Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №136

2021 жылғы 1-7 қараша аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 1 қарашада ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шотландияның Глазго қаласында климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Негіздемелік конвенциясының Әлем көшбасшылары саммитіне (СОР26) қатысты. СОР26 шеңберінде Қазақстан Ормандар және жерді пайдалану декларациясына, сондай-ақ Жастарға білім беру және оларды тарту міндеттемесіне қосылды.

  • 2 қарашада Асқар Мамин Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді. Үкімет басшылары сауда-экономика, қаржы-инвестиция, транзиттік-көлік, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ химиясы, энергетика, ғарыш салаларындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын одан әрі арттыру перспективаларын, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация аясындағы жобаларды талқылады.

  • Бейсенбі күні, 4 қарашада А. Маминнің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті, бірінші мәселеде елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Премьер-Министр Денсаулық сақтау министрлігіне барлық өңірлерде шектеу шараларының сақталуын және мониторингтік топтардың күшейтілген жұмыс режимін қамтамасыз етуді тапсырды. Нұр-Сұлтан қаласының, СҚО, БҚО, Маңғыстау, Қостанай, Ақмола облыстарының әкімдеріне коронавирусқа қарсы вакциналау қарқынын арттыру тапсырылды. Әкімдіктерге және ҚР ДСМ-ге тексеру жүргізіп, емдеу мекемелері мен қоймаларда қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың болу нормаларын қамтамасыз ету тапсырылды. Отырыстың екінші тақырыбы экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері болды. Үкімет басшысы ҚР ЭГТРМ-ге әкімдіктермен бірлесіп қолданыстағы заңнаманың жаңа талаптарына сәйкес құрылыс полигондарын құру мәселесін пысықтауды тапсырды. ҚР ЭМ-ге әкімдіктермен бірлесіп, жеке сектор мен шаруашылық жүргізуші субъектілерді газдандыру мәселелерін жандандыру тапсырылды. Барлық өңірлердің әкімдіктеріне экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі жол карталары аясында 2021 жылға жоспарланған барлық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

  • Келесі күні Бішкек қаласында ҚР Премьер-Министрі «ЕО – Орталық Азия» бірінші экономикалық форумына қатысты. А. Мамин Қазақстанның Еуропалық жасыл курстың (European Green Deal) мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуде ЕО серіктесі болуға, Еуропалық шикізат және аккумулятор альянстарымен, Экологиялық бастамалар жөніндегі еуропалық инвестициялық банкпен ынтымақтасуға дайын екенін жеткізді.

  • 6 қарашада ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңір әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын реттеу мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Өткен аптада республика бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының жалпы өсу индексі 0,0%-ды құрады. Қабылданған шаралар есебінен сәбіз (-3,1%), пияз (-2,2%), картоп (-0,8%) бағасының төмендеуі байқалады. Сүзбе, күнбағыс майы, күріш және тұз бағасы өзгерген жоқ.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу