Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №39

2019 жылғы 18-24 қараша аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Сейсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру мәселесі қаралып, 2025 жылға дейінгі жобасы мақұлданды, сондай-ақ, Қарағанды облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша пилоттық жобаның іске асырылу барысы қаралды. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу шараларына жеке тоқталып өтті.

  • Дүйсенбі күні, 18 қарашада, Асқар Мамин Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Онда Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының талаптарына сәйкес Қазақстан экономикасындағы бәсекелестік ортаны дамыту мәселелері қаралды.

  • 18-19 қарашада ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды, онда Әзербайжан Премьер-Министрі Али Асадовпен Каспий теңізінің түбінде екі ел арасындағы байланыстың талшықты-оптикалық желісін салу бойынша «Trans Caspian Fiber Optic»салуды бастау салтанатты рәсіміне қатысты.

  • Бейсенбі күні Үкімет басшысы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Онда алдағы жылға арналған жылдық бюджет және 2019-2021 жылдарға арналған Даму жоспарына өзгерістер бекітілді.

  • Биылғы 22 қарашада Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанға ресми сапармен келген Швейцарияның Федералды Президенті, Федералды Қаржы департаментінің министрі Ули Маурермен келіссөздер өткізді. Тараптар ауқымды бағыттар — сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көлік, ауыл шаруашылығы, т.б. салалардағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу