Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №5

2022 жылғы 7-13 ақпан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 8 ақпанда ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың төрағалығымен бейнеконференция байланысы режимінде Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Еліміздің 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2022 жылға арналған жоспарлары қаралды. Отырыс барысында ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов, Ұлттық банк төрағасы Ғ. Пірматов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы А. Сәтқалиев, бірқатар облыс пен Алматы қаласының әкімі баяндама жасады. Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Үкіметке халықтың табысын арттыруға және теңсіздікті төмендетуге, инфляцияны тежеуге, экономиканың өсуі үшін резервтер іздестіруге, ішкі және сыртқы инвесторларды тартуға, агроөнеркәсіптік кешенді, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға және т. б. бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.

  • Дүйсенбі күні, 7 ақпанда ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов алдағы вегетациялық кезеңде Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін суармалы сумен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Талқылау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы, Энергетика, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктеріне тапсырма берді, сондай-ақ трансшекаралық өзендердің ресурстарын пайдалану бойынша өзара тиімді шешімдер қабылдау үшін Қырғызстанмен және Өзбекстанмен қарқынды келіссөздер жүргізу қажет екенін атап өтті.

  • 10 ақпанда ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов цифрлық майнинг мәселелері бойынша кеңес өткізді. Үкімет басшысы қызметтің осы түрін заңнамалық түрде реттеу, оның ішінде лицензиялауды енгізу қажеттігі туралы айтты.

  • 11 ақпанда ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында Үкімет басшысы ӨР Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесіп, ӨР Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен келіссөз жүргізді. Сапар қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша бірқатар құжатқа, оның ішінде Ауыл шаруашылығы саласында орта мерзімді перспективаға арналған өзара іс-қимылды жандандыру жөніндегі жол картасына қол қойылды. Ташкент қаласына сапары аясында ҚР Премьер-Министрі өнеркәсіптік, техникалық, электрондық, құрылыс және тұрмыстық өнімдер шығаратын «Технопарк» өндірістік аймағының жұмысымен танысты.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу