А. Маминнің Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысу қорытындысы бойынша видеодайджест

2020 жылғы 31 қаңтарда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматы қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысына қатысты.

  • Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы шағын және кеңейтілген құрамдарда өтті.

  • А. Мамин қазақстандық тарап бастамашы болған Кедергілерді жою тәртібіне түзетулерді жеделдетіп келісу қажеттігіне баса назар аударды, бұл жүгінулердің қарастырылу процесін 3 айға дейін жылдамдатуға мүмкіндік береді.

  • Қазақстан Үкіметінің басшысы 2021 жылдың соңына дейін ЕАЭО-дағы мемлекеттік сатып алуларды толықтай электронды форматқа көшіруді ұсынды.

  • ҚР Премьер-Министрі ЕАЭО туралы шартқа бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзған жағдайда бизнеске келтірілген залалдың орнын толтыру бойынша өзгерістер енгізуді пысықтау бастамасын көтерді.

  • Отырысқа қатысушылар 2025 жылға дейінгі еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттары жобасын әзірлеу барысын қарады.

  • ЕҮАК отырыстарының қорытындысы бойынша тиісті шешімдерге, өкімдер мен тапсырмаларға қол қойылды.

  • ЕҮАК келесі отырысы Минск қаласында 2020 жылғы 9-10 сәуірде өтеді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу