Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №10

2022 жылғы 14-20 наурыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы саяси реформалардың ауқымды бағдарламасын және таяу болашақта іске асырылатын бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараны жариялады.    
  • Жұма күні, 18 наурызда Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылған тапсырмаларын жедел іске асыру бойынша ҚР Үкіметінің отырысы өтті. Ә. Смайылов Президент ұсынған саяси реформалар мемлекеттік құрылысты нығайтудағы жаңа тарихи кезең және «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың жарқын мысалы болып табылатынына назар аударды. 
  • 14 наурызда ҚР Премьер-Министрі Дүниежүзілік Банктің Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша вице-президенті Анна Бьердемен кездесті. Кездесуде ҚР мен Дүниежүзілік банктің инфрақұрылым, цифрлық технологиялар және қаржы салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға қатысты өзара ынтымақтастығының перспективасы талқыланды. 
  • Дәл осы күні Үкімет үйінде Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Отырыста дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және көлік мәселелері қаралды. 
  • Сейсенбі күні, 15 наурызда Үкімет отырысы өтті. Онда ҚР 2022 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы және орта мерзімді кезеңге арналған азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары қаралды. Қазақстанда биылғы екі айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 3,5%-ға дейін жеделдеді. Нақты сектор экономиканың тұрақты өсу драйверіне айналды. Орта мерзімді кезеңге арналған Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары бойынша бүгінде Қазақстан негізгі азық-түлік тауарларымен толық көлемде қамтамасыз етілген және қазір ешқандай да алаңдаудың қажеті жоқ.
  • 15 наурыз күні ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуропа қайта құру және даму банкінің банк операциялары жөніндегі вице-президенті Алан Пиюмен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен ЕҚДБ арасында бірқатар бағыттағы ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде инвестициялар тарту және экология мәселелері бойынша бірлескен жобаларды іске асыру жайы қаралды. 
  • 16 наурыз ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Shell» компаниясының атқарушы вице-президенті Питер Костелломен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен SHELL компаниясының арасында инвестициялар тарту, сондай-ақ энергетика саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастықты дамыту мәселесі қаралды. 
  • 17 наурызда Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Отырыста құрылыс саласын дамыту мәселелері қаралды.
  • Жұма күні, 18 наурызда «Қазақстан-Еуроодақ» диалог платформасының тоғызыншы отырысы өтті. Іс-шараға министрлер, Қазақстандағы шет мемлекеттердің елшілері және бірқатар компанияның өкілдері қатысты. Кездесуге қатысушылар әлемде қалыптасып отырған қазіргідей жағдайда Еуропалық Одақтың, қатысушы елдердің және ЕО бизнес-құрылымдарының Қазақстан Республикасымен ынтымақтастығын дамыту мәселелерін қозғады.
  • Жұма күні сонымен қатар «Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының (ҚШИКҚ) кеңесі өтті. Тараптар өнімді тасымалдау және экспорттау, экспорттық бағыттар, киберқауіпсіздік мәселелері және Қазақстан Үкіметі мен шетелдік компаниялар арасындағы ынтымақтастықтың өзге де негізгі аспектілері жөнінде пікір алмасты. 
  • 19 наурызда Мемлекет басшысының тапсырмаларын және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-қимыл жоспарын орындау бойынша кезекті кеңес өтті. Жыл басынан бері Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 8%-ға өсті. Бағаның өсуі барлық өңірлерде тіркелді.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу