Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №94

2021 жылғы 4-10 қаңтар аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 6 қаңтарда «Nur Otan» партиясының Төрағасы, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады. Кездесуде Елбасыға 2020 жылы әлеуметтік-экономикалық және санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралардың нәтижесі туралы баяндалды.

  • Жұма күні, 8 қаңтарда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин АҚШ Халықаралық даму қаржы корпорациясының (DFC) бас атқарушы директоры Адам Болермен келіссөз жүргізді. Тараптар АӨК, туризм, логистика, инфрақұрылым, сондай-ақ қаржы және технологиялар салаларындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Келіссөз қорытындысы бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ мен АҚШ Халықаралық даму қаржы корпорациясы арасында инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжат Қазақстан Республикасында $1 млрд дейінгі сомаға АХҚО платформасы арқылы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруды көздейді.

  • 10 қаңтарда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауда дауыс берді. Үкімет басшысы сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып өзінің азаматтық борышын орындауға келді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу