Премьер-Министрдің Кеңсесі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi, бақылау функцияларын және заңнамада әрi осы Кеңсе туралы ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

Кеңсенің миссиясы: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ақпараттық-талдау және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету.

 

Кеңсенiң негізгi мiндеттерi мыналар

  • Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi мен Үкiметiнің қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, құжаттамалық және өзге де қамтамасыз ету;

  • мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • мемлекеттiк органдарды ақпараттық-телекоммуникациялық қамтамасыз етудiң бiрыңғай жүйесiн, оның iшiнде ақпараттық дерекқор құру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру; 

  • Yкiмет пен Премьер-Министрдің актілерін дайындау және орындау процесінде мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру; 

  • Мемлекет басшысының актілері мен Үкiметке берiлген тапсырмаларының, Yкiмет пен Премьер-Министр шешiмдерiнің, Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Кеңсе Басшысы және оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалу мерзiмiн бақылау; 

  • Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы үшiн олар тиiстi құжаттарға қол қою не оларды келiсу туралы шешiм қабылдауы кезiнде оның нәтижелерi бойынша қорытындының ақпараттық-ұсынымдық сипаты болатын Үкiмет пен Премьер-Министрдің шешiмдерi жобаларының қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де аспектiлерiне сараптама жүргізу.

 

 

 

Этика жөніндегі уәкілетті

 

Асқар Серікжанұлы Жәкенов 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесі бойынша Этика жөніндегі уәкілетті ‒ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары

 

Байланыс ақпараты:

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел даңғылы 6, А 509 кабинет.

 
 
 
 
Кеңсенің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі

Жаңалықтар тізбегі

ҚР көлік-транзит әлеуетін арттыру 8 автомобиль транзиттік дәлізін жаңғырту арқылы қамтамасыз етіледі — Қ. Өскенбаев

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында автожол саласын дамыту мәселелері қаралды. ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев, Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов баяндама жасады.

Ауылдарды сумен жабдықтауда Алматы, Атырау, Қызылорда және Маңғыстау облыстары көш бастап тұр

Ауылдық және қалалық елді мекендерді сумен жабдықтау мәселелері Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, Қостанай, Ақмола және Алматы облыстарының әкімдері баяндама жасады.

Әрі қарай