А. Маминнің «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумына қатысу қорытындысы бойынша видеодайджест

2020 жылғы 31 қаңтарда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумының ашылуына қатысып, РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен келіссөз өткізді.

  • Форум басталмастан бұрын А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен кездесу өткізді. Онда экономиканың түрлі салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сондай-ақ ЕАЭО мен басқа да интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. 2019 жылдың 11 айында екіжақты тауар айналамы $17,2 млрд құрады. ҚР-да ресейлік капиталдың қатысуымен 10 мыңнан аса кәсіпорын жұмыс істейді.

  • ҚР Үкіметінің басшысы шараның арнайы шақырылған қонағы – БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Ф. Хохшильдпен кездесу өткізді, онда БҰҰ цифрлық күн тәртібінің өзекті мәселелері, сондай-ақ Қазақстанның аймақта цифрландыру мен инновацияларды ілгерілетудегі рөлі талқыланды.

  • «Деректер мен жасанды зерде негізінде тұрақты аймақты құру» тақырыбындағы форумның пленарлық сессиясында сөйлеген сөзінде ҚР Премьер-Министрі Қазақстанда жасанды зердені қолданудан болатын жалпы экономикалық тиімділік жылына шамамен $25 млрд құрауы мүмкін екенін атап өтті.

  • Үкімет басшысы Дүниежүзілік экономикалық форуммен (ДЭФ) бірлесіп «Астана» халықаралық қаржы орталығы базасында ДЭФ Төртінші өнеркәсіптік революция орталығын іске қосу туралы келісімге қол жеткізілгенін атап өтті. Ол осы жылдың соңына дейін іске қосылады деп күтілуде.

  • Асқар Мамин «Қала үшін ең үздік АТ-шешім», «Үздік стартап-жоба», «Big Data – жыл компаниясы», «Мемлекеттік сектордағы үздік АТ-жоба», «АТ-дағы жыл әйелі», «Жылдың АT-чемпионы» номинацияларында «Digital Almaty Awards» байқауының жеңімпаздарына сыйлықтарды табыс ету рәсіміне қатысты.

  • ҚР Үкіметінің басшысы форумның қалған қатысушыларымен құқық қорғау, қаржы-банк, білім беру және медициналық салалардағы үдерістерді автоматтандыру және цифрландыру бойынша Қазақстанның АТ-компаниялары мен стартап жобаларының көрмесімен танысты.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу