16 Тамыз 2020, 09:01
2020 жылғы 10-16 тамыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары
Бейсенбі күні ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминмен кездесу өткізді. Кездесу барысында еліміздің биылғы 7 айдағы экономикалық даму қорытындылары және пандемиядан кейінгі кезеңдегі жұмыс жоспарлары талқыланды.
Сейсенбі күні ҚР Үкіметінің кезекті отырысында эпидемияға қарсы іс-шаралардың іске асырылу барысы, сондай-ақ ҚР 2020 жылғы қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды.
13 тамызда ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Мемлекеттік комиссия отырысы өтті. Отырыс барысында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралды.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу