Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi, бақылау функцияларын және заңнамада әрi осы Кеңсе туралы ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Кеңсенің миссиясы: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ақпараттық-талдау және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету.
Кеңсенiң негізгi мiндеттерi мыналар
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi мен Үкiметiнің қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, құжаттамалық және өзге де қамтамасыз ету;
мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
мемлекеттiк органдарды ақпараттық-телекоммуникациялық қамтамасыз етудiң бiрыңғай жүйесiн, оның iшiнде ақпараттық дерекқор құру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру;
Yкiмет пен Премьер-Министрдің актілерін дайындау және орындау процесінде мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру;
Мемлекет басшысының актілері мен Үкiметке берiлген тапсырмаларының, Yкiмет пен Премьер-Министр шешiмдерiнің, Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Кеңсе Басшысы және оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалу мерзiмiн бақылау;
Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы үшiн олар тиiстi құжаттарға қол қою не оларды келiсу туралы шешiм қабылдауы кезiнде оның нәтижелерi бойынша қорытындының ақпараттық-ұсынымдық сипаты болатын Үкiмет пен Премьер-Министрдің шешiмдерi жобаларының қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де аспектiлерiне сараптама жүргізу.
Этика жөніндегі уәкілетті
Асқар Серікжанұлы Жәкенов
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесі бойынша Этика жөніндегі уәкілетті ‒ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары
Байланыс ақпараты:
Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел даңғылы 6, А 509 кабинет.
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі