ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Түркістан қаласына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

2020 жылғы 13 ақпанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түркістан қаласына барып, онда әкімшілік, тарихи-мәдени, әлеуметтік мақсаттағы ғимараттардың құрылыс алаңдарын аралап көрді.

  • ҚР Премьер-Министрі болашақ халықаралық әуежай ғимаратына барды.

  • Асқар Мамин әкімшілік, тарихи-мәдени, әлеуметтік мақсаттағы ғимараттардың құрылыс барысын тексерді.

  • Қазақстан Премьер-Министрі Оқушылар сарайына барып, салынып жатқан департаменттер ғимаратын, конгресс-холлды, бассейні бар мектеп сарайын, 7000 орынға арналған стадионды, Қазақ драма театры ғимаратын, сондай-ақ аттракциондары бар қалалық саябақты аралап көрді.

  • Сондай-ақ ҚР Премьер-Министрі салынып жатқан тарихи-мәдени орталықтың, «Ұлы дала елі» орталығының, Қ. А. Яссауи музейінің, Ұлы Жібек жолы қолөнершілерінің ұлттық орталығының, визит-орталығының, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың құрылыс алаңын тексерді.

  • Сонымен қатар Үкімет басшысы қонақ үй-туристік нысандардың құрылысын қарады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу