық қаржы ұйымдарының инвестициялық сала, агроөнеркәсіптік сектор, инновациялық саладағы өзара тиімді ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

  • ҚР Премьер-Министрі CNCEC комитетінің төрағасы Дай Хегенмен кездесті. Кездесуде Атырау облысында алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы жобасын іске асыру барысы талқыланды. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу