Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №66

2020 жылғы 15-21 маусым аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 19 маусымда ҚР Үкіметінің кезекті отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және машина жасау саласының дамуы мәселелері қаралды. Премьер-Министр жеке қорғану құралдарының отандық өндірісін ұлғайту және олардың халық үшін қолжетімді болуын қамтамасыз ету шараларын қабылдауды, сондай-ақ машина жасауды дамыту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

  • Бейсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысы өтті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қаралды.

  • Сол күні ҚР Президенті жанындағы Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Онда бизнесті қолдау мәселелері және жаңа экономикалық бағытты қалыптастыру тәсілдері қаралды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу