Премьер-Министр А. Маминнің Нидерланды Корольдігіне ресми сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

2019 жылғы 30 қазанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ресми сапармен Нидерланды Корольдігіне барды.

  • Асқар Мамин ресми сапар аясында Нидерланды Премьер-Министрі Марк Рюттемен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, энергетика, қаржы, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, АТ, ғылыми салалардағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту перспективалары талқыланды.

  • Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдігінің Премьер-Министрлері V Қазақстан‒Нидерланды бизнес-форумының ашылуына қатысты.

  • Форум аясында қазақстандық және нидерландтық компаниялар арасында ынтымақтастық туралы бес құжатқа қол қойылды.

  • ҚР Премьер-Министрі Shell барлау және өндіру бөлімшесінің директоры У. Сауанмен, Bitfury компаниясының негізін салушы және президенті В. Вавиловпен, SuezGroup компаниясының аға вице-президенті Т. Каржильмен, Farm Frites басқарма төрағасы Пит де Брюйнемен, DutchFruit Solutions төрағасы С. Вальравенмен кездесулер өткізді.

  • Үкімет басшысы World Horti Centre халықаралық жылыжай бағбаншылығына арналған білім және инновациялар орталығына барды.

  • Бұдан өзге, А. Мамин хайперлуп (Hyperloop) жаңа көлік жүйесін әзірлеумен айналысатын «Hardt Hyperloop» компаниясының қызметімен танысты, бұл көлік жүйесі жеңілдетілген болат құбырлар бойымен капсула түріндегі шағын қайықтарда сағатына 1 мың шақырымға дейін жылдамдықпен жүруге мүмкіндік береді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу