ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Шымкент қаласына және Түркістан облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
А.ж. 5 желтоқсанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған ИИД МБ, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкент пен Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша берген тапсырмаларын іске асыруды қамтамасыз ету аясында өңірге жұмыс сапарымен барды.
Шымкент қаласында Үкімет басшысы «Alliance» Сауда-өнеркәсіп палатасы» ЖШС жіп иіру фабрикасының ашылу рәсіміне қатысты.
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Майлыошақ ауылында А. Мамин жылдам әзірленетін тамақ өнімдерін өндіретін зауыттың ашылу рәсіміне қатысты.
Түркістан қаласында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қаланы дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Премьер-Министр көпсалалы облыстық аурухана құрылысы жүргізілетін жерге капсула салды.
Үкімет басшысы «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешен құрылысын іске қосты.
А. Мамин Түркістан қаласындағы Халықаралық әуежайдың және оған апаратын автомобиль жолының , сондай-ақ амфитеатрдың, драма театрының, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың, «Ұлы дала Елі» орталығының, Қ.А. Яссауи музейінің құрылысын, Ұлы Жібек жолы Ұлттық қолөнершілер орталығы мен келу орталығы ғимараттарының реконстркуциясын тексерді.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз