Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №17

 

  • 2019 жылғы 17–22 маусым аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары
  • 20 маусымда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысты, оның барысында Үкіметтің 2018 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есебі қабылданды.

  • Сейсенбі күні ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен өткен кезекті Үкімет отырысында медициналық көмек көрсетудің жаңа тәсілдері, сондай-ақ

  • Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы қаралды.

  • Жұма күні, 21 маусымда Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ташкент қаласына барды, онда Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара іс-қимылдың барлық спектрлері бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

  • Дәл осы күні ҚР Премьер-Министрі ҚР мен ӨР арасындағы екіжақты ынтымақтастық бойынша XVIII Бірлескен үкіметаралық комиссия отырысына қатысты.

  • Отырыс қорытындысы бойынша Бірлескен Үкіметаралық комиссияның тең төрағалары Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин мен Өзбекстан Премьер-Министрі А. Арипов тиісті Хаттамаға қол қойды.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу