Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №17

2022 жылғы 2-8 мамыр аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 5 мамырда Қазақстан Президентінің төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіне 3 мәселе енгізілді.

  • 4 мамырда ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Үкіметтің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібі аясында екі мәселе қаралды: қалалар және ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау және геология саласын дамыту перспективалары. Бірінші мәселені талқылау қорытындысы бойынша Ә. Смайылов өңірлердің әкімдіктеріне сумен жабдықтаудың кешенді жоспарларын тез арада қайта нақтылап, апатты жағдайдағы су құбырларын шұғыл түрде жөндеуді тапсырды. Екінші мәселе бойынша Үкімет басшысы еліміздің минералдық-шикізаттық базасын іздеу және толықтыру жұмыстарын үнемі жүргізіп отыруды тапсырды.

  • 3 мамырда Әлихан Смайылов кәріз-тазарту құрылыстарын салу және жаңғырту жобаларын іске асыру және Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректерін цифрландыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

  • ҚР Премьер-Министрі Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабартимен кездесу өткізді, онда Қазақстанның макроэкономикалық дамуы, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметі, сондай-ақ инвестициялар тарту мәселелері талқыланды.

  • Сол күні Үкімет үйінде Әлихан Смайылов жанар-жағармай материалдарын өндіру және бөлу мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Тиісті ұсыныстарды Энергетика министрлігі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ЖЖМ нарығын реформалау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында әзірледі.

  • 5 мамырда ҚР Премьер-Министрі Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, онда «Атамекен» ҰКП-ның мұнай өңдеу саласын реформалау жөніндегі ұсыныстары қаралды.

  • 6 мамырда Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды. Үкімет басшысы өңірде өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралап, әлеуметтік және өндірістік нысандар құрылысының барысымен танысты, сондай-ақ облысты кешенді дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Сапар барысында Премьер-Министр «Петерфельд Агро» ЖШС-да болып, көктемгі егіс жұмыстарының барысымен танысты, жаңа сүт фермасы аумағында жергілікті шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті. Сондай-ақ Үкімет басшысы Петропавл 2-ЖЭО, Петропавл электр техникалық зауытын, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ жаңа оқу-зертханалық корпусының құрылыс алаңын, сондай-ақ салынып жатқан «РимКазАгро» ЖШС қағаз фабрикасын аралап көрді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу