Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №11 

2022 жылғы 21-27 наурыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Дүйсенбі күні, 21 наурызда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті, онда саудадағы техникалық реттеу мәселелері талқыланды;

  • 24 наурызда ҚР экономикасын монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов Қаржы министрлігіне уәкілетті мемлекеттік органдармен және «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп, бір апта ішінде Үкіметке негізсіз жекешелендірілген нысандарды мемлекет меншігіне беру тетіктері бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды;

  • Сол күні ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов жедел штабтың кезекті отырысын өткізді, онда ҚР агроөнеркәсіптік кешені және көктемгі дала жұмыстары мәселелері қаралды. Үкімет басшысы қысқа мерзім ішінде отандық тұқым сұрыптары ғылымын дамыту жөніндегі орта мерзімді бағдарламаны қабылдауды тапсырды;

  • 25 наурызда, жұма күні, Ә. Смайылов Швейцария елшісі Д. Грифтингпен кездесіп, теміржол саласындағы стратегиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесуге сонымен қатар Қазақстанның мемлекеттік органдарының, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның өкілдері және швейцариялық Stadler Bussnang AG компаниясының басшылары қатысты. Министрлер кабинетінің басшысы Қазақстанның бірқатар бағыт бойынша стратегиялық ынтымақтастықты дамытуға мүдделілігін растады;

  • Сондай-ақ осы күні «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң жобасын талқылау бойынша кеңес өтті. Кеңес қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов уәкілетті мемлекеттік органдарға қалған ұстанымдарды келісіп, заң жобасына сараптама жүргізуді тапсырды;

  • Сенбі күні, 26 наурызда, Премьер-Министрдің төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмаларын және ҚР-дағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-қимыл жоспарын орындау бойынша кезекті кеңес өтті. Кеңес соңында Әлихан Смайылов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне өңір басшыларымен бірлесіп, АЭА қызметінің тиімділігін қосымша талдап, басым бағыттарын анықтауды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу