Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №49

 

2020 жылғы 17-22 ақпан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

● ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2021-2025 жылдарға арналған геологиялық барлау мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы, электрондық сауданы дамыту мәселелері, басым емес бюджет шығыстарын қысқарту шаралары қаралды. 

● ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминді қабылдады. Кездесуде Министрлер кабинетінің басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, тікелей шетелдік инвестиция тарту жөнінде баяндады. А. Мамин жаңа жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған Қазақстан Үкіметінің қабылдаған шаралары туралы айтып берді.

● Сәрсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Үкіметінің жанындағы Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия отырысы өтті. Ғылымды дамытудағы басымдықты бағыттар мен 2020-2022 жылдары жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыру көлемін бөлу, сондай-ақ атом энергетикасы саласындағы технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулер туралы ақпарат тыңдалды.   

● А.ж. 20 ақпанда  Асқар Мамин биыл елорда күніне орай пайдалануға беру көзделген Нұр-Сұлтан қаласындағы Жеңіл атлетика спорт кешені мен Қазақ драма театрының құрылыс жұмыстарының барысын тексерді. 

● Жұма күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес өтті. Отырыста салық саясаты мәселелері және оның Қазақстандағы инвестициялық ахуалға ықпалы қаралды. 

  • 22 ақпанда Асқар Мамин Дүниежүзілік банк пен ҚР Үкіметінің тікелей шетелдік инвестицияларды тарту мәселелері туралы пікірталас сессиясына қатысты

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу