Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №8

2022 жылғы 28 ақпан-6 наурыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 1 наурызда ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының XXІІ кезектен тыс съезі өтті. Партия Төрағасы орталық аппаратқа жұмыс тобын құрып, партияның жаңа тұғырнамасын әзірлеуді тапсырды.         
  • 2 наурызда ҚР Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қ. Тоқаевтың төрағалығымен Қарулы Күштердің басшылығымен кеңес өтті. Мемлекет басшысы қорғаныс ведомствосының басшылығына әскери қауіпсіздіктің қазіргі жағдайын ескере отырып, Қарулы Күштердің құрылымы мен құрамын жаңғырту жөнінде тапсырма берді. Сонымен қатар заманауи цифрлық тәсілдер арқылы әскери басқару жүйесін жетілдіру қажет екеніне назар аударды. 
  • 3 наурызда Мемлекет басшысының төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысы өтті. Жоғары кеңестің негізгі отырысы аясында үш мәселе қарастырылды. Олар: мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін күшейту, инвестициялық саясатты жетілдіру, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамын реформалау.
  • Сейсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайыловтың төрағалығымен өткен кезекті Үкімет отырысы барысында ҚР Үкіметі мен Ұлттық Банктің дағдарысқа қарсы бірлескен іс-қимылы туралы, Кәсіпкерлік қызметті «жаңа парақтан бастап» реттеу тәсілдерін іске асыру және әлеуметтік және еңбек салаларын цифрландыру туралы мәселелер қаралды.  Бірінші мәселе бойынша Үкімет пен Ұлттық Банктің бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асырудың негізгі бағыттары талқыланды, оның ішінде теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасы таныстырылды. Екінші мәселені қарау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы мемлекеттік органдардың бизнеске қойылатын талаптарын қысқарту мақсатында тәсілдерді сапалы іске асыруды қамтамасыз ету бойынша тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді. Үшінші мәселе бойынша Премьер-Министр Ә. Смайылов бірыңғай ақпараттық жүйені құру бойынша жұмысты аяқтауды тапсырды және цифрландыру мемлекеттік органдар жүйесін толық интеграциялау негізінде мемлекет ұсынатын барлық сервистерді қамтуы тиіс екенін атап өтті.
  • 2 наурызда ҚР Үкіметінде Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі Жедел Штаб құрылды. Жедел Штаб экономикада және бизнестегі проблемалық мәселелерді қарап, шешетін болады. Дәл осы күні Жедел Штабтың алғашқы отырысы өтті, онда көлік және логистика, контрагенттер арасындағы өзара есеп айырысу мәселелері, сондай-ақ отандық бизнестің басқа да мәселелері талқыланды.
  • Жұма күні ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Түркия Республикасының вице-президенті Ф. Октаймен келіссөз жүргізді. Сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың түрлі салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелері талқыланды.           
  • Дәл осы күні Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түркия үкіметаралық комиссиясының XII отырысы өтті. Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметаралық комиссияның хаттамасына қол қойылды.               
  • Сондай-ақ жұма күні ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов түрік бизнесінің өкілдерімен кездесу өткізіп, одан кейін Қазақстан-Түркия бизнес форумына қатысты. Шара қорытындысы бойынша сауда және инвестициялар саласында елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша бірқатар коммерциялық құжатқа қол қойылды. 
  • Сенбі күні, 5 наурызда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында қазақстандық жүк тасымалдары саласында туындап отырған логистикалық мәселелер бойынша шешімдер қабылданды. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу