Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары №7

2022 жылғы 21-27 ақпан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 25 ақпанда Президент Қ. Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкімет басшыларымен ұжымдық кездесу өткізді. Кездесу барысында ЕАЭО мемлекеттері үкіметтерінің басшылары Еуразиялық интеграцияның қазіргі және перспективалық мәселелері туралы пікір алмасты.

  • 24 ақпанда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичпен келіссөз жүргізді. Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының жобасын дайындау барысы, ЕАЭО шеңберінде техникалық реттеудің бірыңғай базасын жетілдіру, сондай-ақ Еуразиялық Үкіметаралық кеңестің алдағы отырысын өткізу мәселелері талқыланды.

  • Сол күні ҚР Премьер-Министрі Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты. Қатысушылар экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты, еуразиялық кеңістікте экономикалық интеграцияны дамытуға бағытталған бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.

  • 25 ақпан, жұма күні ЕҮАК отырысы кеңейтілген құрамда өтті, онда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердегі макроэкономикалық жағдай және тауарларды бақылап отыру тетігі туралы келісімнің іске асырылу барысы секілді бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды.

  • Бейсенбі күні, 24 ақпанда Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Ресей Федерациясы Үкіметінің басшысы Михаил Мишустинмен екіжақты келіссөз жүргізді. Тараптар бірқатар өзекті мәселелерді, атап айтқанда, сауда-экономикалық, транзиттік-көліктік ынтымақтастық, өнеркәсіптік және отын-энергетикалық кешен, цифрландыру, ғарыш саласы және т. б. қатысты мәселелерді талқылады.

  • Сол күні Қырғызстан Республикасының Министрлер кабинетінің Төрағасы Ақылбек Жапаровпен екіжақты кездесу өтті. Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, өнеркәсіп және отын-энергетика кешені, экология, білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселелерін талқылады.

  • Сондай-ақ ҚР Премьер-Министрі Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Роман Головченкомен екіжақты келіссөз жүргізді. Тараптар өзара сауда-экономикалық байланыстарды, өнеркәсіптік кооперацияны, агроөнеркәсіптік кешенді, құрылыс индустриясын одан әрі дамытудың бірқатар өзекті мәселелерін талқылады. 

  • Сейсенбі күні ҚР Үкіметінің кезекті отырысында үш мәселе қаралды, атап айтсақ: санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, орталық және жергілікті атқарушы органдардың 2022 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру мәселелері. Бірінші мәселені қарау барысында ҚР Премьер-Министрі эпидемиологиялық жағдайға мониторинг жасауды жалғастыруды тапсырды. Артта қалған өңірлерге халықты вакциналау және ревакциналау жұмысын бақылауды күшейту тапсырылды. Екінші мәселе бойынша жолдарды, көпірлерді, су өткізу құрылыстарын судың жоғары көлемін өткізуге дайындау бойынша шаралар қабылдау, инфрақұрылымның бұзылу қаупін уақытылы жою, сондай-ақ су тасқынына қарсы барлық іс-шараларды үйлестіру және сапалы іске асыруды қамтамасыз ету тапсырылды. Үшінші мәселені қарау барысында Ә. Смайылов «Астана-1» және «Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйелерінің сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды

  • 21 ақпан, дүйсенбі күні Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында ҚР Премьер-Министрі «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қызметін реформалау мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Реформалау аясында ҚДБ ауқымды әрі капиталды көп қажет ететін инвестициялық жобаларды қаржыландыруға көбірек бағдарланады деп жоспарланып отыр.

  • Сол күні Әлихан Смайылов электр энергетикасы саласының мәселелері бойынша кезекті кеңес өткізіп, цифрлық майнингтің заңсыз субъектілеріне қатысты батыл шаралар қабылдау бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу